Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылдың сәуір айында Astana Hub Google for Startups (GfS) | IT bilim

2022 жылдың сәуір айында Astana Hub Google for Startups (GfS) компаниясымен серіктестік туралы келісімге қол қойып, Орталық Азия аймағындағы бірінші серіктес болды.

Astana Hub GfS бірлесіп Орталық Азиядан (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан), Әзірбайжан мен Моңғолиядан стартаптар үшін акселератордың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Биылғы жылы стартаптар үшін Product/Market Fit кезеңінде екі акселерация ағыны жоспарланған, олардың әрқайсысында Нұр-Сұлтан қаласында офлайн форматта 15-ке дейін стартап қатыса алады.

Өз кезегінде, GfS серіктестік аясында Google сарапшыларының бірегей шеберлік сабақтарына және жеке тәлімгерліктеріне қол жеткізуге, сондай-ақ өз платформасында және әлеуметтік желілерде қызықты кейстерге PR қолдау көрсетуге дайын.

Жаңалықтарды қадағалаңыз! Кешке өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз.