Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator Maulen

Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen K
Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen
Арна мекенжайы: @e_maulen
Санаттар: Блогтар , Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.70K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 18

2021-11-01 10:51:40
Кеше "Кристал Пэлас" академиясы салынып болғанын айтып едім олар "Манчестер Ситиді" 2:0 есебімен жеңді.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Тұрпан ауылында спорт кешені пайда болды. Күрес залы, сыртта футбол алаңы және work out керек-жарағы бар спорт нысанын соғып берген Жандос және Жалғас Алтынбековтер екен. Әр ауылға спорт кешендерін осындай қалталы адамдар жаны ашып салмаса, мемлекеттің шамасы жетпейтініне көзіміз жетті.
1.2K views07:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 16:11:46 «Тобыл» Қазақстан чемпионы!

Қостанайлық команда соңғы турда маңызды үш ұпай еншілеп, ел чемпионы атанды. «Астана» мен «Қайрат» бұл атақтан неліктен айырылды?


Ең алдымен премьер-лигадан шығып қалған командалар туралы айтсақ. Қызылорданың «Қайсары» үлкен бюджетпен, шет елден шақыртылған оншақты легионерімен жүріп Бірінші лигаға түсіп қалды. Соңғы турда Владимир Никитенко кілең қызылордалық жастарды шығарып, «Тараздан» басым түсті. Елжас Алтынбеков, Өркен Махан, Айбал Жақаев сынды жастар көптеген легионерлерге қарағанда осал еместігін байқатты. Тпек оларға ешкім мүмкіндік бермейтіні өкінішті. Енді осы жастар келесі жылы Бірінші лигада жасындай жарқылдайды. Сосын «Қайсар» премьер-лигаға қайтадан жолдама алған соң, олар қосалқы құрамдағы орындарына қайта жайғаспақ. Міне, ел футболындағы бір өзекті мәселе осы жерде. Бапкерлер жергілікті жастарға көп сенім артпайды.
«Тараз» - «Қайсар» ойыны 1:2 есебімен аяқталған тұста, алматылық «Қайрат» тағы бір аутсайдер «Жетісумен» кездесіп болып еді. Бұл матчта гол салынбады. Есеп 0:0. Алматылық команда қола жүлдегер атанса, «Жетісу» енді келесі жылы бағын Бірінші лигада сынап көреді. «Жетісу» клубында жастардан бөлек мәселелер көп. Бұл командаға дәл қазір ең алдымен инфроқұрылым мәселесін шешу қажет. Ал «Шахтер» - «Атырау» ойыны 3:1 нәтижесімен аяқталды. Қарағандылық команда қақпасына гол жіберіп алып, ойын барысында жеңіліп жатты. Бірақ, «кеншілер» керек есепті тіркеп үлгерді. Айдос Тәттібаевтың екі голы мен Қазақстан құрамасына ойнағым келеді деп жүрген Ыдырыс Ұмаевтың дәл соққылары алаң иелеріне жеңіс сыйлады. «Атырау» 11 легионермен ойнап жүріп, турнирді 11 орында аяқтады. Әлбетте, ұят нәрсе. Қарағандылық команда үшін футбол маусымы әлі аяқталған жоқ. Алда Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындары күтіп тұр.
Егер Қазақстан кубогын «Шахтер» жеңе алмаса онда келесі жылы Конференция лигасының жарысына Қазақстан атынан ішкі біріншілікте 4 орын алған команда қатысады. Сол 4 орын үшін таласқа түскен «Қызыл Жар» мен «Ордабасы» арасында тартысты матч өтті. «Ордабасы» онсызда 4 орында тұрғандықтан бұл ойында жеңілмесе жеткілікті еді. Бірақ, қонақтар 2:1 нәтижесімен жеңіліп тұрып 90 минутта таразы басын теңестірді. Бірақ, 90+3 минутта «Қызыл Жар» ойыншысы Пабло Подио бұрыштама кезінде баспен гол салып, жанкүйерлерді шаттыққа бөледі. Енді Солтүстік Қазақстан жерінің жанкүйерлері Қазақстан кубогының аяқталғанын күтеді.
«Каспий» клубы сырт алаңда «Ақтөбені» 5:1 есебімен жеңгенімен турнирлік кестеде олардан биік бола алмады. Екі клуб 7 және 8 орындарға жайғасты. Ал чемпиондыққа таласқан «Астана» өз шылауына өзі шырмалды. Бір гол салып жеңіп жатқан ойынды бүлдіріп алды. Валерий Чуперка алаңнан қуылып, командасын 1 ойыншыға азайтып жіберді. Басымдылықты пайдаланған «Тұран» командасы таразы басын теңестірді. Голды салған «Астананың» аңыз ойыншысы атанған Таңат Нөсербаев. Есеп 1:1 сол күйі қалып, «Тобыл» чемпион атанды. Қостанайлық клуб «Ақжайықты» 2:0 жеңді. Араға 10 жыл салып «Тобыл» ел чемпионы атанды. Енді бұл команда келесі жылы Чемпиондар лигасына қатысады.

Ермұхамед Мәулен
574 views13:11
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 15:56:35 "Тобыл" чемпион болғаны дұрыс болды. Әйтпесе келесі жылы Чемпиондар Лигасына "Астана" қатысса бірінші айналымнан шығып қалар еді. Себебі бұл клубқа трансферлік бан қойылды. Сосын ФИФА "Астана" клубы Дорин Ротариуге 500 мың еуро төлеп берсін деп шешім шығарды. Ол ақшаны елордалық команда қайдан табады екен?
596 views12:56
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 13:04:30 "Қызылжар" 90+3те гол салып 3:2 қылып кетті. Енді "Шахтер" кубокты жеңбесе Конференция лигасында ойнау құқығына ие болады.
607 views10:04
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 11:59:31
"Кристал Пэлас" академиясының құрылысы аяқталды.

Осыдан біршама уақыт бұрын мен "Кристал Пэлас" клубы жеке академия салып жатыр деп жазған едім. Енді міне кеше сол керемет ғимараттың ашылу салтанаты болды. Қызыл лентаны клуб түлегі, Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт кесті. Академия құрылысына жалпы сомада 20 млн еуро кетіпті. Бұл ақшаны клуб Арон Ван Биссака деген ойыншыны сатқан соң тапты. Қорғаушы "Манчестер Юнайтед" командасына 50 млнға сатылған еді. Бір ойыншы сатып 100 жыл тұратын академия салып алды.
2.2K views08:59
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 08:44:51
Түркістанда бір кісімен фотоға түскен едім
672 viewsedited  05:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 17:24:27
Ерзат Кенбаев деген ойыншыны танисыңдар ма?
738 views14:24
Ашу / Түсініктеме