Get Mystery Box with random crypto!

Информатика каналы

Telegram арнасының логотипі informatika_olimp — Информатика каналы И
Telegram арнасының логотипі informatika_olimp — Информатика каналы
Арна мекенжайы: @informatika_olimp
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.27K
Арнадан сипаттама

Информатикадан бағдарламалау есептері, олимпиада тапсырмалары. Есептер python, с , pascal тілінде шығарылады. Админмен байланысу үшін @domaqov.
Чат: https://t.me/IK_chat

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-06-24 07:02:16
Қазақша IT контентті дамытуға үлес қосқыңыз келіп, бірақ неден бастауды білмей жүрсеңіз, онда бұл вебинар сіз үшін!

"Үздік Білім" ютуб арнасының жетекшісі Ерғали мырза өзінің тәжірибесімен бөліседі. Ютуб арна бойынша пайдалы кеңестерімен қатар сәтті шыққан жобалары жайлы айтады. Вебинар соңында көкейіңізде жүрген сұрақтарды қоя аласыз.

Бұл вебинардың пайдасы тиер деген жақындарыңызбен бөлісіп қойыңыз!

Егер вебинарға қатыса алмасаңыз, кейін видеожазбаны "IT Bilim" ютуб арнасынан көре аласыз.

@it_bilimkz
@uzdik_bilim
216 viewsYedige Radolda, 04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 11:44:03
Көп сұратылған “Алгоритмдер” python курсымызды келесі айдан бастап жоспарлап жатырмыз.

КУРСТЫ ӨТКІЗЕТІН ҰСТАЗДАР:
- Ерғали ағай ("Үздік Білім" каналы)
- Едіге ағай ("IT Білім" каналы)

ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ:
- Шілде мен Тамыз;
- Аптасына 2-рет (вторник-сейсенбі, пятница-жұма) зум арқылы кешкі уақытта болады;
- Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат;
- Жалпы курста 16-18 сабақ болады деп жоспарлануда.

КУРС БАҒАСЫ:
- Айына 20’000 теңге (сонда жалпы 2-ай үшін - 40’000 теңге).

КУРС ПЛАТФОРМАСЫ РЕТІНДЕ:
- Олимпиадалық есептері жинағы бар - acmp.ru сайты қолданылады.
- Әсіресе, оның ішіндегі олимпиада есептеріне арналған платформа курсымен өтеміз:
(Курсы => Решение олимпиадных задач).

АЛҒАШҚЫ 2-САБАҚ - ТЕГІН!!!
- 1-ші сабақ: Шілде 1-не (жұма) кешкі сағат 17-30 (Алматы), 16:30 (батыс) уақытымен ZOOM арқылы болады.

ТІРКЕЛУ ҮШІН: tiny.cc/algo_kurs
183 viewsYedige Radolda, 08:44
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 13:14:37 ​​ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин Apple компаниясының Swift бағдарламалау тілі бойынша сертификатталған оқытушысы атанды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогі Қуаныш Мағауин Apple курстарынан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырды және ол қазақстандық мұғалімдер арасында алғаш болып сертификат алды. Қуаныш Германия, Ирландия, БАӘ, Мысыр, Үндістан және басқа да елдердің педагогтерімен бірге оқыды. Оқытушыларға арналған «Apple Certified Trainer» курстарын Apple компаниясы жыл сайын өткізеді.

Енді информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин әлемнің үздік әзірлеушілері білім саласындағы жаңа жобаларын таныстыратын Apple Education эксклюзивті іс-шараларына қатыса алады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда IT-индустрия, соның ішінде білім беру саласында да қарқынды дамып келеді. Біз электронды оқулықтар мен күнделіктер қолданатын, сондай-ақ емтихандар мен олимпиадаларды онлайн форматта өткізетін санаулы елдердің қатарындамыз. Apple курстарында Swift бағдарламалау тілі арқылы мобильді қосымшаларды әзірлеудің негіздерін үйрендік. Тәлімгерлер дәрісті ағылшын тілінде өткізді. Менің тобымда негізінен қосымшаларды әзірлеуде мол тәжірибесі бар IT-мамандар оқыды. Ал мен топтағы жалғыз мұғалім болдым. Барлық емтиханды тапсырып, Apple оқытушысы мәртебесін алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта мектепте оқушыларға арналған мобильді қосымшалар әзірлеу бойынша курстар өткізіп, әріптестеріммен алған тәжірибеммен бөлісуді жоспарлап отырмын», – дейді информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин.

