Get Mystery Box with random crypto!

Ерлі-зайыптылардың көбісі екібасты жылан сияқты. Екі басқа бір | Кітаптан ал

Ерлі-зайыптылардың көбісі екібасты жылан сияқты. Екі басқа бір құйрық. Иә, Алланың бұйрығы солай!.. Екі бастың біреуі айыр тілді айдаһарға, екіншісі кобраға көбірек ұқсайды. Айдаһарда айбар, кобрада cес басым. Біріншісіне жолау қиын, әрі қауіпті. Тілінің уы, тісінің суы қосылса, шаруаңыз бітті — сеспей қатасыз. Ал кобраңыз сесті болғанмен есті. Қыбын тауып басынан сипасаңыз болды – сылқ ете қалады. Әйелдің арбағыш, еркектің алданғыш келетіні осыдан.

Исраил Сапарбай "Ойтұмар"