Get Mystery Box with random crypto!

Информатика каналы

Telegram арнасының логотипі informatika_olimp — Информатика каналы И
Telegram арнасының логотипі informatika_olimp — Информатика каналы
Арна мекенжайы: @informatika_olimp
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.27K
Арнадан сипаттама

Информатикадан бағдарламалау есептері, олимпиада тапсырмалары. Есептер python, с , pascal тілінде шығарылады. Админмен байланысу үшін @domaqov.
Чат: https://t.me/IK_chat

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-04-24 07:00:08 Барлықтарыңызға сәлем!

Қазақта “бұлақ көрсең, көзін аш” деген даналы сөз бар!

Сол үшін қазақтың дарынды жастарын іздеп, оларды жетілдіруге көмек беретін, жаңа бір жоба бастағалы жатырмын!

Негізгі бағыт информатикаға, не программалауға қызығушылығы бар оқушыларды жинап, оларға әрдайым менторлық жасап отырамын.

Барлығы тегін, және олармен өзім әрдайым хабарласып, тіке сабақ беріп отырамын.

Негізгі шарт 6-сыныптан жоғары қазақтың мектеп оқушысы болу керек, өзін таныстыратын 2-3 минуттық видео болсын, тіпті мен ол таныстыруларды Үздік Білімнің әлеуметтік желілерге жүктеп қоямын, сіздер де біздер де бақылап жүретін боламыз.

Ал ол оқушылардан менің өтінішім де бар болады, менен тікелей алған білімді, өзінің кем дегенде 3-шәкіртіне жеткізу, сол маған берген рахметі болады!

Сонымен жоба қалай? Ұнады ма? Қатысуға ниеттісіздер ме? Онда іске сәт!

Жоба атын “Үздіктер” дейік!

Таныстыру видеода:
1) Аты жөні, туған жері, ауыл, қала, ауданы, отбасы жағдайы, мектебі, сыныбы
2) 3 жақсы, 3 жаман жағы (шындыққа жанасу керек, кейін өтірігі шығып қалса, ұят болып қалар)
3) Неге жобаға қатысқысы келіп жатқаны (міндетті түрде өз еркі болсын, ата-ана, мұғалімдер қинамаңыздар!), өзі түсініп келсін.
4) жалпы алға қойған арманы мақсаты (мейлі ол бала арманы болсын, басқаларға күлкі болам деп қорықпасын)

Жалпы іріктеу болады!
Яғни қатысуға ниет еткен оқушыға 1-айда 100-150 есеп шығарып, яғни өзін лайықты екенін көрсетіп, (ал ол есептердің барлығы да талдалған, түсіндірілген болады), кейін мен сол шығарған есептердің негізінде 3-4 есеп беремін, егер одан өтсе онда менің алда болатын бүкіл курстарға тегін қатысудан бөлек, әр апта сайын жүздесіп, олимпиадалық есептер мен жаңа ИТ білімдерді өтіп отырамыз.

PS. “Үздіктер” жобасы аясында оқушылардан тек қана олимпиадчиктерді дайындау ғана емес, олармен бірге жақсы-жақсы ғылыми жобаларды, не әлеуметтік пайдалы жобаларды жүзеге асыру))

PSS. Жақын арада осыған сәйкес видео жүктеймін, сонда толық түсіндіретін боламын.
77 viewsYergali B, 04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 07:27:18 Жауабы - 10
цикл ішінде біз санды цифрларға бөліп, оны s айнымалысына қосамыз. 1+2+3+4=10
43 viewsЕржан Домақов, 04:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:09:27
Жоғарыдағы код нәтижесі?
Anonymous Quiz
18%
20
35%
10
35%
1234
0%
s
12%
0
17 voters60 viewsЕржан Домақов, 10:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:09:04
Код орындалу нәтижесінде не шығады?
62 viewsЕржан Домақов, 10:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 12:53:47
#python
a,b=input().split()
#егер екі сөздің ұзындықтары сәйкес келмесе бірден 'NO'
if len(a)!=len(b):
print('NO')
exit()

#әйтпесе бірінші жолдағы әрбір әріпті тексереміз
#егер ол екінші жолда жоқ болса немесе орындары сәйкес келіп қалса 'NO'
for i,c in enumerate(a):
if c==b[i] or c not in b:
print('NO')
exit()
#әйтпесе 'YES'
print('YES')

# enumerate функциясы жолдағы символды және оның позициясын алуға мүмкіндік береді
111 viewsИнформатика каналы, 09:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 08:08:47
Келесі есеп - Анаграмма-2 .
Күрделілігі - 28%
Бағыты- Жолды өңдеу
2.8K viewsЕржан Домақов, 05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 07:01:01
import math
n,m,k=map(int,input().split())
#
#егер ересек адамдар саны 2-аз болса және
#автобус саны 3-тен кем болса онда барлық баланы отырғызу
#мүмкін емес сондықтан 0 шығарамыз
if m<2 or k<3:
print(0)
exit()

#әйтпесе балаларға қанша автобус керек екенін есептейміз
avt = math.ceil(n / (k - 2));
#егер әр автобусқа 2 ересек адамнан отырғызу мүмкін болмаса 0 шығарамыз
if (avt>m//2):
print(0)әйтпесе
exit()
#әйтпесе қанша автобус керек екенін есептеп шығарамыз
s=math.ceil((n+m)/k)
print(s)

# math.ceil функциясы жоғары жаққа қарай жуықтайды
498 viewsИнформатика каналы, 04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 18:52:54

575 viewsYergali B, 15:52
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 15:00:44

895 viewsYergali B, 12:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 05:42:40 Барлықтарыңызға сәлем!

Өткен ҰБТ/ЕНТ информатика дайындық курсының екі сабағы да жексенбі күндері болған еді. Мүмкін сол өзгертпей, үйреншікті жексенбі күнімен жалғастыра берейік.

Бұйыртса 3-ші сабағымыз “Логикалық амалдар” жайында болмақ, яғни and, or, not, xor, конъюнкция, дизъюнкция, инверсия, имплекация, эквиваленция, секілді ауырлау терминдерді қозғап, шынайылық кестесін толтыратын боламыз.

3-ші сабақ:
Жексенбі (17/04/2022), кешкі сағат 18:00 (Алматы), 17:00 (Ақтау) “Үздік Білім” YouTube арнасында LIVE арқылы болады.

Telegram: https://t.me/Uzdik_BILIM
YouTube: https://youtube.com/uzdik
990 viewsYergali B, 02:42
Ашу / Түсініктеме