Get Mystery Box with random crypto!

Имам әл-Матуриди мен Имам әл-Әшғари жайлы ғажайып дерек. Има | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Имам әл-Матуриди мен Имам әл-Әшғари жайлы ғажайып дерек.

Имам Әшғари өмір сүрген уақытта халифаттың басқа бөлігінде тағы бір ұлы имам болыпты. Осы екі имамның замандас болуы таңқаларлық.

Имам Әбу Мансұр әл-Матуриди хиджра жыл санағы бойынша 333 жылда дүниеден өтті. Осы екі имам бір-бірімен ешқашан кездеспеген және де бірін-бірі жайлы білмеген, бұған қарамастан олардың ақидалары бірдей болған. Кейін олардың шәкірттері және шәкірттерінің шәкірттері кездесіп ақидаға байланысты мәселерін салыстырған кезде бұл бір мәзһаб деген қорытындыға келіпті.

Әбу Мансұр Матуридині Имам Ағзам Әбу Ханифаның жолында дейді, себебі ол өзінің мәзһабының негізіне өзіне дейін жеткен Әбу Ханифаның кітаптарын алған. Дәл солай Имам Әшғари өзінің мәзһабының негізіне Имам Шафиидің кітаптарын салды. Сонымен, Имам Матуриди - ханафи, ал Имам Әшғари - шафиғи мәзһабында болыпты.

Ең басынан әшғари мен матуридилер - ол бір топ, бір мәзһаб. Бұның барлығы Әхли-әс-Сүнна Уәл-Джама'аның ұлы ғұламалары.

[Шейх Сайд Фуда хафизаһуЛлаһ]