Get Mystery Box with random crypto!

Трансфер жаңалықтары 'Облыстық бюджет' футбол клубы жаңа ойын | Kommentator Maulen

Трансфер жаңалықтары

"Облыстық бюджет" футбол клубы жаңа ойыншымен толықты!

Аты-жөні жанкүйерлерге ешқандай таныс емес ойыншы "Облыстық бюджет" клубымен 2 жылдық келісім шартқа қол қойды. Ол осыған дейін деңгейі Қазақстаннан төмен лигаларда жеміссіз өнер көрсеткен. Шабуылшы ойнаған командаларында үнемі қосалқы құрамда отырып, мардымды ойынымен көзге түспеген. Клуб директоры агенттермен келісу арқылы осы ойыншыны әдейі алдыртып отырғанын тілге тиек етті.

- Мені облыс басшылығы тағайындаған. Сондықтан қандай футболшы алсам да өзім білемін. Мемлекеттің бір жылға бөлген ақшасын үшінші сортты легионерлер алып тезірек игеруім керек. Себебі әкім отырған кезде мен де "істейтінімді істеп қалайын" дедім. Ал мына алған ойыншыға тоқталатын болсақ, ол туралы бізде көп ақпарат жоқ. Тек агенті оның жалақысының жартысын бізге қайтарып береді. Бұл сома менің жеке қалтама түседі.

Иә, Балқан түбегінен келген бұл легионер Қазақстан чемпионатының 7-8 ойынына қатысып, ешқандай гол салмайды деген үміттеміз. Есесіне 5 млн теңге көлемінде жалақы алып, екі жылда өзінің материалдық жағдайын жасап үлгереді. Жетім балалар үйіне сыйлықтар апарып, бірнеше фотосессияға түседі. Ал одан кейін жоспар бойынша "Қазақстан менің екінші үйімдей болып кетті" деп сұқбат беруі тиіс.

Ермұхамед Мәулен арнайы "СуайтСпорт.кз" сайты үшін