Get Mystery Box with random crypto!

Channel

Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel C
Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel
Арна мекенжайы: @bilim_jane_gylym
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 149
Арнадан сипаттама

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 118

2021-07-27 10:51:40БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН 310 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ТҮСТІ

Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 310 мыңнан астам өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік.

Бұл мерзім болашақ оқушылардың ата-аналары мектепті алдын-ала анықтап, қажет құжаттарды уақытылы тапсырып, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етуі үшін берілді. Ал мектеп әкімшілігі сыныптарды алдын ала жинақтау, оқулықтардың қажетті көлемін сатып алу, мұғалімдер арасында сағаттарды бөлу және сыныптар санына байланысты педагогтер құрамын анықтау бойынша жұмыстарды атқаратын болады. Осыған байланысты министрлік өтініштерді уақытылы берудің маңыздылығын еске салады.

«Біз құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарттық. Енді құжаттарды қабылдау 4 айға созылады. Бұл ата-аналарға да, мектеп әкімшіліктеріне де оқу процесіне дайындықты алдын ала ойластыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 10 тамыздан кейін мектептерде дайындық тобы жұмысын бастайды, оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Майра Мелдебекова.

Өтініштерді қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Мектепке қабылдау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты №026/у-3, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама); баланың көлемі 3х4 см цифрлық фотосуреті. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

«Қызыл» аймаққа енген өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін ала алады.

Ведомствоның болжамы бойынша осы оқу жылында бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам оқушы барады.

@bilim_jane_gylym
168 views07:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 08:10:25 LIVE

Аппарат жиналысы (27.07.2021ж.)

Күн тәртібінде:

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектердің еңбекпен өтеу мәселелері туралы;
2021-2022 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хат туралы;
Бакалавриатқа, магистратураға және докторантураға қабылдау барысы туралы.



Аппаратное совещание (27.07.2021г.)

Повестка дня:

О вопросах отработки выпускников, обучившихся на основе государственного образовательного гранта;
Об инструктивно-методическом письме на 2021-2022 учебный год;
О ходе приема в бакалавриат, магистратуру и докторантуру.

https://www.facebook.com/bilimjanegylym/videos/258697502348394

@bilim_jane_gylym
885 views05:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 07:18:53СТУДЕНТЫ КАЗАХСТАНСКИХ КОЛЛЕДЖЕЙ ЗАВОЕВАЛИ СЕМЬ МЕДАЛЕЙ НА ЕВРАЗИЙСКОМ ЧЕМПИОНАТЕ ПО СТАНДАРТАМ WORLDSKILLS

Семь медалей завоевала национальная сборная Казахстана на Евразийском чемпионате по стандартам WorldSkills. Команда, в состав которой вошли лучшие студенты казахстанских колледжей, получила 2 серебряные и 5 бронзовых медалей.

Евразийский чемпионат по стандартам WorldSkills проходил с 7 июня по 23 июля в формате онлайн. Наши студенты конкурировали со сверстниками из России, Китая, Индии, Ирана, Армении, Беларуси, Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана.

«Особенностью нынешнего Распределенного Евразийского чемпионата является то, что соорганизаторами чемпионата стали страны-участницы. Они организовали площадки и предоставили необходимое оборудование для конкурсантов. Цель Евразийского чемпионата – получение участниками новых умений, навыков и опыта для их дальнейшего масштабирования в национальных системах подготовки кадров», – отметила директор Департамента технического и профессионального образования МОН РК Насымжан Оспанова.

Национальная сборная принимала участие в Евразийском чемпионате по 9 компетенциям. В итоге казахстанские студенты заняли призовые места по 7 направлениям: «Электромонтажные работы», «Графический дизайн», «Парикмахерское искусство», «Малярные и декоративные работы», «Программные решения для бизнеса», «Кондитерское дело» и «Технологии моды».

Участие национальной сборной в Евразийском чемпионате способствует обмену опытом по развитию и продвижению международного движения WorldSkills, дает возможность изучить актуальные мировые тренды в подготовке кадров и оценить конкурентоспособность отечественной системы технического и профессионального образования.

Отметим, WorldSkills – международное движение, целью которого является популяризация рабочих профессий и повышение стандартов профессиональной подготовки кадров. Казахстан присоединился к WorldSkills в 2014 году, и с тех пор национальная сборная принимает активное участие в международных соревнованиях. За семь лет Казахстан укрепил позиции в международном рейтинге, продвинувшись с 50-го на 14-е место.

