Get Mystery Box with random crypto!

Channel

Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel C
Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel
Арна мекенжайы: @bilim_jane_gylym
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 149
Арнадан сипаттама

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 124

2021-07-08 12:47:34БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ КЕЗІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНДАҒЫ АЗАМАТТАР ҮШІН КВОТАЛАР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылына білім беру гранттарын бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді. Президенттің тапсырмасына сәйкес бұл шара алғаш рет қарастырылғанын айта кеткен жөн.

Енді көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндіктері жоғарылай түсті.

«Білім және ғылым министрлігі Президенттің тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың мемлекет есебінен білім алуына мүмкіндіктің көбірек болуы үшін жұмыс жүргізді. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген. Бұл ретте олардың ҰБТ нәтижелері шекті балға сәйкес келуі тиіс», – деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Сонымен қатар квота шеңберіндегі гранттар жетім балалар мен этникалық қазақ диаспора өкілдері үшін де бөлінген. Осылайша, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарындағы талапкерлер білім беру гранттарын беру кезінде басымдыққа ие болады. Мәселен, егер педагогикалық мамандықтарға 8 мыңға жуық білім гранты бөлінсе, оның ішінде 1063 грант халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтар үшін көзделген.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік білім гранттарын бөлу жүйесінде ауқымды әлеуметтік құрамды қарастыру керектігін және талапкердің академиялық жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне де назар аударуды тапсырғанын айта кеткен жөн.

@bilim_jane_gylym
1.5K viewsedited  09:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 12:26:11
О РАСПРЕДЕЛЕНИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ В 2021-2022 УЧЕБНОМ ГОДУ: МАГИСТРАТУРА И ДОКТОРАНТУРА

Более 13 тысяч грантов выделено для поступления в магистратуру и более 1800 для поступления в докторантуру.

На обучение в магистратуре большее количество грантов предусмотрено для педагогических специальностей – 3642. На инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли выделено 3429 грантов, на естественные науки, математика и статистика – 1278, информационно-коммуникационные технологии – 1233, сельское хозяйство и биоресурсы – 527.

Регистрация желающих сдать комплексное тестирование для поступления в магистратуру продлится до 15 июля.

На докторантуру выделено 1890 грантов. Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли – 446, педагогические науки – 370, естественные науки, математика и статистика – 292, искусство и гуманитарные науки – 205.

Прием заявлений в докторантуру стартовал. Вступительный экзамен впервые будет проходить в электронном формате на базе центров тестирования.

@bilim_jane_gylym
491 views09:26
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 12:17:02
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ТУРАЛЫ: МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРА

2021-2022 оқу жылында магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант, докторантураға – 1800-ден астам грант бөлінді.

Магистратурада оқуға гранттардың көп саны педагогикалық мамандықтар бойынша қарастырылған – 3 642 грант. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 3429, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша – 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 1233, ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша – 527 грант бөлінді.

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге ниет білдірушілерді тіркеу 15 шілдеге дейін жалғасады.

Докторантура бойынша 1890 білім беру гранты бөлінді. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 446, педагогикалық ғылымдар – 370, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 292, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 205.

Докторантураға өтініш қабылдау жүргізіліп жатыр. Қабылдау емтиханы алғаш рет электрондық форматта өтеді.

@bilim_jane_gylym
542 views09:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 11:03:41
О РАСПРЕДЕЛЕНИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ В 2021-2022 УЧЕБНОМ ГОДУ: БАКАЛАВРИАТ

Более 56 тысяч грантов выделено для поступления в бакалавриат в 2021-2022 учебном году. Напомним, что в этом году в связи с поручением Президента общее количество грантов увеличилось на 5000. Прием заявлений для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов стартует 13 июля и продлится до 20 июля включительно.

Наибольшее количество грантов получили инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли – 17 028 грантов. Педагогические науки – 9573 гранта, информационно-коммуникационные технологии – 7487, естественные науки – 4088, сельскохозяйственные науки – 1895, здравоохранение – 2700, искусство и гуманитарные науки – 1615, бизнес, управление и право – 1223, социальные науки, журналистика и информация – 960.

Гранты также предусмотрены по проекту «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» («Серпін»).

Полный список образовательных грантов на 2021-2022 учебный год находится в открытом доступе.

