Get Mystery Box with random crypto!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Telegram арнасының логотипі denminpr — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қ
Telegram арнасының логотипі denminpr — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Арна мекенжайы: @denminpr
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 3.55K
Арнадан сипаттама

Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-09-01 08:36:56
Мемлекет басшысы Медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін күшейтіп, медициналық көмектің сапасын арттыруды тапсырды

ҚР Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына жолдауында медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығына тоқталып, қаржыландыруға сәйкес медициналық көмек сапасын арттыруды тапсырды.
«Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.
Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді.
Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі.
Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.
Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы

t.me/bort_01
244 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 07:39:52 ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР СІЗДЕРДІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Қымбатты достар, ата-аналар, оқушылар мен студенттер, 1 қыркүйек - оқу жылының басталуы әрқайсымыз үшін бала кезімізден ерекше әсерлі мереке.

Отбасылық әл-ауқаттың, ата-ана бақытының, сәтті оқудың негізі біздің балаларымыздың денсаулығы екенін бәріміз білеміз.

Қазіргі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде балалардың денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің кепілді қамтамасыз етуінде тұрғанын айта кеткен жөн.
2020 жылы Қазақстанда алғаш рет мектеп медицинасы медициналық көмек пакетімен жеке бағыт болды, оған білім алушы контингенттің тікелей оқу орнында профилактикалық тексеріп-қараулары, оның ішінде бейінді мамандардың, стоматологтың консультациялары кіреді.
Ауру белгілері, қандай да бір ағзалар жұмысының бұзылуы анықталған кезде бала бекітілген емхана арқылы тереңдетілген медициналық зерттеп-қарауға жіберіледі.

Осылайша, мектеп медицинасы, әсіресе диспансерлік есепте тұрған балалардың денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауға, шұғыл жағдайларда көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Балалардың денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Бұл ретте бастапқы медициналық ұйымдардың деңгейінде профилактикалық бағытты күшейту ерекше маңызға ие.

Барлық қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтай отырып, әрбір оқушы мен студентке мықты денсаулық тілеймін, ол қарапайым ережелерді – тамақтану режимін, физикалық белсенділікті және оң көзқарасты сақтауға байланысты!
310 views04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 07:39:50
288 views04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 10:55:28 Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
1995 жылы 30 тамызда адамның басты құндылықтарын, құқықтары мен бостандығын айқындаған Ата заңымыз қабылданды. Конституцияның 29-бабында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы бекітілген. Азаматтарымыз заңмен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы.
Негізгі құқықтық қайнаркөзіміз саналатын Конституциядағы нормалар мен принциптер Қазақстан мемлекеттігін дамытудың мызғымас іргетесіне айналды. Еліміздің әлеуметтік және саяси тұрақтылығын, халқымыздың бейбітшілігі мен ынтымақтастығын нығайтты.

Осы орайда мемлекетіміз әлеуметтік жаңғыру және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту бағдарын ұстана отырып, азаматтар алдындағы міндеттемелерін орындауды ұдайы жетілдіріп келетінін айта кеткім келеді.
Атап айтқанда, 2020 жылы 7 шілдеде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, сондай-ақ «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының орындалуы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әрдайым басты назарында. Өскелең ұрпақтың саулығына, ана мен балаға, қарттарға қамқорлық, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті сапалы ұйымдастыру, елімізде озық технологияларды игерген инновациялық клиникалар ашу – мұның бәрі біздерден – денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінен кәсібилікті, зор жігер мен мақсаткерлікті талап етеді.
Осынау айтулы мерекеде барша қазақстандықтарды, әріптестерімді азаматтарымыздың игілігі үшін қалтқысыз қызмет етуге шақырамын. Әрбір отандасыма шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Еліміздің келешегі кемел, аспанымыз ашық болсын!
392 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 10:55:14
367 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 06:42:15
Главные события Министерства здравоохранения за неделю (22.08.2022-28.08.2022)
535 views03:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 09:31:01
На 2022 год в рамках Национального проекта «Качественное и доступное здравоохранение для каждого гражданина «Здоровая нация» запланировано приобретение 6 ед. высокотехнологического лабораторного оборудования, которое позволит расширить перечень показателей, регламентируемых в подконтрольных Технических регламентах ТР ЕАЭС (определение токсичных элементов в окружающей среде (воздух, вода и почва), игрушках, товарах народного потребления и консервантов, гормонов, пищевых добавок, красителей, аминокислот, антибиотиков в пищевых продуктах).
615 views06:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 09:30:21
2022 жылға ««Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында 6 жоғары технологиялық жабдық бірлік сатып алу жоспарлануда.  Олар ЕАЭО Техникалық регламенттеріндегі көрсеткіштер тізбесін (қоршаған ортадағы улы элементтерді (ауа, су және топырақ), ойыншықтарды, халық тұтынатын тауарлар мен консерванттарды, гормондарды, тағамдық қоспаларды, бояғыштарды, амин қышқылдарын, Тамақ өнімдеріндегі антибиотиктерді анықтау) кеңейтуге мүмкіндік береді.
547 views06:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 06:55:34
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алқа отырысында медициналы көмек сапасының проблемалық мәселелері талқыланады

Денсаулық сақтау министрлігінде құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың денсаулық сақтау басқармаларының, ірі республикалық клиникалардың басшылары мен ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша ведомствоның алқа отырысы басталды.
Медициналық көмектің сапасы, соның ішінде аймақтар мен медициналық ұйымдардың жұмысына талдау мен рейтинг жөнінде негізгі баяндаманы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жасайды.
762 views03:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 06:54:23
На заседании коллегии Минздрава РК будут обсуждены проблемные вопросы качества медпомощи

В Министерстве здравоохранения начинается заседание коллегии ведомства по вопросам исполнения поручений Главы государства с участием руководителей структурных подразделений, подведомственных организаций, Управлений здравоохранения областей, городов республиканского значения и столицы, крупных республиканских клиник, представителей Общественного совета МЗРК.
С основным докладом по вопросам качества медицинской помощи, включая рейтинги и анализ работы регионов и медицинских организаций, выступит министр здравоохранения Ажар Гиният. 

Далее ожидаются выступления курирующих вице-министров и руководителей подведомственных структур о ходе реализации поручений Главы государства по таким направлениям, как совершенствование службы родовспоможения и детства, улучшение уровня сельского здравоохранения, построения цифрового здравоохранения eHealth и повышения эффективности реализации системы ОСМС.
736 views03:54
Ашу / Түсініктеме