Get Mystery Box with random crypto!

~ Ұрыс-керіс туралы Бірде ұстазы бір шәкіртінен былай сұрады | 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША

~ Ұрыс-керіс туралы

Бірде ұстазы бір шәкіртінен былай сұрады:

- Неге ұрысқанда адамдар дауыс көтеріп сөйлейді?

- Сабырынан айырылған соң сөйтетін шығар, - деп болжам айтады шәкірті.

- Бірақ ұрысатын адам жаныңда тұрса, неге айғайлау керек? - деп ұстазы қайыра сұрайды.

Шәкірті таң қалып, ұстаздың өзіне қарады. Оның бұл жайында ешқашан ойланбағаны білініп тұр. Сонда ұстаз былай дейді:

- Адамдар арасында кикілжің болғанда, бір-біріне көңілі қалғанда олардың жүректері бір-бірінен алыстайды. Жүрекпен бірге жандары да алыстайды. Бір-бірін есту үшін айғайлауға тура келеді. Реніші мен ашуы қатты болған сайын айғайы да қаттырақ жаңғырады. Адамдар ғашық болғанда қайтеді? Олар дауыс көтермейді. Бәсең дауыспен сөйлеседі. Жүректер бір-бірін қатты сезеді. Арадағы қашықтық сызылып, өшіп қалады. Ал, егер, адамды махаббат басқарса не болатынын білесіңдер ме? - деп ұстазы тағы сұрайды. - Олар дауыстап сөйлеспейді, олар сыбырласып қана ұғынысады. Кейде сөздің де қажеті болмай қалады. Көздері бал-бұл жанып тұрады. Ұрыс-керіс адамды адамнан алыстатады. Дауыс көтеріп сөйлеу сол қашықтықты одан сайын алыстатады.

Пы/сы: дауыс көтере бермеңдер. Әйтпесе, бір-біріңнен қатты алыстап кетіп, кері қайтатын жолды таппай қаларсыңдар.