Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator Maulen

Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen K
Telegram арнасының логотипі e_maulen — Kommentator Maulen
Арна мекенжайы: @e_maulen
Санаттар: Блогтар , Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.70K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-04-16 16:02:23 https://inbusiness.kz/kz/news/elena-rybakina-songy-upajga-dejin-kurestim
535 views13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 16:02:09
#billejeankingcup жарысында Қазақстан құрамасы Германияны 3:0 есебімен жеңді. Ал мен әдеттегідей @lenarybakina жанкүйері болып, қолдау көрсеттім. Лена-қыз сәл жүдеңкіреп қалғанын байқадым. Дубайда кездескенімізді еске алып, сағынышымызды басқандай болдық. Енді дүйсенбі күні Штутгарттағы жарыста өнер көрсетемін дейді.
519 views13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 15:30:51
Мен енді "Абаттың сақалы" ютуб арнасында подкаст жүргізетін боламын. Алғашқы түсірілім "Тараз" клубының президенті Жандос Ахметовпен өтті.




546 views12:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 21:29:25
- Тиіспейін, тиіспейін!
Келші қалқам, шашыңнан иіскейін!

МанСити - Ливер 2-2. АПЛ чемпионы кім болады?
968 views18:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 21:22:09 Риота Муратамен Қазақстанда емес, Жапонияда кездесуінің сыры неде? Ең алдымен дәл сол медиа-нарық қатты әсерін береді. Өкінішке қарай Қазақстанда ақылы телекөрсетілім, миллиардтаған аудиториясы бар телеарна, қомақты қаржы бөлетін жарнама агенттіктері жоқ. Ал Жапонияда ол бар. Жекпе-жек өтетін локацияда телеөнім тудыратын брод-каст компанияның сапалы жұмысы ауадай қажет. Ал Қазақстанда сол брод-каст компания бұрын соңды болмаған.
Қазақ телевизиясы шоу-бизнес, гала-концерт секілді өнімдерді ғана продукциялады. Спорттық іс-шарларды әлемдік хабар таратушы арналардан көрсету мүмкіндігі өте аз. Кәсіпқой бокста барлығы қаржыға келіп тіреледі. Тағы бір маңызды фактор жарнаманың жоқтығы. Миллиондаған еуро көлемінде жарнама беретін агенттіктер Қазақстан аумағында некен-саяқ, тіпті жоқтың қасы. Осындай бірнеше маңызды жағдайлардың Қазақстанда жоқтығының салдарынан Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясы елімізде бокс кешін өткізуден бас тартып келді. Бұл жерде патриоттық сезім, Ұлттық рух, отандық жанкүйерлердің тілін табу деген ойлар мүлде болған жоқ. Головкинннің промоутерік ұжымы тек қана қаржылық мәселерді алға тартады. Ақшаға құныққаны сонша, 16 жылда қазақстандық боксшы елімізде бокс кешін өткізбеді.
Екінші мәселе Геннадий Головкиннің Қазақстан кәсіпқой боксына берген пайдасы туралы болмақ. Әлемдік баспасөз Головкин Қазақсан азаматы болғандықтан оның ізін жалғап, көптеген жас дарынды боксшылар шығып жатыр, - деп жазады. Ал шынтуайтына келгенде Садриддин Ахметов, Бобыржан Момынов, Мейірім Нұрсұлтанұлы, Айдос Ербосынұлы секілді боксшылар Гена қатысқан Big Drama Show-дың андеркардына ешқашан қатысқан емес. Құрлық асып, қазақтың көк туын желбіретіп жүрген боксшылардың ешқайсысы да Головкиннің шапағытын көрген емес. Осыдан кейін Геннадиді қазақ боксына еңбегі сіңген тұлға деп кім айтады?
747 viewsedited  18:22
Ашу / Түсініктеме
2022-03-30 15:38:47
Не болды ал? Матч өтті, енді не істейміз?
1.2K views12:38
Ашу / Түсініктеме
2022-03-25 20:11:55
Кешегі матчта диктор болдым
1.5K views17:11
Ашу / Түсініктеме
2022-03-14 10:10:10 Мотиватор!

