Get Mystery Box with random crypto!

Сүннетке ерудегі ұстамдылық Сұрақ: Сүннетке еруде ұстамдылық | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Сүннетке ерудегі ұстамдылық

Сұрақ:
Сүннетке еруде ұстамдылық таныту керек деген хадис бар ма ?

Жауап:
Былай деп айтылған сөз бар:

الاقتصاد في السنة أحسن من الاجتهاد في البدعة

«Сүннетте ұстамдылық таныту, бидғатта ынта танутудан жақсырақ».

Имам Хаким бұны Пайғамбардың ﷺ сөзі емес, Сахаба Абдулла ибн Масғудтың (оған Алла разы болсын) сөзі ретінде келтіреді. Бұны дәл осындай сөз ретінде келтіруге болады (яғни Алла Елшісінің ﷺ сөзі емес, сахабаның сөзі ретінде)

Әлләма Захаби бұл хабардың иснадын сенімді деді
( әл-Хаким "Мустадрак" 1/103, әл-Байхақи «Сунан әл-Кубра», 4360).

Ал Алла Тағала жақсырақ біледі.

Сухаил Мотала
Тексеріп мақұлдаған: Муфти Мұхаммед Абасумар
hadithanswers.com

Дереккөз: azan.kz
Аударған: Ислам діні Қазақстанда