Get Mystery Box with random crypto!

Қызылорда облысы, Арал қаласының маңындағы Қарақұм ауылында қа | Kommentator Maulen

Қызылорда облысы, Арал қаласының маңындағы Қарақұм ауылында қарапайым балықшылар отбасында дүниеге келген Елена Рыбакина жастайынан спортқа әуес болды. Әкесі Андрей теңізге шықса болды қалақшамен балық жинап, үлкен тормен мол олжалы қайтатын. Содан болар бүлдіршін қыз Елена қолына қалақша алып, тәй-тәйінан теннис ойнай бастады. Көзін ашқалы бері тор көргенен кейін бе, ол матч кезінде торға жақындап, шабуылға көп шығады. Көзкөргендердің айтуынша Ленаның арғы немере әжесі сексеуілді сексеуілге ұрып жарғыш, қолының қаруы бар кісі болған деседі. Рыбакинаның эйсті мықты соғуы сол әжесінен дарыған дейді білетіндер. Жас теннисшінің болашағы жарқын екені алғашқы жарыстан-ақ белгілі болды. Қармақшы ауданында өткен WТA 250 додасында ол бас жүлдені қанжығасына байлады. Кейіннен Балқашта өткен "Өнер теннисі" мега жобасында көрермен көзайымына айналды. 2019 жылдың аяғында Елена "Теннис ақтаңгері" арнайы жүлдесін жеңді. Ал күні кеше ғана Е.Рыбакина Ұлыбританияның әлемге әйгілі Уимблдон жарысын ұтып, күллі Алаш жұртын шаттыққа бөледі. Қызылорда облысы, "Жаманат" партиясының бөлімшесі ел үмітін ақтаған Еленаға ат мінгізіп, 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстайтын болды. Бұл жетістіктердің барлығы өңірдегі тенниске бөлініп жатқан көңілдің арқасы деп біледі облыстық спорт басқармасы.