Get Mystery Box with random crypto!

ӨМІРДІҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ 40 жаста жоғары білімдісің бе, жоқ па, | Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

ӨМІРДІҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ

40 жаста жоғары білімдісің бе, жоқ па, айырмашылық болмайды. Білім алмаған әлдебір адам да көп табыс табуы мүмкін.

50 жаста көрікті мен көріксіз бірдей. Қанша әдемі болсаң да, бұл жаста сен әжімдер мен қара дақтарды жасыра алмайсың.

60 жаста жоғары лауазым мен лауазымы жоқ болса да дәл бірдей. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, тіпті қара жұмыс істеген қызметші де бастығына бұрылып та қарамайды.

70 жаста шағын пәтер мен үлкен пәтер бірдей. Буындар әлсіреген және қозғалуың қиын болған кезде, сиысып отыратын шағын кеңістігің болса жеткілікті.

80 жаста ақшасы бар мен ақшасы жоғы да бірдей. Ақшаны жұмсағың келсе де оны қайда жұмсарыңды білмейсің.

90 жаста ұйықтау мен ояну бірдей болады. Таңертең тұрсаң да не істеріңді білмейсің.

Тыныштал.
Өйткені, бәріміздің соңымыз бірдей.
Жай ғана тірі жүргенің үшін өмірден ләззат алып, тыныш өмір сүр...