Get Mystery Box with random crypto!

Ештеңе қызық емес… Ешқандай ой кешпеймін, Ешқайсысы түсінбейд | Кітаптан ал

Ештеңе қызық емес… Ешқандай ой кешпеймін,
Ешқайсысы түсінбейді, ешкіммен сөйлеспеймін!
Ешкімді сағынбаймын, сағынып керегі не?!
Еш кеткен сағынышым, жеткізбей дегеніме…
Ешқашан жазылмайтын жанымның жарасын-ай,
Еш нәрсе өзгермейді, бәрібір, тағы осылай…
Ешбір жан тең келмейтін, тәуелсіз Тәңірім-ай,
Еш уақта ойламаппын, болар деп бәрі бұлай…
Еш жерден табылмайтын Бақытты аңсадым ба?!
Ешқайда апармайтын жол жүріп шаршадым ба?!
Білмеймін…

Алмас Темірбай