Get Mystery Box with random crypto!

Ертең Қадір түні деп, мешітке бармақшы әпке-қарындастарымызға | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Ертең Қадір түні деп, мешітке бармақшы әпке-қарындастарымызға насихат айтуды жөн көріп отырмыз.

Мұсылмандардың анасы Аиша анамыз (Алла оған разы болсын):

 

لو أن رسول الله صلى الله عليه وسلم رأى ما أحدث النساء لمنعهن المسجد كما منعت نساء بني إسرائيل رواه البخاري ومسلم

«Егер де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдердің қазіргі халін көргенде, бану Исраильдің әйелдеріне тыйым салынғандығы секілді, барша әйелдерге мешітке баруға тыйым салар еді» (Әл-Бұхари мен Муслим).
 

Аиша анамыздың (Алла оған разы болсын) заманында-ақ сондай азғындық орын алған болса, бірде-бір әйел бөгде адамдардың назарынан қорғалмаған, ал, Алланың әміріне бойсұынып, бүркенген иманды әйелге дінсіздер мен нағыз күнәһарлар ерекше қызығушылық танытып жатқан қазіргі заман жайлы айтпасақ та болады!

Мүфти Әбу Әли Әл-Ханафи حفظه الله