Get Mystery Box with random crypto!

Ібіліс екі жұптың арасын айырған әзәзіл шәкіртіне ең жоғары ба | Жазушы - كاتب

Ібіліс екі жұптың арасын айырған әзәзіл шәкіртіне ең жоғары баға беруі тегін емес. Бір отбасы шағын мемлекет. Осы отбасылардан ел құралады. Ендеше бір қоғамда бір шаңырақтың шайқалуы қоғамның бүлінуіне жол ашады. Сондықтан ел арасында бүгін отау құрап, күн өтпей ажырасып жүргендер Ібілістің ісін жеңілдетуге ат салысқан жандар. Аллаһ Тағала ерлі-зайыптылардың ажырасуына әсте жақсы қарамайды. Сол себепті оларға осындай кезеңдерден өту жолдарын қойған. Ал енді «некелесу де халал, талақ ету де халал» деп осы кезеңнің бәрін аттап өтіп айына бір, жылына екі рет ажырасып, үйленіп жүргендер шариғатпен ойнаған деуге әбден болады.

https://t.me/kaatib0