Get Mystery Box with random crypto!

Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-тү | Кітаптан ал

Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-түзу, дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан, әлсіздер шыққан. Әділетсіздік содан туған. Шын әділет – тепе-тендік. Адамдардың бәрі тең болуы керек. Ал адамдарда ондай теңдік бар ма? Біреу семіз, біреу арық. Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта, еш заманда да болмақ емес. Қазіргі әділет, әділет деп жүргеніміз – соның жұрнағы ғана.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"