Get Mystery Box with random crypto!

Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми) Е
Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
Арна мекенжайы: @ermekustaz
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 751
Арнадан сипаттама

Пайдалы кеңестер

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-06-10 15:33:20
104 views12:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 21:25:48 Білім алу - Алланың ризығы. Кім білім алуды, кітап оқуды тоқтатса, ілім жолындағы дәм-тұзы таусылады. Демек өлі адамнан айырмашылығы жоқ...

#onlineofflineойларым
#syrymshakizada
53 views18:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 19:47:40 "من أراد الدنيا فليتجر، ومن أراد الآخرة فليتزهد، ومن أراد كليهما فليتعلم"
"Кім дүниені қаласа сауда жасасын, кім ақыретті қаласа заһид болсын. Ал әрі дүниені әрі ақыретті қаласа ілім үйренсін."
92 views16:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 01:29:46 *«Біз Құран Кәрімді жаттауда қиналдық, сондай-ақ оған амал ету қиын болған жоқ. Оны (Құранды) оңай жаттайтын, бірақ оған амал етуі өте қиын бір ұрпақ келуінен қорқамын»*

_Сахаба Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын)_
161 views22:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 22:34:25 Жапон жігіттің әңгімесі

Күн өткен сайын жапондықтардың өз дініне деген бейімділігі әлсірей түсуде. Отандастарым бірте-бірте тумысына жат батыстық өмір салтына қарай бейімделіп бара жатыр. Мұндай өмір адамды діннен алыстатады және оны робот күйіне салып қояды. Сөйтіп адамдардың рухани кеңістігінде хаос пайда болды. Мен мұндай өмірге төзбедім. Бірақ нұқсанның, яғни, рухани бостықтың себебін біле алмай қиналатынмын.

Сөйтіп жүріп, Токиоға уақытша келген бір мұсылманға кездесіп қалдым. Оның дін жөніндегі сөздері және ғибадат етуі мені таң қалдырды. Оған өзімді қызықтырып жүрген сұрақтарды қояа бастадым. Жауаптарын есіткен сайын көңіл-күйім көтеріліп, рухымдағы бос кеңістік тола бастады. Ол жалғыз Жаратушының бар екендігін және Ол адамдарға дүние және ақырет бақытына жету үшін не істеулері керектігін үйреткені, өзі де Оның әмірлеріне бойсұнып жасайтынын айтып берді.

Бұл сөздер маған соншалық әсер етті, мен оған Ислам дінін қабыл етуді қалағанымды білдірдім. Осы кісі себепші болып мұсылман болдым. Мұсылман болғанымнан соң Жаратқанға жақын болудың ұлық бақыт екенін жүрегіммен сездім. Өмірім түгелдей өзгерді және тыныш-жайбарақат өмір сүре бастадым. Ислам менің жүрегіме тыныштық сыйлады.

Исламның хақ дін екенін білу үшін: мұсылмандардың бір-бірлеріне сәлем берулеріне мән берудің өзі жеткілікті. Біздер бір-бірімізге «Қайырлы таң» немесе «Қайырлы түн» дейміз. Мұндай құрғақ қарапайым сөздердің орнына, мұсылмандар өзара: «Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ» дейді, мұның мағынасы «тыныштық және сәлеметтік, Алланың рахметі және берекесі сіздерге болсын». Бұдан да мағыналы сәлем болуы мүмкін бе?

Мұсылман достарым маған иман, Ислам дінінін негіздері, ғибадат тәртібі және басқа да мәселелер жөнінде қымбат мәліметтер берді. Осыған сендім, Исламият пәк, қарапайым, қисынды және тыныштық-бейбітшілік бастауы болған иләһи бір дін екен. Адамдар жеке өмірінде де, қоғамдық өмірде де тек Ислам діні арқылы тыныштыққа жетулері мүмкін. Сондықтан мен мұсылман сипатында тапқан рухани байлықты жанұяма және достарыма да нәсіп етуін тілеймін. Алла қаласа бұл жолда бар күш жігерімді жұмсаймын.
23 views19:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 22:31:25 Патшаға күлген құл

