Get Mystery Box with random crypto!

Жапон жігіттің әңгімесі Күн өткен сайын жапондықтардың өз ді | Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Жапон жігіттің әңгімесі

Күн өткен сайын жапондықтардың өз дініне деген бейімділігі әлсірей түсуде. Отандастарым бірте-бірте тумысына жат батыстық өмір салтына қарай бейімделіп бара жатыр. Мұндай өмір адамды діннен алыстатады және оны робот күйіне салып қояды. Сөйтіп адамдардың рухани кеңістігінде хаос пайда болды. Мен мұндай өмірге төзбедім. Бірақ нұқсанның, яғни, рухани бостықтың себебін біле алмай қиналатынмын.

Сөйтіп жүріп, Токиоға уақытша келген бір мұсылманға кездесіп қалдым. Оның дін жөніндегі сөздері және ғибадат етуі мені таң қалдырды. Оған өзімді қызықтырып жүрген сұрақтарды қояа бастадым. Жауаптарын есіткен сайын көңіл-күйім көтеріліп, рухымдағы бос кеңістік тола бастады. Ол жалғыз Жаратушының бар екендігін және Ол адамдарға дүние және ақырет бақытына жету үшін не істеулері керектігін үйреткені, өзі де Оның әмірлеріне бойсұнып жасайтынын айтып берді.

Бұл сөздер маған соншалық әсер етті, мен оған Ислам дінін қабыл етуді қалағанымды білдірдім. Осы кісі себепші болып мұсылман болдым. Мұсылман болғанымнан соң Жаратқанға жақын болудың ұлық бақыт екенін жүрегіммен сездім. Өмірім түгелдей өзгерді және тыныш-жайбарақат өмір сүре бастадым. Ислам менің жүрегіме тыныштық сыйлады.

Исламның хақ дін екенін білу үшін: мұсылмандардың бір-бірлеріне сәлем берулеріне мән берудің өзі жеткілікті. Біздер бір-бірімізге «Қайырлы таң» немесе «Қайырлы түн» дейміз. Мұндай құрғақ қарапайым сөздердің орнына, мұсылмандар өзара: «Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ» дейді, мұның мағынасы «тыныштық және сәлеметтік, Алланың рахметі және берекесі сіздерге болсын». Бұдан да мағыналы сәлем болуы мүмкін бе?

Мұсылман достарым маған иман, Ислам дінінін негіздері, ғибадат тәртібі және басқа да мәселелер жөнінде қымбат мәліметтер берді. Осыған сендім, Исламият пәк, қарапайым, қисынды және тыныштық-бейбітшілік бастауы болған иләһи бір дін екен. Адамдар жеке өмірінде де, қоғамдық өмірде де тек Ислам діні арқылы тыныштыққа жетулері мүмкін. Сондықтан мен мұсылман сипатында тапқан рухани байлықты жанұяма және достарыма да нәсіп етуін тілеймін. Алла қаласа бұл жолда бар күш жігерімді жұмсаймын.