Get Mystery Box with random crypto!

Жалтақтаудың зияндығы жайында Пайғамбар, оған Алланың игілігі | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Жалтақтаудың зияндығы жайында

Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтады:

«Кімде-кім, сахарада өмір сүрген болса — қатыгез болады, ал кімде-кім жабайы құсты аңдыған болса — бейқамдық білдірген болады. Ал басшы есігінің алдына келгені, арбауға ұшырағаны. Әлдебіреу басшыға қаншалықты жақындаған сайын — Алладан соншалық алыстайды».
[Қр. Ахмад Ибн Ханбал жеткізді 2/371, 440; Ибн Ади 1/318.]

Ибрахим ибн Адхам, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан: «Қай басшы әділ болмаса, ол және ұры — бірдей. Қай ғұлама тақуалы болмаса, ол және қасқыр — бірдей. Және кімде-кім Алладан басқа өзгеге бас ұрса, ол және ит — бірдей».
[Қр. Әз-Захаби, «Әс-Сияр» 7/394, Ибн Касир, «әл-Бидая уә-н-нихая» 10/142.]

Имам Ибн Қудама, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан: «Мәңгілік өмірге ұмтылған ғұламалар сипаттарының бірі — басшыларға жоламау және олармен қарым-қатынас құрудан қашу». Хузейфа, оған Алла разы болсын: «Арбауға ұшырайтын жерлерден сақтаныңдар». Одан: «Ол қандай жерлер?» — деп сұрады. Оның жауабы: «Басшылардың есік алды. Сендердің біреулерің басшыға келіп, оны жалғанға куәләндіріп, болмағанды айтуларың мүмкін».
[Қр.: Ибн Қудама, «Мұхтасар Минхәдж әл-қасидин» 25.]

Әл-Мәррузи, оған Алланың рақымы болсын, былай деп жеткізді: «Бірде Исхақ ибн Ханбал былай деп айтады, Ахмадтан басшыларға кіру жайында, оның рұқсат етілгеніне Исхақ ибн Рахауәйханың әрекетіне сүйене отырып сұрады. Имам Ахмад бұған былай деп жауап қайтарған: «Мен оның әрекетіне разы болмай тұрғанда, сен маған Исхақтың әрекетін келтірмекшісің бе?!»
[Қр. Әл-Мәррузи, «Табақат әл-Ханабилә» 1/299.]

Имам Ибн Муфлиқ, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан: «Имам Ахмад ешқашан халифалардың, басшылар және әмірлердің алдына барып көрген емес. Ол тіпті оларға жазуға да рұқсат етпеді, әсіресе өзінің жақтастарына қатаң түрде тыйым салатын, бұл жайында одан бір топ адам жеткізді. Және оның бұл туралы сөздері белгілі».

Муханнә айтады: «Мен Ахмадтан, Ибрахим ибн әл-Харауи туралы сұрадым», ол имам Ахмад: «Лас адам» — деп, жауап берді. Мен: «Сөздеріңіздің себебі не?!» — деп, сұрадым. Ол: «Кім басшылармен және қазылармен араласса, онда ол лас адам болып табылады». Және бұл пікір, саләф-солих жамағаттарының арасында болатын. Олардың осы жайындағы сөздері белгілі болып табылады, және олардың арасында — Сувейд ибн Ғафәлә, Тавус, ән-Нәхаи, Әбу Хазим әл-Арадж, әс-Саури, әл-Фудайл ибн Ийяд, Ибн әл-Мүбәрак, Дауд әт-Таи, Абдуллах ибн Идрис, Бишр ибн әл-Харис әл-Хафи және т.б.».
[Қр. «әл-Әдаб әш-Шариә», 3/458.]

Хафиз Ибн Абдул Барр, оған Алланың рақымы болсын, мұсылман басшыларына кіруге рұқсат ететін және тыйым салған хадистерді жинақтай отырып, былай деп айтқан: «Басшыларға кіруге тыйым салатын хадистер де — әділетсіз және бұзық басшылар жайында айтылып тұр. Ал әділ басшыларға келетін болсақ, онда оларға игі істерде және оларға игі істерде көмек беру, бұл амалдардың жақсысы болып табылады. Сен білмеп пе едің, Омар ибн Абдул-Әзизді, ең жақсы ғұламалар қоршап жүретінін?!».
[Қр. Ибн `Абдул Барр, «Джамиул-баянул илм», 1/227.]