Get Mystery Box with random crypto!

24 қараша күні Теміртау қаласында «Сайлау қорытындысы: эксперт | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

24 қараша күні Теміртау қаласында «Сайлау қорытындысы: эксперттер пікірі» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.

Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.

Пікірталас барысында сайлаудың қорытындысы және оның Қазақстанның ішкі саясаты үшін маңыздылығы талқыланды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, саясаттанушылар, қоғам белсенділері, студенттер және ҚҚДИ сарапшылары қатысты.

Пікірталас модераторы: «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ сарапшысы Бауыржан Серікбаев.

Отырыс спикері Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Алпыспаев өз сөзінде: «Сайлау заңға сәйкес ашық және әділ өтті. Тек «естуші мемлекет» әділ мемлекетке айнала алады. Бұл сайлау Жаңа Қазақстанның құрылуында ерекеше маңызды рөл атқарып, жаңа саяси дәуірді ашты» деген пікірін білдірді.

«Sarap» эксперттік клубының Telegram-парақшасы:
 https://t.me/SarapDiscussionClub