Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін күш | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекет басшысы Медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін күшейтіп, медициналық көмектің сапасын арттыруды тапсырды

ҚР Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына жолдауында медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығына тоқталып, қаржыландыруға сәйкес медициналық көмек сапасын арттыруды тапсырды.
«Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.
Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді.
Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі.
Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.
Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы

t.me/bort_01