Get Mystery Box with random crypto!

Өзгелерді қызғаншақтыққа айыптамас бұрын, онымен ешқандай байл | 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША

Өзгелерді қызғаншақтыққа айыптамас бұрын, онымен ешқандай байланысы жоқ сезімдерді анықтап алайық:

1. Бір әйел өзінің әріптесіне қызғанышпен қарайтынын айтушы еді. Өйткені оған басшы маңызды жоба беріп, жобаны ол емес, жылға жуық уақыт бұл атқарып келген. Сонда да ол қыз жоғары лауазым, жоғары жалақы және сыйлықтарға ие болды. Шетелдік конференцияларға да сол барды. Қалғандарына түк те жоқ. Ол үшін бар жұмысты өзгелер атқаруға мәжбүр болды. Себебі ол ханым бастықтың досының қызы...

Бұл қызғаныш емес, бұл жоғалған әділеттілік сезімі!

2. Бәсекеге түсу, құмарлықты да қызғанышпен шатастырады. Көршім керемет үй салды. Ол жүк тасымалдаумен айналысатын, ал мен қарапайым такси жүргізушімін. Мен де сондай зәулім үй салғым келді. Сондықтан мен көршімнен үлгі алып, тәуекел еттім. Несиеге жүк көлігін сатып алып, одан да көп ақша табамын және одан да жақсы үй саламын. Содан кейін мен көршіме әдемі үйімді көрсетемін дейік.

Бұл қызғаныш емес, құмарлық пен бәсекелестік қана.

3. Реніш пен азап тудыратын сезімдер де қызғаныш емес.

Бір әйелдің нәрестесі қайтыс болды, ол қайта балалы бола алмайтынын білетін. Ал досы оған өз балалары туралы үнемі мақтанып айтып отырды. Фотоларын көрсетіп, тағдырының осындай бақыт сыйлағанын баяндаудан жалықпайтын. Әйелге досымен сөйлесу қиын еді. Досы бұны қызғанады деп ойласа, оған өзін кінәлі сезінді. Расында бұл сезім аш адамның көз алдында дәмді тамақты бөліспей жеу сияқты болатын. Аш адам қызғаныш емес, аштық пен азапты ғана сезінеді.

4. Бір нәрсені қатты қалау, таңырқау, соған қол жеткізсем деп армандау тамаша нәрсе. Әдемі көйлек пен қымбат көлік иесі болсам деу де қызғаныш емес. Ол— табысқа жету мотивациясы, сіздің тірі екеніңіздің белгісі.
Ал, егер сіз өзіңізден артығырақ өмір сүріп жатқандарға #бақытсыздық_тілеп: көршіңіздің үйі өртеніп жатса қуанып, бастығыңыз сізден артық көрген жанның суретіне ине шаншып, досыңыздың балаларына өлім тілесеңіз, бұл – #ҚЫЗҒАНЫШ, бұл—#ДЕРТ...

Сондықтан қызғаныш дертінен дер кезінде емделу керек...

Анна Кирьянова