Get Mystery Box with random crypto!

Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми) Е
Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
Арна мекенжайы: @ermekustaz
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 751
Арнадан сипаттама

Пайдалы кеңестер

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-07-06 10:36:22 Фудайл ибн Ийяд былай дейді:
"Мына бес нәрсе жамандық пен бетпақтықтың белгісі:

1. Тас жүрек болу.
2. Көз жасынан мақұрым болу.
3. Ұялу сезімінен жұрдай болу.
4. Шектен тыс дүние қуып кету
5. Өлімді ұмытып, тек дүние үшін еңбек ету".

Абай Құнанбайұлы мешіті!@abai_qunanbaiuly_meshit
145 views07:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 13:00:09 Бүгінгі аят

فَإِنِّي قَرِيبٌ ۖ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ

"Шынында, мен жақынмын. Егер дұға етуші маған дұға жасаса, оның дұғасын елеусіз қалдырмаймын..."

Бақара, 186 аят
#бүгінгіаят
187 views10:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 05:17:19 *ЕСТІ АДАМ БІЛІМІН КӨТЕРЕДІ, НАДАН АДАМ КӨКІРЕГІН КӨТЕРЕДІ, АҚЫМАҚ АДАМ ТҰМСЫҒЫН КӨТЕРЕДІ.*
(ҚАНАТТЫ СӨЗ)

*БІЛІМ ОРДАСЫ*
210 views02:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 04:54:23
Дәруиштен сұралды:
- өмір, не үшін мұншалықты қиын болып кетті?
Дәруиш:
- өйткені күнін "бисмилла" мен бастайтын адамар азайды.

Күніңізді бисмилла мен бастаңыз!
206 views01:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 02:52:08 _*«Жердің астында тыныш жату үшін, жердің үстінде тыныш жүру керек!»*_

_Ұстаз Бауыржан Әлиұлы (Алла оны рахымына бөлесін)_
223 views23:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 18:23:57 1. Әйел адам - гүлмен тең.
Абай Құнанбаев

2. Жақсы әйел - ері ұялар іс қылмайды.
Абай Құнанбаев

3. Әйел ашуланса - жеңіледі, еркелесе - жеңеді.
Ғабит Мүсірепов

4. Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Ғабит Мүсірепов

5. Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе - бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе - бірін-бірі асырыңқырап тұрады.
Ғабит Мүсірепов

6. Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
Ғабит Мүсірепов

7. Әйел асқақтаса - жылайды, еркек асқақтаса - құлайды.
Ғабит Мүсірепов

8. Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.
Ғабит Мүсірепов

9. Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі.
Бұхар Қалқаманұлы

10. Жақсы әйелдің сипаты:
...Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды,
Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған.
Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,
Тап-таза үйдің іші сыпырылған.
Жігітке адал жүріп болар серік,
Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.
Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,
Ол бір марал тұрғаны қасын керіп.
Ақан сері Қорамсаұлы

11. Жақсы болса жұбайың - қабағыңа қарайды.
Сүйінбай Аронұлы

12. Жаман әйел көп ұйықтар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

13. Жаман болса әйелің - арманда өтер өмірің: артылғандай есекке.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

14. Жақсы әйел - жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіңдей.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

15. Алғаның жаман жолықса:
Үйіңнің іші шаң болар,
Ісінің бәрі қам болар.
Сол әлімен тұрмайды -
Киім таңдап паң болар.
Әңгіме, жанжал қоздырар,
Өзгеден өзін оздырар,
Жиынға киер жібекті -
Тезек теріп тоздырар.
«Қай жеріңнен тойдым?» деп,
«Не көрсетіп қойдың?» деп -
Тағы өзінді жазғырар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

16. Жаман әйел - жігіттің
Тайдырады табанын,
Тар қылады заманын;
Жақсы әйел - жігіттің
Жақсы қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

17. Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді.
Мақал - мәтел

18. Жаман әйелдің тілі ащы.
Мақал - мәтел

19. Жақсы әйел - ырыс, жаман әйел - ұрыс.
Мақал - мәтел

20. Тон бітпеске тон бітсе - қағуменен тоздырар.
Жаман әйелге қоң бітсе - ер жігітті аздырар.
Би-шешендер

21. Жаман болса жолдасы - әйелдің түскен торы да,
Шыға алмайтын мұңлықтың қазылған терең оры да.
Би-шешендер

