Get Mystery Box with random crypto!

Информатика каналы

Telegram арнасының логотипі informatika_olimp — Информатика каналы И
Telegram арнасының логотипі informatika_olimp — Информатика каналы
Арна мекенжайы: @informatika_olimp
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.27K
Арнадан сипаттама

Информатикадан бағдарламалау есептері, олимпиада тапсырмалары. Есептер python, с , pascal тілінде шығарылады. Админмен байланысу үшін @domaqov.
Чат: https://t.me/IK_chat

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-05-10 13:04:23 ​​ШҚО-ЛЫҚ МҰҒАЛІМНІҢ ЖОБАСЫ АРАСЫНДА АУЫЛДАРДА ЕКІ МЫҢ БАЛА ТЕГІН АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ
 
Біржан Әуезов – жаңа буын педагогтерінің өкілі. Жас ұстаз университетті тәмамдағаннан кейін бірден Шығыс Қазақстан облысындағы лицейлердің біріне жұмысқа орналасады.

Ол белсенді оқушыларымен бірге «Talimger» және IT-club ерікті жобаларын қолға алды. Осының арқасында еліміздің әр өңірінен 2 мың бала ағылшын тілі мен бағдарламалау бойынша тегін курстардан өтуге мүмкіндік алды.

«Лицейге жұмысқа орналаса салысымен шәкірттеріме серіктес ретінде қарай бастадым. Оқушылармен бірге бірнеше олимпиадалар мен жарыстардан өткеннен кейін, «олар да ауылда тұратын балалармен өз білімдерін бөлісе алады» деген шешімге келдік. Алайда, кейінірек бұл жоба қала оқушыларының арасында да танымал болды. Бүгінгі таңда жоба тәуелсіз жұмыс істеп келеді. Мен тек жұмыс уақытында аяқталуы үшін оқушылардың іс-әрекетін қадағалаймын және жобаны одан әрі дамытуға кеңес беремін. Бүгінге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық бала ағылшын тілі, математика және бағдарламалау бойынша қысқа мерзімді тегін online/offline курстарынан өтті.  Оқушылардың көпшілігі 7-11 сынып оқушылары. IT-club-қа келетін болсақ, бүгінгі таңда бірінші топ үш айға созылған Python тегін курстарын аяқтады», - дейді Біржан Әуезов.

Жобаның құрамында кеңесші ретінде 60-қа жуық бала тіркелген. Олардың барлығы облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған 10-11 сынып оқушылары. Бұл жобамен оқушылар тек сабақтан бос уақытында ғана айналысады.

Айта кетейік, Біржан Әуезовтің әкесі темір ұстасы, ал анасы мектепте тәртиеші. Бала кезінен ата-анасы оның бойына оқу мен білімге деген сүйіспеншілікті дарытты. Педагог білім саласында 5 жыл еңбек етіп келеді. Дегенмен жастығына қарамастан, ұстаз ағылшын тілінен 8-сыныпқа арналған «Алгебра» оқулығының бірлескен авторы. Биылдың өзінде ұстаздың 9 шәкірті әлемнің 100 үздік университетінің қатарына кіретін жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Бұл - оның еңбегінің нәтижесі.

Біржан Әуезов қала оқушылары арасында алғашқы хакатонды өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті.
120 viewsЕржан Домақов, 10:04
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 13:04:23 Білімді жастар көбейе берсін
127 viewsЕржан Домақов, 10:04
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 09:07:14
Жоғарыдағы код нәтижесі
Anonymous Quiz
19%
55
26%
25
37%
20
4%
45
15%
0
81 voters288 viewsЕржан Домақов, 06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 09:06:35
291 viewsЕржан Домақов, 06:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 08:49:27
мәліметтерді оқып аламыз
n,m=map(int,input().split())
obj=[]
for i in range(n):
obj.append(input())

#кіші және үлкен әріптер үшін тізімдер құрамыз
#бір тізімге алсақ сұрыптау қиындау болып кетеді
chLow=[]; chUp=[]
input()
#егер объектілер жылжыған болса оларды сәйкес тізімге қосамыз
for i in range(n):
s=input()
for j in range(m):
if obj[i][j]!=s[j] and s[j]!='.':
if s[j].isupper(): #isupper()- үлкен әріппе тексереді
chUp.append(s[j])
else:
chLow.append(s[j])

# объектілер санын шығарымыз
print(len(chUp)+len(chLow))
# жылжыған объектілерді cұрыптап шығарамыз
chUp.sort()
chLow.sort()
print(*chLow,*chUp,sep="",end="")
322 viewsИнформатика каналы, 05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-05-08 17:07:24

127 viewsЕржан Домақов, edited  14:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-08 17:06:22

142 viewsЕржан Домақов, 14:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 18:11:17 Үшінші орынға талас жүріп жатыр
286 viewsЕржан Домақов, 15:11
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 17:37:19
sungatsson22@gmail.com
319 viewsЕржан Домақов, 14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 17:03:05
Контестке 1 сағат уақыт қалды
қосылыңыздар https://contest.yandex.ru/contest/37796
405 viewsЕржан Домақов, 14:03
Ашу / Түсініктеме