@bilim_jane_gylym
2.0K views08:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 10:55:53
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ТУРАЛЫ: БАКАЛАВРИАТ

2021-2022 оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 56 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5000-ға артты. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 13 шілдеде басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады.

Гранттардың ең көп саны инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бөлінді – 17 028 грант. Педагогикалық ғылымдар – 9573 грант, ақпараттық – коммуникациялық технологиялар – 7487, жаратылыстану ғылымдары – 4088, ауыл шаруашылығы ғылымдары – 1895, денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға – 2700, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1615, бизнес, басқару және құқық – 1223, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат мамандықтарына 960 грант бөлінді.

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға" ("Серпін") бағдарламасы шеңберінде де гранттар қарастырылған.

2021-2022 оқу жылындағы білім беру гранттарының толық тізімі ашық дереккөзде орналастырылған.

@bilim_jane_gylym
2.7K views07:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 12:52:38ДВЕ ЗОЛОТЫЕ, ОДНУ СЕРЕБРЯНУЮ И ДВЕ БРОНЗОВЫЕ МЕДАЛИ ЗАВОЕВАЛИ КАЗАХСТАНСКИЕ ШКОЛЬНИКИ НА МЕЖДУНАРОДНОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО МАТЕМАТИКЕ

5 медалей завоевали казахстанские школьники на XXV Международной Балканской олимпиаде по математике. В копилке отечественной сборной два золота, одно серебро и две бронзы. Олимпиада проходила в онлайн-формате с 29 июня по 5 июля в Молдове. В интеллектуальном конкурсе участвовали 132 школьника из 22 стран мира.

Казахстан представляли шесть школьников из Нур-Султана, Алматы и Павлодара. Участники являются победителями заключительного этапа Республиканской олимпиады. Национальную сборную к соревнованиям готовили опытные педагоги и тренеры. В общекомандном зачете Казахстан занял третье место.

Ученик алматинской школы Байшуак Райымбек продемонстрировал блестящие знания, набрав в ходе олимпиады 40 баллов из 40 возможных. Таким образом, обладателями золотых медалей стали Байшуак Райымбек и Юркевич Мирон, серебряной – Нагашбек Мухаммед, бронзовых – Байжанов Султанбек и Нурланов Дамир.

«Результаты, которые показывают наши школьники на международных олимпиадах, демонстрируют качество их знаний, уровень преподавания в школах, подготовленности тренеров и отношение родителей к таким важным интеллектуальным соревнованиям. Со своей стороны, мы также продолжим создавать все условия для того, чтобы казахстанские ученики могли и дальше становиться лучшими на международных конкурсах, заявляя о себе всему миру. Поздравляю школьников с победами и желаю покорять новые высоты, достойно представляя нашу страну», – заключил директор РНПЦ «Дарын» МОН РК Тимур Нуркешов.

@bilim_jane_gylym
546 views09:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 12:46:47ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКА ОЛИМПИАДАСЫНДА ЕКІ АЛТЫН, БІР КҮМІС ЖӘНЕ ЕКІ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Математикадан XXV халықаралық Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 5 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын, бір күміс және екі қола бар. Олимпиада 29 маусым мен 5 шілде аралығында Молдовада онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауға әлемнің 22 елінен 132 оқушы қатысты.

Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қаласынан алты оқушы, яғни республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орынды иеленді.

Алматы мектебінің оқушысы Байшуақ Райымбек олимпиада барысында мүмкін болған 40 балдан 40 балл жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Осылайша, Байшуақ Райымбек пен Юркевич Мирон алтын, Нағашбек Мұхаммед күміс, Сұлтанбек Байжанов пен Дамир Нұрланов қола медальдарға ие болды.

«Оқушыларымыздың халықаралық олимпиадаларда көрсеткен нәтижелері – олардың білім сапасының, мектептерде сабақ беру, жаттықтырушылардың деңгейі және ата-аналардың осындай маңызды зияткерлік жарыстарда балаларына көрсетіп отырған қолдауының бірден бір дәлелі. Біз өз тарапымыздан қазақстандық оқушылар өздерін күллі әлемге таныта отырып, халықаралық байқауларда бұдан да үздік нәтижелер көрсетуі үшін жағдай жасауды жалғастырамыз. Мектеп оқушыларын жеңістерімен құттықтаймын және биік белестерді бағындыруларына тілектеспін», – деді ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО директоры Тимур Нұркешов.

