Get Mystery Box with random crypto!

ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР СІЗДЕРДІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚ | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР СІЗДЕРДІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Қымбатты достар, ата-аналар, оқушылар мен студенттер, 1 қыркүйек - оқу жылының басталуы әрқайсымыз үшін бала кезімізден ерекше әсерлі мереке.

Отбасылық әл-ауқаттың, ата-ана бақытының, сәтті оқудың негізі біздің балаларымыздың денсаулығы екенін бәріміз білеміз.

Қазіргі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде балалардың денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің кепілді қамтамасыз етуінде тұрғанын айта кеткен жөн.
2020 жылы Қазақстанда алғаш рет мектеп медицинасы медициналық көмек пакетімен жеке бағыт болды, оған білім алушы контингенттің тікелей оқу орнында профилактикалық тексеріп-қараулары, оның ішінде бейінді мамандардың, стоматологтың консультациялары кіреді.
Ауру белгілері, қандай да бір ағзалар жұмысының бұзылуы анықталған кезде бала бекітілген емхана арқылы тереңдетілген медициналық зерттеп-қарауға жіберіледі.

Осылайша, мектеп медицинасы, әсіресе диспансерлік есепте тұрған балалардың денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауға, шұғыл жағдайларда көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Балалардың денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Бұл ретте бастапқы медициналық ұйымдардың деңгейінде профилактикалық бағытты күшейту ерекше маңызға ие.

Барлық қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтай отырып, әрбір оқушы мен студентке мықты денсаулық тілеймін, ол қарапайым ережелерді – тамақтану режимін, физикалық белсенділікті және оң көзқарасты сақтауға байланысты!