Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator Maulen

Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen K
Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen
Арна мекенжайы: @e_maulen
Санаттар: Блогтар , Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.70K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2022-07-05 15:31:22
Екінші көлігім - Volkswagen Passat B6.
Көлемі 2, турбо қозғалтқышты жүйрік көлігім-ай. Тас жолға шықса аузымен құс тістейтін. Газ басқанда 2-3 секунд ойланып тұрып, жұлқып шыға келетін. 2005 жылғы көлік болса да Камри 40тың комплектациясымен бірдей тұғын!
671 views12:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 19:14:44
Алғашқы көлігім - легендарный кузов а32 Ниссан Максима! Сағындым сені 3 обьемды ақ тұлпарым)
941 views16:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 18:48:52
173 views15:48
Ашу / Түсініктеме
2022-05-12 22:35:04 «Қасым хан» хақында
Бүгін Ақан Сатаев түсірген «Ұлы дала таңы» деген кинофильмді тамашаладым. Қазақ тарихына байланысты түсірілген туынды болған соң, бей-жәй қалмай премьера көруге асықтық. Фильм негізі Қасым хан туралы болғанымен, картинаның атауы «Ұлы дала таңы» екен. Киноға да осындай ат қоюға болады екен ғой. «Ұлы дала» деген сөз атауда кездессе лоқсымасақ та, бүртірлі болып қалатын болдық. Жәй «Қасым хан» дей салса қатып кетер ме еді?!
Фильм бастала берген тұста режиссер оты сөніп бара жатқан ошақты көрсетеді. Сол дәуірдегі қазақ халқының өмірінен бір паралель шығар деп ұғындық. Кейіннен Бұрындық хан өзі хан болғанымен, билікті уыстан шығарып алып жатқан кезінде «қазақ сиырды мал, Бұрындықты хан санамайды» деген сөз айтылады. Дөп айтылған бір ауыз сөз тарихи жағдайды толығымен ашып берді. Киноның барысында төрт-бес мәрте хан кеңесі өтеді. Бәрінде улап-шулаған бектер мен билер. Жамырап, кімнің не айтып жатқаны естілмейді. Ел ағаларының өз пікірін айтып, дисскуссия жасауы құдды бір тобырдың айқай-шуы іспеттес. Құлаққа түрпідей тиеді, әрі жағымсыз көрініс. Бұл жалпы қазақ киноларына тән ортақ құбылыс. Қазақтың тарихи киноларының басым бөлігінде айнала малдас құрып отырып, қолына қамшы ұстаған билердің шуы. Соңында негізгі қаһарман сөз сөйлеп, барлығы соны қолдап, жауға аттанамыз деп шешім шығарады. Ақан Сатаев та дәстүрлі таптаурын түсірілімнен айналып өте алмаған.
Тарихи кинолардағы соғыс эпизодтары үнемі жұтаң болушы еді, бұл жолы Сатаев мырза осы жағына көп көңіл бөлгені байқалады. Екі жақтың әскері қалың, қару-жарағы сай. Жер қайысқан қол екенін білдірту үшін арнайы эфектілер қолданғаны да тамаша әсер берді. Режиссер бір ауыз сөзді керісінше бір кадрменен толық ашып жібереді. Шайқас майданы ғаламат көрсетілген. Қасым хан әскерінің маневрі де төбеден түсірілген көрініспен тамаша ашыла кетті.
Бұрындық хан билікті өз қолымен беріп, Қасым таққа отырады. Келе салып заңнамалар орнатып, жарғыларын жазады. Елді түгел аралап, халықтың жағдайын байқайды. Сонда ел аралап жүріп «Түгін түртсең майы шығатын жер екен» деп қазақтың кең байтақ жерінің байлығын айтады. Бірақ, халық оған дейін оның пайдасын көрмей келіпті. Бұл сөзінен де бір астар сезініп қалғанымыз рас. Жалпы, билікті өз қолымен беріп, оның орнына келген адам халық игілігі үшін жұмыс істеп жатуы тіпті басқа ойға жетелейді. 600 жыл бұрынғы оқиға қазіргі қоғамда да орын алып жатқан жоқ па осы?
Фильмнің кейбір сюжеттік байланыстары өте ұзақ, әрі созылмалы келіпті. Қарапайым көрермен болған соң бұл жерде «мыжып кеткен» деп іштей баға бердік. Әлбетте, тарихи картина болғандықтан динамиканың керегі де шамалы, бірақ асыра сілтеп бір оқиғаның түбін қаза беру де көрерменді жалықтырары анық. Әдемі тіркестер, әдеби сөздер тыңдап, қазақтың кең байтақ даласының көріністерін тамашлап, тарихтан сусындап, рухымызды сәл де болса оятып қайттық. Былайша айтқанда: «бір көруге болады енді».
87 views19:35
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 06:17:29
Менің арманым бар. Қазақ балаларын жинап бір таза футбол клубын ашу. Өткен жылы "Рух" деп аштым да. Бірақ карантин болды, анау болды, мынау болды - шаруа тоқтап қалды. Оған түбі бизнес жоба деп қарау қажет екен. Ал бизнес болған соң оған қаржы керек. Әйтпесе жарты жолда тоқтайды екенсің. Біреуге жалтақтамай команданы өзің қаржыландыруың үшін бизнесің болғаны абзал. Сол мақсатқа жету үшін "Zlatan food" деп жеңіл тағам желісін аштым. Әзірге Астана қаласының маңындағы Лесная поляна мен Қосшы қаласында жұмыс істеп жатырмыз. Енді жақын арада Елордадан да ашу жоспарымда бар. Қадірменді достар, Сіздердің қолдауларыңызбен үлкен істі қолға алдым.

Компания атын Златан деп қойғанымды өздеріңіз іштей түсініп отырған шығарсыздар. Ол футбол әлеміне үлкен ерекшелік әкелген әрі футбол тарихындағы ең үздік голды салған ұлы тұлға! Златан ағай дайындаған суши мен пиццалардың дәмін татуға асығыңыздар! Себебі Сіз аш болсаңыз Златанға ұқсамайсыз .

Инстасы:

@zlatan_food_kosshy
136 views03:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 19:17:34
Ақтаудағы спорт инфрақұрылымы жайлы
155 views16:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 15:18:10
Ақтауға келіп фишбармақ жедік
120 views12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 10:24:24
Ақтау қаласына келдік. Кешке "Каспий" - "Қайрат" ойыны
229 views07:24
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 21:56:44
Криш Роналду мен Джорджиньяның ұлы шетінеп кетіпті. Егіздің бірі ұл бірі қыз еді. Қызы аман. Роналду сол туралы жазыпты.

Роналду бауырым әлі талай ұлды боласың деп ойлаймын.
386 views18:56
Ашу / Түсініктеме