Get Mystery Box with random crypto!

Информатика каналы

Telegram арнасының логотипі informatika_olimp — Информатика каналы И
Telegram арнасының логотипі informatika_olimp — Информатика каналы
Арна мекенжайы: @informatika_olimp
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.27K
Арнадан сипаттама

Информатикадан бағдарламалау есептері, олимпиада тапсырмалары. Есептер python, с , pascal тілінде шығарылады. Админмен байланысу үшін @domaqov.
Чат: https://t.me/IK_chat

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-08-12 19:22:22
Сонымен жұма күнгі қазақша 5-ші контестіміз де өз мәресіне жетіп, нәтижелері жоғарғыдай болды.

Бұл жолы толық 5-есепті шығарған 6-абсолютті чемпиондарымыз да бар! Құттықтаймыз!

Енді алда, келесі аптада 6-шы контестіміз де болатынын хабарлаймыз.
1.3K viewsYergali, 16:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-12 11:21:29 Бүгін жұма!

Ал, әр жұма сайын бізде IOI форматындағы кезекті контест болады!

Басталу уақыты:
19:00 (Алматы уақытымен)
Ұзақтығы 3-сағат.
Codeforces платформасында болады.

Ұйымдастырушылар:
Ерғали ағай мен Едіге ағай.

5-ші контестте қазақша болады, мына сілтеме арқылы тіркеліп, қатыса аласыздар:

https://codeforces.com/contestInvitation/235c5ec64e86009b7e8c2fae7a096abbb036d625
1.2K viewsYergali, 08:21
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 13:41:55 МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

2022-2023 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Дайын сертификаттарды талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтынан жүктей алады.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Яғни өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Бір гранттық орынға ең үлкен конкурсболашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында болды.

Грантқа үміткерлер арасында балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болатын 20 мың талапкер, олардың ішінде «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Естеріңізге сала кетейік, биыл әлеуметтік осал санаттағы балаларға бөлінген грант саны артты. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер грант алуда басымдыққа ие болды.Сондай-ақ ауылдан шыққан жастар үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ жастарына квота қарастырылған.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegram каналында және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланды.
1.5K viewsЕржан Домақов, 10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 12:37:21 БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
10 ТАМЫЗДА ЖАРИЯЛАНАДЫ


Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады.


Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады.


Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ, ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген.


Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді. Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды.


Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegram каналында және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады.
1.5K viewsЕржан Домақов, 09:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 19:29:58
Сонымен, 3-сағатқа созылған
IOI форматындағы 4-ші жарысымыз да аяқталып, толық 5-есепті де шығарған 2-абсолютті чемпиондарымыз анықталды.

Олар Айдос пен Оразбек. Құттықтаймыз!

Толық нәтиже мына сілтеме де,
ал виртуальды қатысу үшін мына сілтемеге басып кіре аласыздар.

PS. Енді алда, келесі жұма 5-ші жарысымызға да қатысуды ұмытпаймыз.
1.4K viewsYergali, 16:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 12:44:36
IOI форматындағы кезекті 4-ші контест

Бүгін кешкі сағат Алматы уақытымен 19:00-де басталып, ұзақтығы 3-сағат болады.

Контест барлығына ашық, және Codeforces платформасында қазақ тілінде жасалған.

Өте қызықты, әрі сіздерге ұнайды деп ойлаймыз.

Тіркеліп контестке қатысу үшін:
https://codeforces.com/contestInvitation/c3fcf45363249bd22c86d059ed3a5ca2940f386a
1.2K viewsYergali, 09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 15:56:18
Bugingi kontest takyryptary.

PS. 19:00de bastalady tirkelu jurude
130 viewsYergali, 12:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:56:11 Жүктеп алу үшін сілтеме:
“Arman PV” baspa okulyktary 6-11 synyptar
272 viewsYergali, 05:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 05:51:23 Жүктеп алу үшін сілтеме:
AlmatyKitap" baspa okulyktary 6-11 synyptar (2019-2022)
311 viewsYergali, 02:51
Ашу / Түсініктеме