22. Асыл болса алған жар - ханым емей немене,
Жайлы болса мінезі - жаның емей немене.
Би-шешендер

23. Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет,
Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет.
Би-шешендер

24. Жаман әйел алғанның - жауы үйінде, жақсы әйел - алғанның тойы үйінде.
Шал Құлекеұлы

25. Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге - аю, балаға - қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.
Шал Құлекеұлы

26. Анасын көр де - қызын ал, аяғын көр де - асын іш.
мәтел

27. Пайдасы жоққа жалынсаң - семіз бір жемқор малмен тең,
Жақсы қатын алсаңыз - Алладан жауған нұрмен тең.
Шал Құлекеұлы

28. Жаман әйел ер қадірін білмес.
Майқы би

29. Жетесіз жігіт - ел қадірін білмес, некесіз әйел - ер қадірін білмес.
Майқы би

30. Адамның жан жолдасы - сүйген жары.
Жанақ Сағындықұлы

31. Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді,
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді (мақал).

32. Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады,
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады (мәтел).

33. Жалғыз баласы атқа шапса,
Анасы үйде отырып тақымын қысады (мәтел).

34.Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет (мақал).

35. Ағайын — алтау,
Ана — біреу (мақал).
319 views15:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 17:03:45 _*«Ғылымнан пайдаланбайтын адам - басқаны киіндіріп, өзі жалаңаш қалған ине секілді»*_

_Имам Ғазали (Алла оны рахымына бөлесін)_
245 views14:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 13:33:33 ЗУЛХИДЖА АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІ НЕЛІКТЕН ЕРЕКШЕ?

Міне біз, дініміздегі «әшхурул-хурум» қасиетті төрт айдың соңғысы саналатын саналатын Зулхиджа айындамыз. Зулхиджа айы бiзге iстерiмiздi реттеп, орындалмаған жоспарларымызды iске асыруға және ізгі амалдарымызды толықтыруға үлкен мүмкiншiлiк беретiн ай. Осы жылдың амал кiтабы жабылғанда, күнәларымыздан тазарып, бiраз iзгi амал жинап, тәубесi қабыл болғандардан болу үшiн, бұл айды қолымыздан келгенше толықтай пайдаланып қалуымыз керек.

Зүлхиджа айының алғашқы он күні ең қасиетті деп есептеледі. Оның дәлелі Құранда айқын көрініс табады:

«Он түнімен (ант етемін), жұбымен де, тағымен де». (Фәжр» сүресі, 2-3)

Ибн Аббас, Ибн аз-Зубейр, Муджахид және т.б тәпсір ғалымдары (Алла олардан разы болсын) осы он түнді Зүлхиджа айының алғашқы он түні деп түсіндірген. (Ибн Кәсир тәпсірі)

Сондай-ақ, сахаба Жәбiр (радиаллаһу әнһ) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенiн жеткiзедi:

«Фаджр сүресiнде айтылған он күн — Зүлхиджа айының алғашқы он күнi, тақ күніне Арафа күнi, жұп күнiне деп Айт күнiн жатқызамыз»

Ибн Аббас (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ:

«Алла алдында Зүлхиджа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ», — деген. Сахабалар: «Ей Расулаллаһ, бұл айдың алғашқы күндері жасалатын амалдар Алла жолындағы жиһадтан да құнды ма?» – дегендерінде, Пайғамбарымыз «Йә, жиһадтан да құнды болады. Бірақ жанын, малын аямай соғысқа барып, кейін дымсыз қайтқан адамның жиһады өте құнды болады» — деп жауап берген. (Бухари)

Басқа хадисте Ибн Умар (радиаллаһу әнһума) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін жеткізді:

«Алланың алдында зүлхиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ және ізгі амалдың сауабы молырақ болған басқа күндер жоқ. Бұл күндері таһлилді тәсбихті, тахмидті және тәкбірді көп айтыңдар!»

Ендеше қасиетті он күнді берекелі өткізуді жазғай!

Әзірлеген: @mihrab_kz
264 views10:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 08:36:59 Осы күндердегі салихалы амалдар Алла үшін ең сүйікті амалдар. (Зул-хиджжа айының алғашқы он күні) ХАДИС.
247 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 08:09:10 Шындық - деген шірімейтін дүние ғой шіркін.
Қай қуыста жатса да, қай бұрышта жатса да шірімейді.
Шерхан Мұртаза
248 views05:09
Ашу / Түсініктеме