Ертеде байлығы тасқан, өркөкірек бір патша өмір сүріпті. Сол кездегі дәстүр бойынша патшаның төсегін күнде бір күң келіп салуы тиіс екен.
Бір жолы жас күңдердің бірі әлгі патшаның төсегін салып, мамық төсек пен құс жастықтарды әдемілеп жайып, жан-жағын барынша сәндеп біттім-ау дегенде, аяқ асты әлгі күңге «апыр-ай, мұндай мамық төсекке бір жатып көру де бақыт шығар. Сәл көз шырымын алып, ләззатын байқап көрсем қайтер екен?» деген ой келеді. Ақыры сол әуестігін жеңе алмай, «патша келе жатқанда атып тұрармын» деп құс жастықты жастанып, төсекке сәл қисаяды. Сөйтіп жатқанда, қатты ұйықтап кетеді.

Бір уақытта жатын бөлмеге патша кіріп келеді. Патша төсегінде күңнің ұйықтап жатқанын көріп қатты ашуланады. «Бұған қалай батылың барып жүр?!» – деп әлгі күңді ұрып-соға бастайды. Бір қызығы, таяқтың астында қалып жатса да, күң сықылықтап күліп, өз-өзін тыя алмайды. Бұған таңырқаған патша: «Неменеңе жетісіп күлесің?» – дейді. Сонда күң: «Алдияр тақсыр, мен төсегіңізге бір рет жатып көрейінші деп сонша таяқ жеп жатырмын, ал сіз бұл мамық төсекте күнде ұйықтайсыз. Алда-жалда Алла Тағала да сізді жауапқа тарта қалса, қайтер екенсіз?.. «Сірә, таяқ жеудің көкесі сонда болады-ау» деген ой келді. Соған күлдім», – деп жауап береді.

Патша бұл сөзге көп ойланады. Ақыр соңында сән-салтанаттан өз еркімен бас тартып, тақуалыққа бет бұрады.

Жанарбек Мағзұмұлы
23 views19:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 01:25:42 Адалдық қымбат бір мүлік секілді. Арзан адамдардың бойынан табылмайды.
Сахаба хз. Омар (р.ғ.)
123 views22:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 01:05:46
124 views22:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 20:12:33 ӨМІРДІҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ

40 жаста жоғары білімдісің бе, жоқ па, айырмашылық болмайды. Білім алмаған әлдебір адам да көп табыс табуы мүмкін.

50 жаста көрікті мен көріксіз бірдей. Қанша әдемі болсаң да, бұл жаста сен әжімдер мен қара дақтарды жасыра алмайсың.

60 жаста жоғары лауазым мен лауазымы жоқ болса да дәл бірдей. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, тіпті қара жұмыс істеген қызметші де бастығына бұрылып та қарамайды.

70 жаста шағын пәтер мен үлкен пәтер бірдей. Буындар әлсіреген және қозғалуың қиын болған кезде, сиысып отыратын шағын кеңістігің болса жеткілікті.

80 жаста ақшасы бар мен ақшасы жоғы да бірдей. Ақшаны жұмсағың келсе де оны қайда жұмсарыңды білмейсің.

90 жаста ұйықтау мен ояну бірдей болады. Таңертең тұрсаң да не істеріңді білмейсің.

Тыныштал.
Өйткені, бәріміздің соңымыз бірдей.
Жай ғана тірі жүргенің үшін өмірден ләззат алып, тыныш өмір сүр...

56 views17:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 01:10:46 قال له رجل: ما تقول في الدنيا؟ فقال له: "حلالها حساب وحرامها عذاب" (الآبي/ نثر الدرّ / ٣/ ٢٥٦)
Бір кісі Хасан әл-Басриге (Аллаһ одан разы болсын): "дүние жайында не айтасың?" деп сұрады. Сол кезде Хасан әл-Басри: "ақыретте адалының есебі, арамының азабы бар" деген екен.
38 views22:10
Ашу / Түсініктеме