Get Mystery Box with random crypto!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Telegram арнасының логотипі denminpr — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қ
Telegram арнасының логотипі denminpr — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Арна мекенжайы: @denminpr
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 3.55K
Арнадан сипаттама

Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-07-21 06:25:29
О создании биофармацевтического холдинга «QazBioPharm»

В рамках исполнения поручения Главы государства касательно системных мер по обеспечению биологической безопасности страны приняты следующие меры.

Принято постановление Правительства РК "О вопросах создания акционерного общества "Национальный холдинг "QazBioPharm";
• Проведена государственная регистрация АО "Национальный холдинг " QazBioPharm" в НАО "Правительство для граждан";
• Произведена государственная регистрация выпуска объявленных акций АО "Национальный холдинг "QazBioPharm" в АРРФР;
• Для обеспечения деятельности Холдинга выделены средства из республиканского бюджета на 2022 год в сумме 380 млн тенге.
365 views03:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 06:01:55
“QazBioPharm” биофармацевтикалық холдингін құру туралы

Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде мынадай шаралар қабылданды.

"”QazBioPharm" Ұлттық холдингі” акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы" ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды;
* "QazBioPharm" Ұлттық холдингі" АҚ-ның "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-да мемлекеттік тіркеуі өткізілді;
* "QazBioPharm" Ұлттық холдингі" АҚ-ның ҚНРДА-да жарияланған акцияларының шығарылуына мемлекеттік тіркеу жүргізілді;
* Холдингтің қызметін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 380 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.
349 views03:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 06:08:12
Главные события Министерства здравоохранения за неделю (11.07.2022-17.07.2022)
272 views03:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 05:57:56
Денсаулық сақтау министрлігінің аптадағы басты оқиғалары (11.07.2022-17.07.2022)
280 views02:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:55:26
305 views08:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:55:20 Қазақстанда КВИ ауруының өсуі байқалуда

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде елдегі COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.
"Әлемде және Қазақстанда 20 маусымнан бастап аурушаңдықтың өсуімен қатар КВИ аурушаңдығының өсуі де байқалады, соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,5 есеге - 1030-дан 2558 жағдайға дейін өсті. Тәулігіне КВИ+ - нің 1300-ге дейін және КВИ- -нің 15-ке дейін жағдайы тіркелуде", - деді министр.
Бұл ретте соңғы аптада ауырғандардың 70%-ы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі.
Маусым айында жүргізілген секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда үлгілердің 70%-ы Омикрон ВА.5 нұсқасына, қалған 30%-ы жасырын омикрон нұсқасына тән екені анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы сырқаттанушылықтың көтерілуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі әлі де төмен екенін атап өтті.
Ағымдағы жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша республикада КВИ бойынша стационарлық көмекті қуаты 3282 төсек болатын 139 инфекциялық аурухана көрсетеді, онда 570 пациент емдеуге жатқызылды, 2 817 төсектің 570 төсек-орны немесе 20%-ы жұмыспен қамтылды.
Сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, реанимациялық төсек-орындарды жұмыспен қамту 4%-ды құрайды.
"Стационарлық емделуде жатқан пациенттерге талдау жүргізілді. Мәселен, КВИ бар стационарлық емдеудегі пациенттердің ішінде 18 жасқа дейінгі балалар - 41,7%-ды, оның ішінде 1 жасқа дейін - 23%-ды құрайды. Ересек пациенттер 58,3%-ды құрады. Әртүрлі қатар жүретін аурулары бар пациенттер - 23%", - деп хабарлады А. Ғиният.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде КВИ бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін КВИ бар науқастарды бақылау бойынша 2387 мобильді бригада, оның ішінде 1010 ауылда ұйымдастырылды.
А.Ғиният КВИ-ға қарсы вакцинация инфекцияның ауыр түрлерінен және ауруханаға жатқызудың алдын алудың жалғыз қол жетімді нақты шарасы екенін тағы да еске салды.
"Вакцинация және ревакцинация инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала береді. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының мысалында ауырғандардың 80% - ы вакцинациянадан өтпеген немесе 6 ай бұрын егілген, бұл КВИ-ға қарсы вакцинациялау қажеттілігін тағы да растайды", - деп атап өтті ҚР ДСМ басшысы.
Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін вакциналардың 3 түрі (ҚазВак, Синофарм, Пфайзер), қайта вакцинациялау және ревакцинациялау үшін – Қазвак және Синофарм қолжетімді. Егу пункттерінде қалған вакцинаның 1,6 миллион дозасы бар.
312 views08:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:49:46 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН "БОЛАШАҚ" СТИПЕНДИЯСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында медициналық мамандықтар бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидаларын жақсарту туралы шешім қабылданды.