Талғат Маруаұлы Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері қызметінен кетті. Оның орнына Андрей Карпович келді. Талғат ағамызға алғыс айтып шығарып салғанымызбен, бұл кісінің бір жылда істеген шаруасына ешкім әлі баға бермеді. Ендеше бұл кісінің қасында жүрген баспасөз хатшы неге бір ауыз сөз айтпайды?

Ең алдымен біз Қазақстан - Франция ойынының алдында баспасөз мәслихатын түгел қазақ тілінде өткіздік. Талғат Маруаұлы қазақша сөйлеген соң тілшілердің де сұрақ қойып белсенді болғаны анық. Қазақ тілінде сөйлеген адам қазаққа жаны ашиды, ұлттық құраманың намыссыз жеңілгенін қаламайды. Сосын бұл кісінің ерекше ұстанымдары болды. Ойынға дейін киім шешетін бөлмеге сырттан ешкімді кіргізбейтін. Ойынға дейін дәріс оқып, футболшыларға бәрін түсіндіреді. Бірақ, футболшылар 15 минут ойыннан кейін бәрін ұмытып қалып жатады. Футболда өзі солай. Бірінші таймды нашар ойнап, өз-өзімізге келе алмай жатқан соң, үзілісте бас бапкер шәкірттерін сабырға шақырады. Әркімнің қаталігін көрсетіп, жүрегіне жететін сөздер айтатын. Соның арқасы шығар, соңғы іріктеу ойындарының барлығында 2-таймда гол салып шықтық. Украинаға Киевте, "Астана Аренада", сосын Босниямен 2:2 ойнағанда да 2 голды екінші таймда салдық. Бұл бапкердің мотиватор екендігінің дәлелі. Бұрын естеріңізде ме, Қазақстан құрамасы бірінші таймды тамаша ойнап, екінші таймда шаршап қалып, соңғы минуттарда гол жібере беретін еді. Талғат Маруаұлының кезінде барлығы басқаша болды. Футболшылар шаршап қалса қолды бір сілтеп жандарын қинағысы келмей жүру деген жоқ еді. Барлығы да жанын салып ойнады. 90 минуттарда біз гол салудың көкесін көрсеттік. Украинаға да, Боснияға да.
Босния демекші, соларға қарсы ойынның алдында бір күн бұрын қонақүйде түнімен видео монтаждап, ҚФФ сайтына мақалалар салып отырдым. Талғат ағамыз қайта-қайта далаға шығып, темекі тартып, ұйықтай алмады. Үшінші мәрте сыртқа шыққанында:
- Ей анау футболисттер бәрі ұйықтап жатыр ма? - деп менен сұрады.
- Иә, тым-тырыс бәрі ұйқыда, - дедім.
- Оларға рахат қаперсіз жата береді ұйықтап, мен болсам ертеңгі матчты ойлап мазам болмай тұр", деп екінші темекісін қатарынан шекті. Баспасөз мәслихатында Босния тілшілері "аутсайдер командасыздар ғой" дегені намысына тигені анық. Сол жиыннан шығып футболшыларға қатты-қатты батырып айтыпты. Ертесіне сол намыспен менсінбеген Босния құрамасына 2 гол салдық.
Теориялық жиында футболшыларға Әлихан Бөкейхановтың қанатты сөздерін келтіріп, өз күшіне сенбеген ұлт ешқандай жетістікке жетпейтінін айтқаныңыз да масқара мотивация болды! Ат айналып қазығын табады. Ұлттық құрамаға бапкер болып түбі қайта айналып келесіз деген сенімдемін, Мотиватор!
4.8K views07:10
Ашу / Түсініктеме
2022-03-10 10:20:01 Түнде футбол, күнде футбол.
1.4K views07:20
Ашу / Түсініктеме