Педагог Қуаныш Мағауиннің арқасында Apple Authorized Training Center for Education (AATCE) мәртебесі өзі жұмыс істейтін мектепке де автоматты түрде берілді. Енді Қуаныш Мағауин жұмыс істейтін елордадағы Республикалық физика-математика мектебі Swift қосымшасын жасау бойынша курстар өткізіп, оқушылардсертификаттап, оқу орнында Apple classroom зертханасын аша алады.
220 viewsЕржан Домақов, 10:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 06:26:53
20-25
Ақтөбе
314 viewsЕржан Домақов, 03:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 10:23:46



Онлайн семинар жазбасы.
222 viewsЕржан Домақов, 07:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 15:40:11
Ертең. Астана уақытымен 11:00
284 viewsЕржан Домақов, 12:40
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 19:32:32 IT Bilim Webinar

"IT-да қалай даму керек"

Google қызметкері Аталықпен өткен вебинарды ютуб арнамызға жүктеп қойдық.
Cілтеме:



Көкейде жүрген сұрақтарыңыз болып вебинарға қатыса алмай қалған болсаңыз, өкінудің қажеті жоқ. Аталық мырза біздің екі телеграм чатымызда бар. Сұрақтарыңызды сол чаттарда қоя берсеңіздер болады.

https://t.me/it_bilim_chat - жалпы IT бойынша.
https://t.me/leetcode_kz - алгоритм тақырып/есептер бойынша.

Және де гуглға жұмысқа тапсырушылар болса Аталық мырзаның көмегіне жүгінсе болады. Егер білім мен тәжірибеңіз Гуглдағы вакансияларға сай келіп жатса, сізді жұмысқа ұсынып интервью процесстерінде көмегін бере алады (резюмеден бастап кодинг интерьюге дейін).

IT-ға қызығушылық танытқан туыстарыңыз, достарыңыз және таныстарыңыз болса, осы вебинармен бөлісіңіз!

@it_bilimkz
@it_bilim_code
111 viewsYedige Radolda, 16:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 19:16:30
Google-да бағдарламашы, "Dynamic Programming Patterns" атты мақаласы LeetCode-тың 2019 жылғы үздік мақаласы атанған, Leetcode гуру, "Dynamic Programming Guide" кітабының авторы Аталықтың IT туралы айтары бар.

IT-да қалай даму керек туралы онлайн кездесу ұйымдастырып, білгенімен бөліспекші.

Уақыты: 03.06.2022 (жұма күні), сағат 20:30, Астана уақыты.
Өтетін орны: сілметені ертең @it_bilimkz арнасында жариялаймыз.
132 viewsYedige Radolda, 16:16
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 12:36:19

I = input
I()
a = sorted(map(int,I().split()))
print(*a[::2],*a[1::2][::-1])
#есепті шығарған Админдер
123 viewsИнформатика каналы, 09:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 09:48:43 Junior iOS-әзірлеушілерге арналған Kolesa Academy ақылы тағылымдамасына қабылдау ашылды!

2 ай ішінде тағылымгерлер Қазақстан мен Өзбекстандағы 12,5 миллион адам пайдаланатын өнімдердің нақты, жүзеге асатын тапсырмаларымен жұмыс істейтін болады.

Қашан:
• Академияның басталуы — 13 маусым;
• Қатысуға берілген өтінімдерді қабылдау — 5 маусымға дейін.

Шарттары:
• 2 апта оқу + 2 ай ақылы тағылымдама – айына 150 000 теңге;
• формат — офлайн, Алматыдағы Kolesa Group кеңсеcінде;
• кесте 5/2, 9:00 — 18:00;
• тағылымдамадан өту кезеңінде сізге жеке ноутбук қажет;
• егер сіз басқа қаладан болсаңыз, пәтер ақысын төлейміз;
• үздіктерге — offer және мықты #kolesateam командасында жұмыс.

Тағылымгерлерді алып жүретін, оларға көмектесетін менторлар болады — мобилді әзірлеу саласындағы сарапшылар.

P.S. Тағылымдама орыс тілінде болады. Бірақ компанияда қазақша сөйлейтін әзірлеушілер, мамандар көп. Сондықтан сіз Kolesa Group-та өзіңізді бөтен болып сезінбейсіз де, бөтен болмайсыз да.

Осы сілтеме арқылы қатысу шарттарымен танысып, өтінім беруге болады.
187 viewsYergali B, 06:48
Ашу / Түсініктеме