Отырыс барысында медицина қызметкерлерін даярлаудағы негізгі қиындықтар: шет тілін нашар білу және орыс тілінде оқытатын үздік жоғары оқу орындарының аз саны екені атап өтілді.

Осыны ескере отырып, медициналық бағыттағы үміткерлердің академиялық бағдарламаларға қолжетімділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында Министрлік іріктеу қағидаларына бірқатар түзетулер енгізуге бастамашылық жасады.

Осылайша, академиялық оқуға "медицина қызметкерлері" жеке санаты айқындалды; мұнда "медицина қызметкерлері" санаты үшін түсу кезінде ағылшын тілін меңгерудің талап етілетін деңгейі IELTS 5.0 дейін төмендетілді; сондай-ақ көрсетілген санат үшін 12 айға дейінгі мерзімге тілдік даярлыққа рұқсат етілді.

Сондай-ақ, "Тағылымдама/Медицина" бағдарламасы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясы гранттарының санын 15-тен 20-ға дейін арттыру туралы шешім қабылданды.

2022 жылға "Медицина" бағыты бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясының шекті саны анықталды: "магистратура", "резидентура" бағдарламалары бойынша – 25; "докторантура" бағдарламасы бойынша – 5; "тағылымдама" бағдарламасы бойынша – 20.

Сонымен қатар, отырыста 2022 жылы "Медицина" бағыты бойынша конкурстық іріктеуден өткен 8 үміткерге стипендия тағайындалды.

Министрлік "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін жағдай жасау, медицина кадрларын оқытуға тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Стипендияларды толық көлемде беру жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мен Роттердам Эразмус университеті арасында "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде отандық медицина мамандарын даярлау туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылатынын атап өткен жөн.
223 views05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 05:50:47
289 views02:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 05:50:41 Транспортная медицина: более 1,4 млн медуслуг получили жители отдаленных сел РК
 
Более 1,4 млн медицинских услуг получили жители отдаленных районов в передвижных медицинских комплексах и медицинских поездах за 6 месяцев 2022 года.
 
В настоящее время в стране медуслуги специалистов и диагностические услуги широкого профиля предоставляют 149 передвижных медкомплексов. Так, за полгода 2022 года услугами ПМК охвачено 1530 населенных пункта и оказано услуг 822 325 жителям села.
 
Проведено 358 181 диагностическое исследование, 222 485 лабораторных исследований, 787 292 консультаций профильных специалистов, выявлено 50 689 больных, из них взято на учет – 12 883 человек.
 
Также медобследование и диагностику жители отдаленных населенных пунктов получают в медицинских поездах.
 
Напомним, проект «Медицинские поезда» реализуется при содействии Министерства здравоохранения РК Фондом развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust» совместно с Корпоративным фондом «Фондом социальных проектов» при АО НК «Қазақстан Темір Жолы» от лица группы компаний АО «Самрук-Қазына».
 
Так, с 23 мая медицинским поездом «Жәрдем» осмотрены жители 24 станций из 79 запланированных, из них обследовано- 8036 жителей, в том числе 3255 детей. Врачебных посещений- 34 911, малых хирургических операций-138.
 
