Get Mystery Box with random crypto!

Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми) Е
Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
Арна мекенжайы: @ermekustaz
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 751
Арнадан сипаттама

Пайдалы кеңестер

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-06-04 01:52:32 Ең үлкен мәдениет ол - Құранда. Құранды танымаған адам қандай мәдениетті танып біліп жүргеніне мән берсін!
86 views22:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 04:53:58 *БІРЕУДЕН ҚОРЫҚСАҢ, ОДАН ҚАШАСЫҢ, АЛЛАДАН ҚОРЫҚСАҢ, ОҒАН ЖАҚЫНДАЙСЫҢ.*

*ҚИЫНДЫҚТАР ЖЫЛАУ ҮШІН ЕМЕС, ЖЕҢУ ҮШІН БЕРІЛЕДІ.*

*ЖҰМА МҮБАРАК БОЛСЫН*
52 views01:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 06:36:05 https://www.facebook.com/photo.php?fbid=5563765950321767&set=a.709158169115927&type=3
53 views03:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 06:01:37 «Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы қабыл болады» деген Пайғамбарымыз (с.а.у). Балаларыңыз үшін жақсы дұғада болыңыз әрдайым.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жаннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады».

Балаларды қорғау күні құтты болсын! Тек бір күн ғана емес, 365 күн осы жауапкершілікті сезінейік
63 views03:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 22:14:05 Балаңызды кеш батқанда сыртта ойнатпаңыз

Балалар сыртта, емін-еркін ойнағанды жақсы көреді. Кейде күнұзаққа ойнын қуып, кештің батқанын олар да, біз де байқамай қалып жатамыз. Тек қараңғы түскенін көріп, «үйге кір!» деп шақырып аламыз.

Ал, баланы кеш батқан соң сыртта қалдырмау керектігін білесіз бе? Оның себебі неде?

Жәбир (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мына хадисін риуаят етеді: «Түн қанат жайғанда (яғни, кеш батқан кезде ) жас балаларыңды үйде ұстаңдар (яғни, осы уақытта оларды сыртқа шығармаңдар), өйткені сол кезде шайтандар (жер бетіне) тарайды, ал түннің біраз уақыты өткен соң оларды жібере беріңдер...». (Сахих Муслим).

Мұнда күн батқаннан түн қараңғылана бастаған кез туралы айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл уақытта шайтандар көп болатындықтан, олардың жас балаларға зиян тигізуінен қауіптенген. Ибн әл-Жәузи: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы уақытта балалар үшін қауіптену себебі, олар (балалар) көбінесе шайтаннан қорғану дұғаларын біле бермейді. Ал, шайтандар таралған кезінде мүмкін болғанның бәріне жабысады», – деген.
101 views19:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 22:13:58 Күтпеген рызық

Ибн Мәлік (р.а.) өте кедей тұратын. Бір күні баласы мүшріктердің қолына тұтқынға түсіп қалады. Бұл Ибн Мәліктің қайғысын ұлғайтты. Алла Елшісіне (ﷺ) барып жағдайын айтып еді, мынадай кеңес алды: «Аллаға сиын, сабыр сақта және «лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ» деген дұғаны жиі айт».

Ибн Мәлік (р.а.) бұл айтылғанды істеп жүрді. Бір күні үйінде отырғанда біреу есік қақты. Есікті ашса, қарсы алдында ұлы тұр. Қашып келген екен. Үсті-басы жырым-жырым. Құр қол келмей мүшріктердің жүзге тарта түйесін айдап келіпті. Әкесі ұлымен қауышты әрі кедейлікпен де қоштасқандай. Бірақ ол Алла Елшісінен (ﷺ) сұрамастан, барымталанған малдың ешқайсысына тимеді. Алла Елшісі (ﷺ) рұқсат бергенге дейін кедейлікпен күнін көре берді.

Осы оқиғадан кейін мына аяттар түсті: «...Оны ойламаған жерден рызықтандырады. Аллаға арқа сүйегенге Алла жеткілікті. Алла әмірін міндетті түрде орындайды. Расында, Алла барлық нәрсеге бір-бір өлшем қойған».
98 views19:13
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 14:09:34 Алғыс дәметпе!

Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан-жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір кісі келіп:

– Сіз ел сыйлаған адамсыз. Үйге келіп, қонақ болып кетіңіз,– деп қиыла сұрайды.

Қария қарсылық танытпай, шақырған жерге баруға қамданады. Әлгі кісінің үйіне келсе жайнап тұрған дастарханға тап болады. Түрлі тағамдардан дәм татып, біраз әңгімелесіп, тұруға ыңғайлана бергенде үй иесі таңырқап:

– Уа, ақсақал! Мен сізге арнайы дастархан жайдым. Айтар алғысыңыз жоқ па? – дейді.

– Сіз дәм татыңыз деп шақырып едіңіз ғой. Алғыс айтуға шақырғаныңызды білмейді екем, – деп үйден шығып кете барады.

Мұндай жауапты күтпеген үй иесі аузына сөз түспей отырып қалады. Дегенмен іштей: «Оған қайткен күнде де алғыс айтқызармын» деп бекінеді.

Бірде әлгі қарт адам сол ауылдың қасынан өтіп бара жатқанда күн бұзылып, жаңбыр жауып кетеді. Қолшатыр алмақ болып, ауылға бұрылады. Алланың қалауымен өзі қонақ болған үйден келіп жоғын сұрайды. Ескі танысы сәті түскен мүмкіндікті қалт жібермей сыпайы түрде қарияға шатырын ұстатып жібереді. «Осы жолы міндетті түрде алғысын аламын» деп ойлайды. Бірақ, ол қолшатырды өзі әкелмей, шәкіртінен беріп жібереді. Шәкірті де ләм-мим демей кетіп қалады. Араға бірнеше күн салып, ақсақалмен бір үйде дастархандас болып қалады. Орайы енді келді ғой деп әңгімені бастайды:

– Өткен күні жаңбырдың астында қалып, сырқаттанып қалмадыңыз ба? – Жоқ, бәрі жақсы. Қолшатырыңызды беріп жіберген едім ғой, алған боларсыз?

– Иә, алдым. Ұмытпай бергеніңізге рахмет, – деп қарияның орнына өзі алғыс айтып отырғанын байқап ашуланады. Одан әрі шыдамай, әлгі кісі орнынан атып тұрып: – Уа, ақсақал! Сізді де ақылгөй дана дейді-ау! Көргенсіз екенсіз! Жасаған осыншама жақсылығыма кем дегенде бір рахметіңізді айтсаңыз неңіз кетеді! – дегенде данышпан байыппен, былай жауап қайтарған екен:

– Мен сізге деген алғысым мен ризашылығымды ұдайы ішімнен айтып, оны ұмытқан емеспін. Егер де адам жасаған жақсылығы үшін алғыс дәмететін болса, оның жасағаны шынайы емес. Сіз жақсылықтың ақысына елдің ризашылығын, не болмаса алғысын алам деп дәметпеуіңіз керек. Біреудің қуанышы сіз үшін жеткілікті болуы тиіс. Егер де ақысын күтетін болсаңыз, тек қана өз-өзіңізді алдаған боласыз. Адам баласы табиғатынан мақтансүйгіш әрі менмендеу. Жақсылықты жеке өзіңіздің мақсатыңызға сүйеніп жасасаңыз, қателесесіз. Егер де еш алғыс дәметпей адамдарға жақсылығы тисе болғаны деп ойласаңыз ешкімнен ешқашан көңіліңіз қалмайды.
83 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 09:03:54
107 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 08:52:26 *Өнегелі сөздер*

*ЖҮРЕКТІҢ ЕМІНЕ АРНАЛҒАН БЕС ДӘРІ:*
*_1. Ізгі жандармен (Алланың әулие достарымен) бірге болу,_*
*_2. Құран оқу,_*
*_3. Асқазанды арам астан таза ұстау,_*
*_4. Түнгі намаз оқу (тәһәжжуд),_*
*_5. Таң намазын оқу және көп дұға ету._*

*_(Ізгілердің сөзінен)_*
110 views05:52
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 07:15:29 Апта күндеріңіз сәттілікке толы болсын!
119 views04:15
Ашу / Түсініктеме