Get Mystery Box with random crypto!

Осы каналымның архивін ақтарсаңыздар бұрын айдаған көліктерім | Kommentator Maulen

Осы каналымның архивін ақтарсаңыздар бұрын айдаған көліктерім туралы жазатынмын. Ендеше кеттік...


Ниссан Хтрэйл 2 көлемді 4wd.
Қара сүлік жүйрігім таза еңбекқор мәшине еді. 2 пәтерге жөндеу жұмыстары кезінде багажына нешетүрлі құрылыс заттары сыйып кетті. 3700 теңгеге газды аузы-мұрнынан толтырып 10 күн бойы май құю бекетіне жоламайтынмын. Батпақ, омбы қар секілді қиын-қыстау кезеңдерде төрт дөңгелегі төрт жаққа тартып шығатын. Спутник антеннасы орнатылған. Кейбір жерлерде телевизор көрсететін. Осы жақында ғана 6 млннан астам қаржыға сатып жібердім. Сөз жоқ мықты көлік еді.