В свою очередь медицинским поездом «Саламатты Қазақстан» осмотрены жители 11 станций из 68 запланированных, из них обследован - 1781 житель, в том числе 246 детей. Врачебных посещений- 1781, малых хирургических операций-195.
 
В общем, планируется, что медпоезда охватят медуслугами более 366 тыс. человек, а число врачебных посещений составит 100 000. 
 
Кроме того, для сельских жителей расширены перечни профосмотров на выявление заболеваний. Соответствующий приказ утвержден министерством здравоохранения.
 
Так, для проведения профилактических осмотров жителей села, предусмотрено увеличение охвата населения за счет определения новой целевой группы, начиная с 18 до 29 лет, с целью выявления на ранних стадиях заболеваний сердечно-сосудистой системы, сахарного диабета, хронических заболеваний желудка и почек.
Также сельским жителям расширены услуги на раннее выявление заболеваний желудочно-кишечного тракта, мочевыделительной системы, туберкулеза в старшей возрастной группе и рака предстательной железы.
277 views02:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 05:50:33 Көлік медицинасы: ҚР шалғай ауылдарының тұрғындары 1,4 млн-нан астам медициналық қызмет алды
 
Шалғай аудандардың тұрғындары 2022 жылдың 6 айында жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздардан 1,4 млн-нан астам медициналық қызмет алды.
 
Қазіргі уақытта елімізде 149 жылжымалы медициналық кешен мамандардың медициналық қызметтерін және кең бейінді диагностикалық қызметтерді ұсынады. 2022 жылдың жарты жылында ЖМК қызметімен 1530 елді мекен қамтылды және 822 325 ауыл тұрғынына қызмет көрсетілді.
 
358 181 диагностикалық зерттеу, 222 485 зертханалық зерттеу, 787 292 бейінді мамандардың консультациясы жүргізілді, 50 689 науқас анықталды, оның ішінде 12 883 адам есепке алынды.
 
Сондай-ақ, шалғай елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыздардан медициналық тексеру мен диагностика алады.
 
Естеріңізге сала кетейік, "медициналық пойыздар" жобасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының атынан "Қазақстан Темір Жолы" ҰК АҚ жанындағы “Әлеуметтік жобалар қоры" Корпоративтік қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
 
23 мамырдан бастап "Жәрдем" медициналық пойызы жоспарланған 79 станцияның 24 тұрғындарын тексерді, оның ішінде 8036 тұрғын, 3255 бала тексерілді. Дәрігерлік қабылдау-34 911, шағын хирургиялық операциялар-138.
 
Өз кезегінде " Салауатты Қазақстан" медициналық пойызы жоспарланған 68 станцияның 11 тұрғындарын тексерді, оның ішінде 1781 тұрғын, 246 бала тексерілді. Дәрігерлік қабылдау - 1781, шағын хирургиялық операциялар-195.
 
Жалпы, медициналық поездар 366 мыңнан астам адамды медициналық қызметтермен қамтиды, ал дәрігерлік келушілердің саны 100 000-ды құрайды деп жоспарлануда. 
 
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін ауруларды анықтауға арналған кәсіби тексерулердің тізбесі кеңейтілді. Тиісті бұйрықты Денсаулық сақтау министрлігі бекітті.
 
Осылайша, ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеруді жүргізу үшін 18 жастан 29 жасқа дейінгі жаңа нысаналы топты анықтау есебінен жүрек-қантамыр жүйесі, қант диабеті, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларын ерте сатысында анықтау мақсатында халықты қамтуды ұлғайту көзделген.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына асқазан-ішек жолы, зәр шығару жүйесі, ересек жастағы топтағы туберкулез және қуықасты безі обырын ерте анықтау қызметтері кеңейтілді.
261 viewsedited  02:50
Ашу / Түсініктеме