Get Mystery Box with random crypto!

JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ J
Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ
Арна мекенжайы: @jookzchannel
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.80K
Арнадан сипаттама

Талапкерлерге арналған канал 🧡
ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-10-12 18:01:53 11 сыныптан кейін ҰБТ тапсыру міндетті ме?

Егер 11 сыныптан соң Жоғары оқу орнына түскің келсе, міндетті түрде ҰБТ тапсыру керек.

Қандай жағдайларда ҰБТ тапсырмауға болады:

1. Егер ҰБТ-ны келесі жылы тапсыруды жөн көрсең. Мысалы, 2023 жылы мектепті тәмамдап, бір жыл жақсылап дайындалып, 2024 жылы ҰБТ тапсырғың келсе.

2. Егер шетелге оқуға түскің келсе. Себебі шетелдік университеттерге түсу үшін IELTS, TOEFL, SAT, ACT деген секілді емтихандар тапсыру керек. Бұл тізімнің ішіне ҰБТ кірмейді.

3. Егер Nazarbaev University университетіне түскің келсе. Себебі шетелдік университеттер секілді, Nazarbaev университетіне түсу үшін де IELTS, TOEFL, SAT, ACT емтихандарын тапсыру керек.

4. Егер колледжге түскің келсе. Біздің елімізде колледждер 9 сыныптан қабылдайды, яғни, сен 9 сыныптың аттестатын қолданып, колледжге 11 сыныпты бітірген соң да түсе аласың.
1.9K viewsedited  15:01
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 16:43:09 Көп жерде айтыла бермейтін МАМАНДЫҚТАР ТОПТАМАСЫ:

1. КНБ / МАМАНДЫҚТАР / JooKz





2. СТЮАРДЕССА / МАМАНДЫҚТАР / JooKz





3
. Әуе көлігі және технологиялары / JooKz



2.6K views13:43
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 19:47:10 Бірақ жасасақ, өздеріңдікін ғана жібере бермей, басқаларға да көмектесесіңдер, келістік пе?
977 viewsedited  16:47
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 19:45:54 Сұрақ:

Комментарийде оқушылар бір-біріне үй жұмысын жасауға, сұрақтардың жауабын табуға көмектесетін рубрика жасайық па?
1.0K views16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 12:28:41 Универге түсу үшін шекті балдар

11 сыныптан кейін Жоғары оқу орнына ақылы бөлімге де, грантқа да түсу үшін ең төменгі шекті балды жинау керек.

Ең төменгі шекті балдар:

1. Педагогикалық мамандықтарға - 75 балл
2. «Құқық» мамандығына - 75 балл
3. Медициналық мамандықтарға - 70 балл
4. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» салаларына - 60 балл
5. Басқа мамандықтарға - 50 балл.

Сондай-ақ, Ұлттық ЖОО-ларға - кемінде 65 балл, басқа ЖОО-ларға - кемінде 50 балл.

Ал әр 5 пәннен кемінде 5 балл болуы керек.

Жоғарыда айтылған шекті балдарды жинамай, тіпті ақылы бөлімге де түсуге болмайды. Ал грантқа шекті балдарды Joo қосымшасынан көре аласың:

https://t.me/jookzchannel
2.6K views09:28
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 09:07:40
Сенің таңдауың қандай?

Тегін оқып, шәкіртақы алып отыру немесе ақылы бөлімде оқу?
3.4K views06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 05:00:52 Қайырлы таң

Ескерту: Қиын нәрселер бар,
мүмкін емес нәрселер жоқ.
4.1K views02:00
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 16:42:13 Музыкалық топтама!

Қызық факт: сабақ оқып отырғанда таныс музыка тыңдағанның зияны бар. Себебі оның сөзі, әуені адамға бұрыннан таныс болғандықтан, назарын бөліп жіберуі мүмкін.
808 views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 11:57:30
Өз-өзіңе қамқорлық жасау түрлері:

1. Физикалық – ұйықтау, жаттығу жасау, серуендеу, пайдалы тағам, йога, тынығу
2. Эмоциялық – эмоционалды күйзелісті басқару, эмоционалды жетілу, кешірім, жанашырлық, мейірімділік
3. Рухани – жалғыз уақыт өткізу, медитация, табиғатпен байланыс, күнделік жүргізу
4. Жеке – хобби, өзіңе уақыт бөлу, сәйкестік, өзін-өзі мақтау
5. ҰБТ – 5 пәнге де бірдей уақыт бөлу, жоспар құру, қиындыққа берілмеу, армандау

P/s: 5-ші пункттан сәтті өтіп кетсең, жоғарыдағыларды жасау өміріңді түрлі-түске бояйды
1.5K views08:57
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 13:13:47 Біздің ҚОҒАМДА қателіктің құны жоғары!

Сен көру керек ТОП 3 видео

ҰБТ-дан құлаған қыздың анасына хаты




ҰБТ-ға баға қойыла ма?




Мектепте қысым көрсетсе, не істеу керек?


983 viewsedited  10:13
Ашу / Түсініктеме