Get Mystery Box with random crypto!

11 сыныптан кейін ҰБТ тапсыру міндетті ме? Егер 11 сыныптан | JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

11 сыныптан кейін ҰБТ тапсыру міндетті ме?

Егер 11 сыныптан соң Жоғары оқу орнына түскің келсе, міндетті түрде ҰБТ тапсыру керек.

Қандай жағдайларда ҰБТ тапсырмауға болады:

1. Егер ҰБТ-ны келесі жылы тапсыруды жөн көрсең. Мысалы, 2023 жылы мектепті тәмамдап, бір жыл жақсылап дайындалып, 2024 жылы ҰБТ тапсырғың келсе.

2. Егер шетелге оқуға түскің келсе. Себебі шетелдік университеттерге түсу үшін IELTS, TOEFL, SAT, ACT деген секілді емтихандар тапсыру керек. Бұл тізімнің ішіне ҰБТ кірмейді.

3. Егер Nazarbaev University университетіне түскің келсе. Себебі шетелдік университеттер секілді, Nazarbaev университетіне түсу үшін де IELTS, TOEFL, SAT, ACT емтихандарын тапсыру керек.

4. Егер колледжге түскің келсе. Біздің елімізде колледждер 9 сыныптан қабылдайды, яғни, сен 9 сыныптың аттестатын қолданып, колледжге 11 сыныпты бітірген соң да түсе аласың.