Get Mystery Box with random crypto!

'Кристал Пэлас' академиясының құрылысы аяқталды. Осыдан бірша | Kommentator Maulen

"Кристал Пэлас" академиясының құрылысы аяқталды.

Осыдан біршама уақыт бұрын мен "Кристал Пэлас" клубы жеке академия салып жатыр деп жазған едім. Енді міне кеше сол керемет ғимараттың ашылу салтанаты болды. Қызыл лентаны клуб түлегі, Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт кесті. Академия құрылысына жалпы сомада 20 млн еуро кетіпті. Бұл ақшаны клуб Арон Ван Биссака деген ойыншыны сатқан соң тапты. Қорғаушы "Манчестер Юнайтед" командасына 50 млнға сатылған еді. Бір ойыншы сатып 100 жыл тұратын академия салып алды.