Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator Maulen

Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen K
Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen
Арна мекенжайы: @e_maulen
Санаттар: Блогтар , Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.70K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-07-10 14:05:26
"Каспий" мына матчқа негізгі құраммен шығатын болыпты. Демек Конференция лигасына дайындалып жатқан "Қызылжарды" жеңуі мүмкін. Былай деп алдым. Кеше "Ардабасы" гол салмай күйдірді. За то келесі жолы "Орда" забьет дегенді смело аламыз.
828 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:18:53 Қызылорда облысы, Арал қаласының маңындағы Қарақұм ауылында қарапайым балықшылар отбасында дүниеге келген Елена Рыбакина жастайынан спортқа әуес болды. Әкесі Андрей теңізге шықса болды қалақшамен балық жинап, үлкен тормен мол олжалы қайтатын. Содан болар бүлдіршін қыз Елена қолына қалақша алып, тәй-тәйінан теннис ойнай бастады. Көзін ашқалы бері тор көргенен кейін бе, ол матч кезінде торға жақындап, шабуылға көп шығады. Көзкөргендердің айтуынша Ленаның арғы немере әжесі сексеуілді сексеуілге ұрып жарғыш, қолының қаруы бар кісі болған деседі. Рыбакинаның эйсті мықты соғуы сол әжесінен дарыған дейді білетіндер. Жас теннисшінің болашағы жарқын екені алғашқы жарыстан-ақ белгілі болды. Қармақшы ауданында өткен WТA 250 додасында ол бас жүлдені қанжығасына байлады. Кейіннен Балқашта өткен "Өнер теннисі" мега жобасында көрермен көзайымына айналды. 2019 жылдың аяғында Елена "Теннис ақтаңгері" арнайы жүлдесін жеңді. Ал күні кеше ғана Е.Рыбакина Ұлыбританияның әлемге әйгілі Уимблдон жарысын ұтып, күллі Алаш жұртын шаттыққа бөледі. Қызылорда облысы, "Жаманат" партиясының бөлімшесі ел үмітін ақтаған Еленаға ат мінгізіп, 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстайтын болды. Бұл жетістіктердің барлығы өңірдегі тенниске бөлініп жатқан көңілдің арқасы деп біледі облыстық спорт басқармасы.
615 views06:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 18:46:36
1 млрд бірбәленбай миллион теңге жеңіпті мына қыз. Жасы әлі 23те. Ары қарай не болады енді...
1.2K views15:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 17:58:47
О май гад Тұмар!
845 views14:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 17:43:16 Жабердің бір жері жыбырлай береді екен. Қайта-қайта сол жерін ұстай береді
866 viewsedited  14:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 17:34:13 - Біздікі, өзіміздікі эйс. Ал оны пайдалану керек...

Қиын жерден ұпай алады да, таза ұпай алатын сәтте ірітіп жатыр. Лена мен сені түсінбедім.
867 views14:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 11:11:46
"Ордабасы" Алматының ғаламат жасыл алаңында гол салады. Жартылай екінші құраммен шыққан күннің өзінде бір гол салуға шамасы жетеді.
"Ақтөбе" 12 күні ҚПЛ ойынына шығады. Кейінге шегерілген бір матчы бар. Тұман боп кеткен кезде "Тұранмен" ойнауы керек еді. Сондықтан чемпиондыққа таласып жатқан "Ақтөбе" мына ойынға көлденеңінен қоя салады. Карпович өздерін көрсете алмай жүрген жастарды шығарады. Демек, "Мақтаарал" гол салуы тиіс.
"Қайраттың" жастары бас-көз жоқ шабуылдайды, "Орда" да сондай ұжым. 10 бұрыштама көтеруі тиіс жабылып жүріп.
Міне, осындай болжам. Кешке Рыбакинаның жеңісіне де қоямын. Ол енді не обсуждается
975 views08:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 20:05:41
Қуанышты жаңалық! "Юнайтедті" іштен іріткен Поль Погба "Ювентусқа" құрыды. Енді МЮ жақсы ойнап кетеді деп отырмын. Қара күйе боп жабысқан француз "Манчестерге" зияннан басқа ештеңе әкелген жоқ. Соның кесірінен трансферный бан алынды. 98 лямға қайта сатып алған соң, Моуриньоны жұмыстан кетірді. Қасына өзі сияқты қараларды жинап алып, билегеннен басқа түк қатырмады. Арасында гол салып, 2-3 пас шығарғаны болмаса түк те пайдасы болмады.
575 views17:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 20:00:41 "Қайсар" премьер лиганың командасын жеңіп жіберді. Ал Джокович финалға шықты. Кирьоспен кездеседі. Ертең біздің Леночка шығады. Соның жеңісіне қоямын. Ұтылса да арман жоқ.
594 views17:00
Ашу / Түсініктеме