Get Mystery Box with random crypto!

Адами ресурс өте құнды, ал оның ішінде әрдайым ізденісте, қозғ | IT bilim

Адами ресурс өте құнды, ал оның ішінде әрдайым ізденісте, қозғалыста болған жөн. Біліміңді жетілдіріп, жаңа трендтерді үйреніп, біліп отыру керек.

Қарапайым бір мысал, менің стартап компаниямның басшысы жасы 65-тен асқан зейнеткер. Солай болса да ол  бір жерде қозғалыссыз отырмайды. Әрдайым ізденісті, жаңа нәрсені көріп, біліп жүреді. Соған таң қаласың, біздің елде 50-60-тан асса болды, өздерін үйде отыру керек, қартайып қалған қарт кісі ретінде сезінеді. Ал мұнда өмір енді басталғандай екінші тынысы ашылып, жаңа компания құрып, жаңа бағыттармен жүре бастайды. Сол үшін өзімнің қазақ бауырларыма, замандастарыма айтарым нені қолға алсаңыз да ешқашан кеш емес. Көріңіз, біліңіз, не болмаса жастарға өз білгендеріңізді үйретіңіздер.

Тағы бір айтарым - қай дамыған ел болмасын бір рет болсын сонда болуға тырысыңыз.  Себебі шетелде жүргенде ғана таным көкжиегің артып, көзің ашыла бастайды. Басқа жердегі өмірді көргенде өз еліңмен салыстырмай, сын көзбен қарамай тұра алмайсың.  

Толығырақ https://malim.kz/article/society/koreyada-turatyn-qazaq-munda-eskim-zetiskennen-kelmeidi-18419