@bilim_jane_gylym
551 views09:46
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 09:15:48БОЛЕЕ 300 КАЗАХСТАНЦЕВ СМОГУТ ОТПРАВИТЬСЯ НА БЕСПЛАТНОЕ ОБУЧЕНИЕ В ЗАРУБЕЖНЫЕ ВУЗЫ В РАМКАХ МЕЖПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ГРАНТОВ

330 казахстанцев рекомендованы к поступлению на обучение в ведущие зарубежные вузы. Они смогут отправиться на бесплатное обучение в рамках межправительственных соглашений, заключенных по инициативе Министерства образования и науки Казахстана с другими странами. Речь идет о вузах Венгрии, Китая, Польши, Украины, Словакии, Азербайджана и Вьетнама.

Венгрия выделяет Казахстану наибольшее количество образовательных грантов – 250, Китай – 47, Польша – 11, Украина – 10, Словакия – 3, Азербайджан – 8, Вьетнам – 1. Гранты выделяются как по программам бакалавриата, так и магистратуры, докторантуры и резидентуры.

«Во время собеседования каждому претенденту были заданы вопросы для определения уровня мотивации и осознанности выбора специальности, уровня теоретических знаний и достижений в учебе либо в сфере выбранной профессии. Также были учтены личностные качества претендентов. Окончательное решение о присуждении образовательных грантов будет принято принимающей стороной», – сообщила президент Центра международных программ МОН РК Айнур Карбозова.

Отбор претендентов проводила независимая комиссия, которая состоит из депутатов, экспертов, ученых-докторов инженерно-технических, медицинских, гуманитарных и естественных наук. Независимая экспертная комиссия включила в основной и резервный список кандидатов с наивысшим средним баллом оценки по трем критериям – уровень знания иностранного языка, средний балл документа об образовании и средняя оценка по итогам собеседования.

Оператором межправительственных соглашений является Центр международных программ МОН РК.

Отметим, что на прошедшем ранее Казахстанско-Европейском форуме с участием Министра образования и науки РК и Послом Европейского Союза в Казахстане стороны обсудили вопросы совместного сотрудничества в сфере образования.

@bilim_jane_gylym
314 viewsedited  06:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 09:11:05300-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТЕГІН ОҚИ АЛАДЫ

330 қазақстандық шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ұсынылды. Олар Қазақстан мен басқа елдер арасында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісім шеңберінде тегін оқи алады. Яғни, Мажарстан, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқу мүмкіндіктері бар.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстанға ең көп білім грантын Мажарстан бөліп отыр — 250, Қытай – 47, Польша – 11, Украина – 10, Словакия – 3, Әзірбайжан – 8, Вьетнам – 1. Гранттар бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша бөлінеді.

"Әңгімелесу барысында әрбір үміткерге мамандық таңдауға деген ынтасы мен жігері, теориялық білімі мен оқудағы немесе таңдаған мамандығы саласындағы жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін сұрақтар қойылды. Сондай-ақ біз ойлау логикасының деңгейін, сөйлеу сапасын, кез-келген жағдайдағы мәселелерді шешу бойынша үміткерлердің жеке қасиеттері мен дағдыларын бағаладық. Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды", – деді ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозова.

Үміткерлерді іріктеуді депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторларынан құралған тәуелсіз комиссия жүргізді. Тәуелсіз сараптама комиссиясы негізгі және резервтік тізімге шет тілін білу деңгейі, білімі туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесудің орташа бағасының жиынтығы бойынша ең жоғары орташа балл жинаған үміткерлерді енгізді.

Үкіметаралық гранттар операторы — ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы.

ҚР Білім және ғылым министрі мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісінің қатысуымен өткен Қазақстан-Еуропа форумында тараптар білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылағанын айта кеткен жөн.

@bilim_jane_gylym
334 views06:11
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 08:59:28 LIVE

Аппарат жиналысы (07.07.2021ж.)

Күн тәртібінде:

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары туралы;
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының қызметі туралы.



Аппаратное совещание (07.07.2021г.)

На повестке дня:

Об итогах Единого национального тестирования;
О деятельности центра Болонского процесса и академической мобильности.

https://www.facebook.com/bilimjanegylym/videos/135569615320850

@bilim_jane_gylym
647 viewsedited  05:59
Ашу / Түсініктеме