Get Mystery Box with random crypto!

ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Telegram арнасының логотипі biliminform — ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН Е
Telegram арнасының логотипі biliminform — ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН
Арна мекенжайы: @biliminform
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 50.15K
Арнадан сипаттама

Қазақстанда білім саласындағы №1 канал.
№1 канал в сфере образования в Казахстане.
Ұсыныстар бойынша 📥 @Zhanasilkz
По вопросам обращаться 📥 @Zhanasil

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-12-13 13:46:55 https://www.youtube.com/watch?time_continue=167&v=B8paz_iCipY
1.9K views10:46
Ашу / Түсініктеме
2022-12-10 20:01:23
Адамның тәніне тағамның құнарлығы қаншалықты маңызды болса, адамның жан қалауы да ақпараттың мәніне соншалықты мұқтаж.

Істің мәні, хабардың нәрі, деректің "дәні" "SARAP"-қа салынады.

Жаңалықтың мәзірінде бәрі бар.
Не қалайсыз?

https://t.me/SarapDiscussionClub
398 views17:01
Ашу / Түсініктеме
2022-12-08 20:32:00
«Sarap» эксперттік клубы - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырған сарапшылар ордасы. Клуб Қазақстанның түрлі өңірлерін аралап, саяси-әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылайтын аймақтық отырыстар өткізеді. Отырыстар барысында жергілікті эксперт, саясаттанушылармен, азаматтық қоғам белсенділерімен кездесіп, халықтың сұрақтарына жауап берумен айналысады. «Sarap» эксперттік клубының басты мақсаты – экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты мәселелерін халыққа түсінікті түрде жеткізіп, әрбір бастаманы жан-жақты қарастыру, осы арқылы қоғамның саяси сауаттылығын ашуға үлес қосу.
Алдағы уақытта клуб талқылауларына жастар да белсенді түрде қатысып, саяси сауаттылығын арттыру мақсатында «Sarap» клубының ұйымдастырушылары Tiktok-та "Sarapexpert" пайдалы ақпараттармен бөлісетін жаңа парақша ашты. Білімін арттырғысы келетіндер үшін таптырмас парақша.
https://www.tiktok.com/@sarapexpert?_t=8Y0bR4mPQqD&_r=1
626 views17:32
Ашу / Түсініктеме
2022-12-07 17:38:00
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастыруымен өтетін «Sarap» эксперттік клубының отырыстары 2022 жылы елдің 21 ірі қаласында 23 рет өткізілді. Эксперттік клубтың талқылауларына…
80 views14:38
Ашу / Түсініктеме
2022-12-07 17:33:54 Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастыруымен өтетін «Sarap» эксперттік клубының отырыстары 2022 жылы елдің 21 ірі қаласында 23 рет өткізілді.

Эксперттік клубтың талқылауларына жастар да белсенді түрде қатысып, әлеуметтік-саяси тұрғыдан сауатты болуы үшін аймақтық отырыстарының басым көпшілігі университет қабырғаларында ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында, сайлауалды бағдарламасында айтылған экономикалық, әлеуметтік салаға қатысты көтерген мәселелерді халыққа түсінікті түрде жеткізіп, әрбір бастаманы жан-жақты қарастыру «Sarap» клубының негізгі мақсаты болып табылады. Сондықтан, аймақтық отырыстарға әр өңірдің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, саясаттанушылар, қоғам белсенділері, университет оқытушылары және ҚҚДИ сарапшылары спикер ретінде шақыртылады.

@SarapDiscussionClub
212 views14:33
Ашу / Түсініктеме
2022-12-07 13:44:26 С - ындарлы ой
А - қиқат ақпарат
Р - ационалды пайым
А -заматтық көзқарас
П - арасатты пікір

SARAP - тәуелсіз таңдау талқысы.

https://vm.tiktok.com/ZMFqWNS4s/

@SarapDiscussionClub
213 views10:44
Ашу / Түсініктеме
2022-12-06 17:36:41 2022 жылғы 6 желтоқсанда Атырау қаласында «Қазақстан дамуының жаңа дәуірі: ауқымды өзгерістер» атты «Sarap» эксперттік клубының кезекті аймақтық отырысы өтті. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде орын алған жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова, сондай-ақ, саясаттанушылар, қоғам белсенділері, студенттер мен ҚҚДИ сарапшылары қатысты.

Отырыс барысында сарапшылар Президент атап өткен жаңа саяси реформаларды іске асырудың тиімді жолдарын қарастырып, әлеуметтік-экономикалық даму, жаңа саяси жағдайларда халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелерін талқылады.
Іс-шараның модераторы болған ҚҚДИ КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова өз сөзінде: «2022 жыл бетбұрысты кезеңге айналды. Конституциялық реформалар мемлекеттік билікті демократияландыруға және бір субъектінің саяси монополиясына жол бермеуге бағытталған. Барлық мемлекеттік саяси институттар толығымен жаңартылады. Бұл үдерістің әділ, тең мүмкіндіктер қағидаты бойынша өтуі үшін азаматтық белсенділік, қоғамдық бақылау болуы маңызды», - деп атап өтті.

@SarapDiscussionClub
1.2K views14:36
Ашу / Түсініктеме
2022-12-06 17:36:35
1.1K views14:36
Ашу / Түсініктеме
2022-12-06 10:16:16 Интернет кеңістігіндегі жаңа жоба - пайдалы ақпарат айдыны.
Еліміздің саяси-әлеуметтік өміріндегі өзгерістерді бірінші болып біліңіз.

С - араптамалық
А - қпараттық
Р - есурс
А - алаңының
П - айдасы мол


Жаңа Қазақстанда
жаңаша САРАПТАЙЫҚ!


https://www.tiktok.com/@sarapexpert/video/7173262602208873733?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7170675960483890690

@SarapDiscussionClub
2.6K views07:16
Ашу / Түсініктеме
2022-12-06 09:52:56
Мақсат Арзаман бауырымыздың TedX Astana алаңында Қазақ тілі туралы соңғы минуттардағы эмоциямен айтқаны өте әсерлі.

Рас. Келісемін. Қазақ тілін қатты жетімсіретіп жібердік. Мектепте тек қазақ тілінде ғана білім алып, кейін шынайы өмірге араласып қызметке тұрайын десе өз Қазақ елінде орыс тілін сауатты білуін талап етеді.

P.S. Жақында біздің қоғам Қазақ тіліне қатысты бар ашуын Мухоряповтан алды...
2.7K views06:52
Ашу / Түсініктеме