@bilim_jane_gylym
673 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 07:14:17ҚАЗАҚСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША ӨТКЕН ЕУРАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕТІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

WorldSkills стандарттары бойынша өткен Еуразия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы жеті медальға ие болды. Қазақстан колледждерінің үздік студенттерінен жасақталған команда 2 күміс, 5 қола медаль алды.

WorldSkills стандарттары бойынша Еуразиялық чемпионат 7 маусым мен 23 шілде аралығында онлайн форматта өтті. Біздің студенттер Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген құрдастарымен бәсекеге түсті.

«Биыл Еуразиялық чемпионатты ұйымдастыруға қатысушы елдердің барлығы ат салысты. Олар алаңдар жасақтап, қатысушыларға қажетті құрал-жабдықтарды ұсынды. Еуразия чемпионатының мақсаты – кадрларды даярлауда ұлттық жүйелерді одан әрі кеңейту үшін жаңа дағдылар мен тәжірибе алмасу», – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Ұлттық құрама Еуразия чемпионатына 9 құзыреттілік бойынша қатысты. Нәтижесінде қазақстандық студенттер «Электромонтаждау жұмыстары», «Графикалық дизайн», «Шаштараз өнері», «Сылау және декоративтік жұмыстар», «Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер», «Кондитерлік іс» және «Сән технологиялары» сынды 7 бағыт бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Ұлттық құраманың Еуразия чемпионатына қатысуы WorldSkills халықаралық қозғалысын дамыту және ілгерілету бойынша тәжірибе алмасуға ықпал етеді. Сондай-ақ кадрларды даярлаудағы әлемдік трендтерді зерделеуге, отандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін артыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, WorldSkills халықаралық қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және кадрларды кәсіби даярлаудың стандарттарын арттыру. Қазақстан WorldSkills қозғалысына 2014 жылы қосылды. Содан бері ұлттық құрама халықаралық жарыстарға белсене қатысып жатыр. Жеті жыл ішінде Қазақстан 50-ші орыннан 14-ші орынға көтеріліп, халықаралық рейтингтегі орнын нығайтты.

@bilim_jane_gylym
725 views04:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 15:06:36 ШЕСТЬ МЕДАЛЕЙ ЗАВОЕВАЛИ КАЗАХСТАНСКИЕ ШКОЛЬНИКИ НА МЕЖДУНАРОДНЫХ ОЛИМПИАДАХ ПО ФИЗИКЕ И ЛИНГВИСТИКЕ

Шесть медалей завоевали казахстанские школьники на Международных олимпиадах по физике и лингвистике. 5 серебряных медалей получили юные физики, лингвисты – 1 бронзовую. Участников олимпиад на своей странице в Facebook поздравил Министр образования и науки Асхат Аймагамбетов.

Международная олимпиада по физике (IPhO-2021) проходила с 17 по 24 июля в Литве в формате онлайн. В ней участвовали 368 школьников из 76 стран мира. Казахстан представляли пять учащихся из Нур-Султана, Алматы, Атырау и Павлодара. Они являются победителями Республиканской предметной олимпиады.

Олимпиада состояла из двух туров, в ходе которых учащиеся демонстрировали навыки решения теоретических и практических задач по физике. В итоге все 5 казахстанцев завоевали призовые места, обновив прошлогодний рекорд.

Калдыбаев Рауан,
Драганчук Антон,
Рахимжанов Динмухаммед,
Алпамыс Ризабек,
Птебай Ерсултан.

Международная олимпиада по лингвистике (IOL-2021) прошла в Латвии также в режиме онлайн. В ней приняли участие четыре школьника из Нур-Султана, Шымкента, Тараза и Караганды. В состав сборной также вошли победители профильной Республиканской олимпиады. Они соревновались с учащимися из 30 стран мира.

Конкурс состоял из двух этапов. В первом участники выполняли пять заданий, во втором – работали над коллективным проектом. В итоге бронзовую медаль в копилку сборной принесла столичная школьница

Пересыпкина Дарья.

«Дорогие участники олимпиад! Поздравляю вас с новыми победами! Я рад, что казахстанская команда вновь продемонстрировала высокий уровень подготовки и знаний. Вам удалось занять лидерские позиции в мире физики и лингвистики среди своих сверстников. Я знаю, что за такими высокими результатами кроются упорный труд, терпение, самоотдача и не один год подготовки. Надеюсь в дальнейшем услышать ваши имена в мире отечественной науки. Желаю вам новых свершений! Также поздравляю педагогов, родителей и тренеров всех участников олимпиад. Ваша заслуга в достижении таких результатов бесспорна. Хочу отметить, что Министерство образования и науки, в свою очередь, продолжит создавать условия для того, чтобы наши школьники и дальше продолжали покорять мир науки и обновляли собственные рекорды», – написал на своей странице в Facebook Министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов.

