Get Mystery Box with random crypto!

Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми) Е
Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
Арна мекенжайы: @ermekustaz
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 751
Арнадан сипаттама

Пайдалы кеңестер

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-05-29 09:19:40 "Саналыларды қадірлемген қоғам, санасыздардан таяқ жейді".

Мұратхан ШОҚАН
178 views06:19
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 09:15:24 Өз қайғысы жоқтай-ақ басқаның қайғысына ортақ — ақ көңілді айт.
176 views06:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 14:36:12 Сабыр түбі сары алтын
Бір отбасының кішкене бөбегі бар еді. Күндердің күнінде Алланың әмірімен сәбиі науқастанып, жан тапсырды. Бұған ата-анасы іштей қатты қайғырды. Бірақ тағдыр ісіне мойынсұнып, сабыр сақтауды ұмытпады. – Баланы аманат ретінде бізге берген Алла сол аманатын қайтып алды, – деді отағасы жұбайын жұбата:

– Сабыр етсек, баламыз ақыретте бізге шапағат етіп, Жәннатқа бастайтын болады. Сабыр сақтағандарға үлкен сауап уәде етілген. Алланың қай ісінде де хикмет бары сөзсіз.

– Дұрыс айтасың, – деді әйелі де мұңайып, – түбі бәріміздің барар жеріміз ғой, бұйырса, баламызбен Жұмақта кездесерміз. Оны Раббымыздың бізден де қатты жақсы көретініне сенем. Ендігі жерде біздің қолымыздан тек дұға ету ғана келеді.

Бұл иманды жандардың осыншалықты төзімділігі үлкен сауапқа себеп болды. Шексіз ілім иесі Ұлы Алла періштелеріне:

– Ей, періштелерім! Мен пәленше деген құлымды бауыр еті баласынан айырдым. Олар мұны қалай қабылдады, не айтып жатыр? – деп сұрады.
Алланың әр нәрсені бүге-шігесіне дейін білетінінен хабардар періштелер әдеппен былай деді:

– Олар бұған сабыр етті. «Біз Аллаға тиесіліміз. Содан келдік және түбі Соған қайтамыз» деп тағдырға разылық танытты. Шүкіршіліктен танбай, Саған тәуелді екендерін еске алды.

Адамзатқа ғибрат болуы үшін періштелерінен әдейі сұраған Ұлы Жаратушы оларға марапатты лайық көріп:

– Ендеше, бұл құлдарым үшін Жәннатқа бір сарай салыңдар. Оны «Шүкірлік сарайы» деп атаңдар, – деп бұйырды.
96 views11:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 14:29:43 Өмірдегі жайттар
Бойдақ ер жігіттер ай десе аузы, күн десе көзі бар, мінезі жібектей қысқасы кемшіліксіз жар іздейді. Бойжеткен қыздарымыз да сымбатты, қажырлы, ақылды қысқасы кемшіліксіз күйеу іздейді. Нəтижесінде сүр бойдақ жігіттер мен отырып қалған қыздарымыздың саны көбейіп келеді. Өкініштісі, екі жақ та Алла Тағаланың əйел мен еркекті бір-бірін толықтыру үшін жаратқандығынан бейхабар.
Күндеріңіз сəтті өтсін!

#ӨмірдегіЖайттар
94 views11:29
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 06:49:07 Елде болса маған да жетеді, менде болса елге қалай жетеді, — дейтін кең пейілді айт.
Ғабиден Мұстафин
40 views03:49
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 02:07:48 *_«Саған жаманшылық жасаған адамға жақсылық жасау арқылы оның жазасын бергейсің»_ *

_Сахаба Омар ибн Әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын)_
73 views23:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 08:36:12 "Жәннәт жомарттардың, ал жәһәннәм болса сараңдардың баратын орны"
Хз. Али

Жұмаңыз мүбарак болсын!
78 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 01:52:25 Бір кісі мешітке кіріп намазды өте қысқа оқиды. Оны біреу байқап қалып: "Мынау не қылған намаз?" деп сұрайды. Ол кідірместен: "Бұл намаз, риясы жоқ намаз" деп жауап берген екен.
66 views22:52
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 16:25:51 Мына нәрсені ешуақытта тәрк етпеңіз!
Намазды. Себебі, ол Аллаға жақындатып, күнәлардан тазартады.
Дұға етуді. Себебі, ол тағдырыңызды көркейтеді, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қайырымдылық (садақа беруді) жасауды. Себебі, ол кез-келген қиыншылықтарға бөгет болады һәм жүрегіңді жұмсартады.
#Ізгілердіңамалынан
109 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 11:59:27 Коммунисттер "мал қоғамдікі", ал капиталисттер "мал оны тапқан адамдікі" - десе, Ислам: "мал мен мүлк Аллаһтікі. Құл тек аманатқа алушы ғана. Барлық нәрсе оған уақытша ғана ұстай тұруы үшін берілген", - дей отырып, ақиқатты орнына қояды. Олай болса оны аманатқа алған адам баласы ысырап жасауға да, сараңдық көрсетуге де қақысы жоқ.

Абай Құнанбайұлы мешіті!
@abai_qunanbaiuly_meshit
85 views08:59
Ашу / Түсініктеме