Get Mystery Box with random crypto!

FinTech Hackathon-ға қатысу үшін командаларды қабылдайтынымызд | IT bilim

FinTech Hackathon-ға қатысу үшін командаларды қабылдайтынымызды жариялаймыз

Хакатон - бұл командалар қысқа мерзім ішінде өнеркәсіп пен қызметтерді цифрландыру саласында жаңа жоба әзірлеуі тиісті сайыс түрі. Үздік прототиптерді жасаушылар өз жобаларын дамытуға 500 000, 300 000 және 200 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ серіктестер мен демеушілердің атынан сыйлықтарын алады.

Шақырылған трекерлердің арасында кәсіпкерлер, бизнес иелері және жетекші IT-мамандары болады.

Хакатон қалай өтеді:
Бірінші күні қатысушылар кейсті таңдайды және оны жүзеге асыру үшін үш күн жұмыс істейді.
Күнделікті жоба трекері ағымдағы прогресті бағалау үшін командалармен кездеседі. Сондай-ақ командалар техникалық сарапшылармен бірге өз идеяларын пысықтап, оларға сұрақтар қоя алады.
Соңында командалар финалдық қорғау кезінде өз нәтижелерін ұсынады.

Әр команда ұсынылған жағдайлардың бірі бойынша жоба жасауы керек:
Теңгерімнен СМС-төлем ғана бар қалаларда QR-төлем жасау
Төлем/реверс/қайтарым жүргізу үшін жеке кабинетті құра отырып, WSA-мен интеграция жасау
Чат боттар, веб-порталдар және басқа арналар арқылы карталардың жедел  алдын-ала төленген әдісін жасау қажет.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың кірістерін есепке алу, талдау және/немесе болжау сервисін жасау.

Жаңадан бастаушы және тәжірибелі IT-мамандарды, сондай-ақ IT мамандықтарында оқып жүрген студенттерді қатысуға шақырамыз! Өтінімді сипаттамадағы сілтеме арқылы өтіп қалдыруға болады.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
 
Қашан: 24-26 маусым
Өткізілетін орны:
Қарағанды қаласы
"Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12