@bilim_jane_gylym
1.4K viewsedited  12:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 15:06:34
1.2K views12:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 14:53:57 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКА ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДА АЛТЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық оқушылар Физика және лингвистика пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадаларда 6 медаль жеңіп алды. Жас физиктер құрама қоржынына 5 күміс, лингвистер 1 қола медаль салды. Қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында құттықтады.

Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO-2021) 17-24 шілде аралығында Литвада онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауда әлемнің 76 елінен 368 оқушы бақ сынады. Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Павлодар қаласынан бес оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды, олар 19 және 21 шілдеде өтті. Қатысушылар физика пәні бойынша түрлі теориялық және практикалық тапсырмаларды шешті. Өткен жылдың рекордын жаңартып, қазақстандық оқушылардың барлығы күміс медаль иегері атанды:

Қалдыбаев Рауан,
Драганчук Антон,
Рахымжанов Дінмұхаммед,
Алпамыс Ризабек,
Пітебай Ерсұлтан.

Халықаралық лингвистика олимпиадасы (IOL-2021) Латвияда онлайн режимде өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз және Қарағанды қалаларынан төрт оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасы республикалық олимпиаданың жеңімпаздарынан жасақталды. Олар әлемнің 30-дан астам елінің қатысушыларымен бақ сынасты.

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші турда қатысушылар бес тапсырманы шешіп, екінші турда командалық жоба дайындады. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржыны бір қола медальмен толықты:

Пересыпкина Дарья.

«Құрметті олимпиада жүлдегерлері! Сіздерді жаңа жеңістеріңізбен құттықтаймын! Қазақстандық оқушылар мықты дайындығын, білімдерінің жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді. Сіздер өз құрдастарыңыздың арасында физика және лингвистика әлемінде көшбасшы бола алдыңыздар. Осындай жетістіктер қажырлы еңбектің, шыдамдылық пен қайсарлықтың, бірнеше жылдық жоғары дайындықтың нәтижесі екені анық. Болашақта сіздердің есімдеріңізді отандық ғылым әлемінде көретінімізге үміт артамыз. Сіздерге жаңа жетістіктер тілеймін! Сондай-ақ олимпиадаға қатысқан оқушылардың ұстаздарын, ата-аналарын және жаттықтырушыларын құттықтаймын. Жеңімпаздардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуі сіздердің еңбектеріңіздің арқасы екені белгілі. Өз кезегінде, Білім және ғылым министрлігі оқушыларымыздың ғылым әлемін одан әрі бағындыруы мен өз рекордтарын жаңартуы үшін жағдай жасауды жалғастыратынын атап өткім келеді», – деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында.

@bilim_jane_gylym
1.4K views11:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 14:53:56
896 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 07:23:00
РАСШИРЯЕТСЯ СПИСОК ВУЗОВ, КОТОРЫЕ ПРОВЕДУТ АКЦИИ СРЕДИ ВАКЦИНИРОВАННЫХ СТУДЕНТОВ

Расширяется список вузов, которые проведут акции среди вакцинированных студентов и преподавателей. Напомним, ранее Министерство образования и науки сообщило о поручении главы ведомства А.Аймагамбетова по стимулированию студентов и преподавателей к вакцинации для защиты своего здоровья.

Меры уже приняли 20 казахстанских вузов, на сегодня список пополнился еще 8 университетами. Таким образом ректоры вузов поддерживают работу по усилению темпов вакцинации, которая сейчас проходит во всем мире.

@bilim_jane_gylym
1.2K views04:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 07:14:27
ВАКЦИНАЦИЯЛАНҒАН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА АКЦИЯЛАР ӨТКІЗЕТІН ЖОО ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛІП ЖАТЫР

Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтіліп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі ведомство басшысы А. Аймағамбетовтің студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасы туралы хабарлаған болатын.

Қазір 20 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдап, бүгінгі таңда тізім тағы 8 университетпен толықтырылды. Осылайша, жоғары оқу орындарының ректорлары қазір күллі әлемде жүргізіліп жатқан вакцинация қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды.

@bilim_jane_gylym
1.0K views04:14
Ашу / Түсініктеме