Get Mystery Box with random crypto!

ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Telegram арнасының логотипі biliminform — ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН Е
Telegram арнасының логотипі biliminform — ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН
Арна мекенжайы: @biliminform
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 50.15K
Арнадан сипаттама

Қазақстанда білім саласындағы №1 канал.
№1 канал в сфере образования в Казахстане.
Ұсыныстар бойынша 📥 @Zhanasilkz
По вопросам обращаться 📥 @Zhanasil

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-11-26 07:56:28

915 views04:56
Ашу / Түсініктеме
2022-11-26 07:00:59
Бүгін сағат 10:50-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтеді

Сегодня в 10:50 часов состоится церемония инаугурации Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева

t.me/bort_01
365 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-11-25 22:13:23 Елімізде оқушылардың орта білімді сапалы, жоғары деңгейде алуы үшін мектептегі орын тапшылығы мәселесі бірінші орында тұр. Қазақстанда қымбат, бірақ сапасыз мектептер салынуда, - деп қоғамдық белсенділер мен сарапшылар дабыл қағып жатыр. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен орта мектебін салуға қанша ақша жұмсалады? Мектеп құрылысының құнында айырмашылығы неде? Министрлік қандай талаптар қояды? Сапасыз мектептерді кім қабылдайды?









293 views19:13
Ашу / Түсініктеме
2022-11-25 21:40:18
Әдемі. Көк байрағымыз.

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY (КАЗГЮУ) Студенттік қабылдау шарасы.
490 views18:40
Ашу / Түсініктеме
2022-11-25 16:59:09

1.3K views13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-11-25 11:38:54 Алматыда Ed-crunch өтіпті. Қандай пайдасы бар екені түсініксіз. Спикерлерді қарап шықтым. 100 шақты тақырыптың ішінен 2-3 тақырып қана біздің қарапайым мемлекеттік мектептер үшін пайдалы болуы мүмкін. Осындай утопиялық идеясы бар форумдарды тоқтатып, мемлекеттік мектептердегі нақты мәселелерді шешу керек. Алматы акиматы осындай форумдарға ақша бөлгенше, мектептердегі мәселелерді шешуі қажет. Әрине, Қиясов бизнесмен ретінде ақша жасайды бұл шарадан, бірақ орта мектептердің мәселелесін шешуде пайдасы өте аз шара.

Мектеп директорларымен сөйлестім, риза еместері баршылық. Тек нетворкинг үшін ғана пайдасы болмаса.

Ерболат Мұхамеджан
4.1K views08:38
Ашу / Түсініктеме
2022-11-25 07:28:43
24 қараша күні Теміртау қаласында «Сайлау қорытындысы: эксперттер пікірі» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.

Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.

Пікірталас барысында сайлаудың қорытындысы және оның Қазақстанның ішкі саясаты үшін маңыздылығы талқыланды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, саясаттанушылар, қоғам белсенділері, студенттер және ҚҚДИ сарапшылары қатысты.

Пікірталас модераторы: «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ сарапшысы Бауыржан Серікбаев.

Отырыс спикері Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Алпыспаев өз сөзінде: «Сайлау заңға сәйкес ашық және әділ өтті. Тек «естуші мемлекет» әділ мемлекетке айнала алады. Бұл сайлау Жаңа Қазақстанның құрылуында ерекеше маңызды рөл атқарып, жаңа саяси дәуірді ашты» деген пікірін білдірді.

«Sarap» эксперттік клубының Telegram-парақшасы:
 https://t.me/SarapDiscussionClub
1.4K views04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-11-24 23:43:35 Ақпарат - information
Білім - knowledge
Қабілет - skills

Біздің мектептерде Үстірттен Түбежікке көшкенде түйеге артқан жүктей оқушы балаларымыз оқулықтан белі қайысып жүреді. Үйге тапсырма берілгенде, Батыс Германияға таңертең жолға шыққалы тұрған шпионды дайындағандай үйіп-төгіп береді. Мұның барлығы - білім емес. Ол - жай ғана ақпарат.

Ал ақпаратты ұсынғанда - ұрсу, жеку, жер-жебіріне жету, тек баға үшін оқуға мәжбүрлеу - академиялық адалдықты түбірімен шірітіп жібереді.

Финляндия неліктен оқу-ағарту саласында лидер? Себебі, олар құрғақ ақпаратты үйіп-төгіп беру емес, білім беру жолын таңдаған.

Біз неліктен Финляндия сияқты емеспіз? Себебі, ақпаратты неғұрлым нығыздап берсек, біздің балаларымыз соғұрлым көп біліп шығады деп жанталасып жатырмыз.

Ол - біз сыпыртқымен ұшқан мыстан кемпірдің ізімен, бұтымызға SpaceX зымыранын артып ұшсақ та қуып жете алмаймыз.

Өйткені, қараңыздар:

- Минут сайын Гуглге 6.000.000 іздеу жасалады
- Минут сайын (қайталаймын, минут сайын!) Ютубке ұзақтығы 500 сағаттық видеоконтент жарияланады
- Минут сайын Инстаграмға 65 972 контент жарияланады
- Минут сайын 347 222 туит жарияланады
- Минут сайын Фейсбукте 1.700.000 пост жарияланады
- Минут сайын Уатсап арқылы 41,666,667 хат жіберіледі
- Минут сайын 231.458.333 емайл хат жіберіледі. (Domo 2022)

Ал күніне (қайталаймын, күніне) әлем халқы 2 500 000 000 (2,5 млрд) гигабайт ақпарат тудырады (SG Analytics, 2020).

Мұның барлығын біздің ұрпағымыз үйренуі, оқуы, игеруі үшін әлемдегі ақпаратты үйіп-төгіп мектеп оқушысының миына тықпалау міндет емес. Ол үшін мына мен оқып жүрген Бостон қаласындағы Boston Dynamics сияқты компаниялар роботтар жасап жатса, Open AI компаниясы GPT-3 сияқты әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект негізіндегі технологияны жасап жатыр. Біздің ұл-қызымыздың робот болуының еш қажеті жоқ.

Білім беру керек. Тәрбие беру керек. Қабілет беру керек. Ал ол ақпаратты тықпалау, бағамен зорлау, үйретуді ұрсып-жекумен сүйемелдеу арқылы келмейді.

Баламен бала болу, білімді асықпай сіңіру, құндылықтар арқылы тәрбиелеу, нақты бір дүниені өз күшімен жасай алғанша сабырмен сабақ беру арқылы келеді.

Ал білімді және қабілетті баланың келесі сатысы - міндетті түрде даналық болмақ.

Әйтпесе, “Ислам бар, бірақ мұсылман жоқ” дегендей, мектеп-мұғалім-оқулық бар, алайда білім жоқ елге айналып барамыз ба деп қорқамын… (с) Тимур Бектұр
100 views20:43
Ашу / Түсініктеме
2022-11-24 08:27:54 Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген.



45 viewsedited  05:27
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 14:30:18
668 views11:30
Ашу / Түсініктеме