Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator Maulen

Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen K
Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen
Арна мекенжайы: @e_maulen
Санаттар: Блогтар , Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.70K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-12 13:52:40
Айттым ғой Қарақұм ауылынан деп

Енді елордадан пәтер алып, Шведова секілді қоныс аударса. Санкцияға шырмалған шовенисттік Ресейдегі әке-шешесін Қазақстанға көшірсе. Мақұл оны енді өздері шеше жатар. Ең бастысы Елена біздікі! Біз сары қызымызды енді ешкімге бермейміз. Ресей өкініштен бармағын шайнасын. Іші күйсе Ленаның туып-өскен Аралдағы тұздан жаласын.
376 views10:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 12:05:56
Кесек коэффициентпен кесек жарайық
595 views09:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 10:58:35 Трансфер жаңалықтары

"Облыстық бюджет" футбол клубы жаңа ойыншымен толықты!

Аты-жөні жанкүйерлерге ешқандай таныс емес ойыншы "Облыстық бюджет" клубымен 2 жылдық келісім шартқа қол қойды. Ол осыған дейін деңгейі Қазақстаннан төмен лигаларда жеміссіз өнер көрсеткен. Шабуылшы ойнаған командаларында үнемі қосалқы құрамда отырып, мардымды ойынымен көзге түспеген. Клуб директоры агенттермен келісу арқылы осы ойыншыны әдейі алдыртып отырғанын тілге тиек етті.

- Мені облыс басшылығы тағайындаған. Сондықтан қандай футболшы алсам да өзім білемін. Мемлекеттің бір жылға бөлген ақшасын үшінші сортты легионерлер алып тезірек игеруім керек. Себебі әкім отырған кезде мен де "істейтінімді істеп қалайын" дедім. Ал мына алған ойыншыға тоқталатын болсақ, ол туралы бізде көп ақпарат жоқ. Тек агенті оның жалақысының жартысын бізге қайтарып береді. Бұл сома менің жеке қалтама түседі.

Иә, Балқан түбегінен келген бұл легионер Қазақстан чемпионатының 7-8 ойынына қатысып, ешқандай гол салмайды деген үміттеміз. Есесіне 5 млн теңге көлемінде жалақы алып, екі жылда өзінің материалдық жағдайын жасап үлгереді. Жетім балалар үйіне сыйлықтар апарып, бірнеше фотосессияға түседі. Ал одан кейін жоспар бойынша "Қазақстан менің екінші үйімдей болып кетті" деп сұқбат беруі тиіс.

Ермұхамед Мәулен арнайы "СуайтСпорт.кз" сайты үшін
694 views07:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 20:04:37
Осы каналымның архивін ақтарсаңыздар бұрын айдаған көліктерім туралы жазатынмын. Ендеше кеттік...


Ниссан Хтрэйл 2 көлемді 4wd.
Қара сүлік жүйрігім таза еңбекқор мәшине еді. 2 пәтерге жөндеу жұмыстары кезінде багажына нешетүрлі құрылыс заттары сыйып кетті. 3700 теңгеге газды аузы-мұрнынан толтырып 10 күн бойы май құю бекетіне жоламайтынмын. Батпақ, омбы қар секілді қиын-қыстау кезеңдерде төрт дөңгелегі төрт жаққа тартып шығатын. Спутник антеннасы орнатылған. Кейбір жерлерде телевизор көрсететін. Осы жақында ғана 6 млннан астам қаржыға сатып жібердім. Сөз жоқ мықты көлік еді.
504 viewsedited  17:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 14:27:08
Тимур Досмағамбетовтің футболдағы кумирі белгілі болды. Біздің сектаға қош келдің!

Айтпақшы тура осы отырыста ол "Астанамен" келісім-шартқа қол қойып отыр.
582 views11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 13:59:00
Қазақстан жастар құрамасының бапкері Нұғыспанов Мейірбекті тыңдай отырайық
666 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 13:16:24
Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясы берген ақшадан бас тартты. Бас тартып қана қоймай Уимблдоннан тапқан 2 млн фунт стерлингтің бір бөлігін Қазақстан жастары тенниспен айналыссын деп бөлмекші.
744 views10:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 09:38:51
ал не болды ал
Тамаққа келіңдер, әбед
609 views06:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 19:19:27 Джок 21 шлемін жеңді. Нададьда 22. Серб амал жоқ US open-ді жеңуі тиіс. Аюан-ай!
530 views16:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 15:06:13
Криштиану Роналду ПСЖға ауысса не болады?
Менің жауабым: - ПСЖ түк жеңбей, іриді. Мынандай адамдарды К.Галтье қалай басқарады? Олар бір-бірімен ерегеспей ме? Артынан шығып төбелеспей ме? Пас бермей, көреалмаушылық қылмай ма?! Баяғыда "Галактикос" болып "Реал" Испания чемпионатын жеңе алмай кеткен кезі болған еді.
832 views12:06
Ашу / Түсініктеме