Get Mystery Box with random crypto!

Уақыт белдеуі Біреу институтты 22 жасында тәмамдап, үш жыл жұ | Кітаптан ал

Уақыт белдеуі
Біреу институтты 22 жасында тәмамдап, үш жыл жұмыс іздеп жүріп қалады.
Біреу 25 жасында директор болып, 50 жасында дүниеден өтеді.
Біреу 50 жасында директор болып, 90-ға дейін жасайды.
Біреу 35 келгенше бойдақ жүрсе, кейбіреу 26 жасында үйленіп, балалы-шағалы, ажырасуға дайын жүреді не тату-тәтті өмір сүреді.
Макрон 39 жасында президент атанса, ал Роберт Мугабе тек 63 жасында президент болды.
Шумахер 25 жасында чемпион болды, Нино Фарино тек 44 жаста чемпиондыққа қол жеткізді. Уоррен Баффет 56 жасында миллиардер болды. Цукерберг 23 жасында. Кайли Дженнер 21 жасында ең жас миллиардер бойжеткен болды. Біраз миллиардер азаматтар оның шаңына ілесе алмай қалды. Ирландтық сыра жасаушы Артур Гинестің 56 жасында 21 баласы болған, ал Джордж Клуни 55 жасында тұңғышын көрді.
Әр адам бұл фәниде өзіндік аламанға қатысады. Өзінің өмірлік жолын өткереді. Өзінің уақытын жұмсайды. Тағдыр әр түрлі. Мың түрлі. Уақыт та түрлі-түрлі. Әр адамның өзіндік уақыт белдеуі болатындай.
Сіздің достарыңыз сізден озып кетуі мүмкін, қалып кетуі де ықтимал. Бәрі де қалыпты. Әркімнің өзінің барар жері бар. Көреалмай, салыстырып әлек болудың қажеті жоқ. Олар өзінің уақыт белдеуінде өмір сүріп жатыр. Сіз өзіңіздің. Өмір деген сәтті мезетті күтумен өтетін ғажап қой. Сондықтан, қатты уайымдай бермей, өз сәтіңізді күтіп, алаңсыз өмір сүріңіз. Сіз жетуге тиіс жерге кешікпейсіз. Ерте жетіп алмайсыз. Бәрі өз уақытында болады.
Игорь Губерман
Аударған @shinarabelda