Get Mystery Box with random crypto!

Channel

Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel C
Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel
Арна мекенжайы: @bilim_jane_gylym
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 149
Арнадан сипаттама

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 119

2021-07-25 13:10:20
ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ ПРИСУЖДЕНИЯ ГРАНТОВ ПРОДЛЕН ЕЩЕ НА ОДИН ДЕНЬ

Уважаемые абитуриенты!

Ранее министерство образования и науки планировало завершить прием документов для участия в конкурсе присуждения грантов 25 июля.
Однако от абитуриентов поступили просьбы о продлении сроков приема заявок, поскольку последний день их подачи приходится на выходной день. В связи с чем, МОН РК принято решение о продлении приёма документов еще на один день – до 26 июля включительно.
Просим вас обратить внимание, что документы будут приниматься через виртуальные приёмные комиссии высших учебных заведений.

Напомним. что в целях защиты здоровья абитуриентов во всех вузах страны работают виртуальные приемные комиссии, с помощью которых можно подать документы для участия в конкурсе в онлайн формате.

Список виртуальных приемных комиссий доступен по ссылке

http://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=4411
2.6K viewsedited  10:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 13:00:40
ГРАНТТАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТАҒЫ БІР КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ

Құрметті талапкерлер!

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 25 шілдеде аяқталады деп жоспарлаған болатын. Алайда талапкерлерден құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер келіп түсті. Өйткені құжат тапсырудың соңғы күні жексенбіге келеді. Осыған байланысты, ҚР БҒМ құжаттарды қабылдауды тағы бір күнге – 26 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Құжаттар жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданатынына назар аударуларыңызды сұраймыз.

Талапкерлердің денсаулығын қорғау мақсатында еліміздің барлық жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Олардың көмегімен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн форматта тапсыруға болады. Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі сілтеме бойынша қолжетімді

http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=4410
2.9K viewsedited  10:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 09:12:36 МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК АСХАТ АЙМАГАМБЕТОВ ПОЗДРАВИЛ ПРИЗЕРОВ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОЛИМПИАД

Девять медалей завоевали казахстанские школьники на Международных олимпиадах по математике и биологии. В копилке отечественной сборной одно золото, три серебра и две бронзы по математике и одно серебро и две бронзы по биологии.

Международная олимпиада по математике (IMO-2021) проходила с 14 по 23 июля в России в формате онлайн. В интеллектуальном конкурсе участвовали более 600 школьников из 107 стран мира. Казахстан представляли шесть школьников из Нур-Султана, Алматы, Атырау и Караганды. Они являются победителями Республиканской предметной олимпиады. Национальную сборную к соревнованиям готовили опытные педагоги и тренеры. В общекомандном зачете Казахстан занял двадцатое место.

Олимпиада состояла из двух туров, в каждом из которых участникам предстояло решить по три задачи. Во втором туре наша сборная показала блистательные показатели, обогнав участников из Китая, США, Кореи и России. Таким образом, все шесть участников стали призерами олимпиады:

Мырзатай Айбек,
Дуйсенбеков Данат,
Сатубалдин Таир,
Сам Фетуллах,
Олжабаев Асылбек,
Баймурзин Рахим.

В Международной олимпиаде по биологии (IBO-2021) участвовали четыре школьника из Нур-Султана, Алматы, Усть-Каменогорска и Актобе. Все они победители Республиканской профильной олимпиады. В этом году страной-организатором стала Португалия, а главной темой – кругосветное путешествие Фернана Магеллана.

Олимпиада проходила в онлайн-формате, всего в ней приняли участие 304 школьника из 76 стран. В итоге в копилке казахстанской сборной три медали:

Темирбеков Ерасыл,
Батыржанов Ернар,
Ерназаров Бакдаулет,
Абдуали Гульдана.

Всех участников олимпиад на своей странице Facebook с победами поздравил Министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов.

«Поздравляю призеров олимпиады, их родителей, учителей и тренеров с победами! Уважаемые школьники! В первую очередь, это результат вашего труда и стараний. Вы достойно защитили честь нашей республики, состязаясь в интеллектуальном конкурсе со сверстниками из более чем ста стран мира. Желаю вам дальнейших побед и достижений! Со своей стороны, отмечу, что мы продолжим работу по созданию условий для того, чтобы вы и дальше могли заявлять о себе на международном уровне», – отметил Асхат Аймагамбетов.

Министр образования и науки РК отметил, что всего с начала 2021 года казахстанские школьники завоевали на международных олимпиадах более 200 медалей.

@bilim_jane_gylym
529 viewsedited  06:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 09:12:27
347 views06:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 08:56:34 ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстандық оқушылар Математика және биология пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадаларда 9 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында математика пәні бойынша бір алтын, үш күміс және екі қола, биология пәні бойынша бір күміс және екі қола бар.

Халықаралық математика олимпиадасы (IMO-2021) 14-23 шілде аралығында Ресейде онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауға әлемнің 107 елінен 600-дан астам оқушы қатысты. Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Қарағанды қаласынан алты оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан жиырмасыншы орынды иеленді.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды, әрбір кезеңде қатысушыларға үш есеп берілді. Екінші тур барысында біздің құрама Қытай, АҚШ, Корея және Ресей қатысушыларын басып озып, керемет көрсеткіштер көрсетті. Осылайша, қазақстандық қатысушылардың барлығы жүлдегер атанды:

Мырзатай Айбек,
Дүйсенбеков Данат,
Сатубалдин Таир,
Сам Фетуллах,
Олжабаев Асылбек,
Баймурзин Рахим.

Халықаралық биология олимпиадасына (IBO-2021) Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Ақтөбе қалаларынан төрт оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасы республикалық олимпиаданың жеңімпаздарынан жасақталды. Биыл олимпиада Португалияда өтті, басты тақырып ретінде Фернан Магелланның дүниежүзілік саяхаты таңдалды.

Онлайн-форматта өткен олимпиадаға 76 елден 304 оқушы қатысты. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы қоржынына 3 медаль еншіледі:

Темірбеков Ерасыл,
Батыржанов Ернар,
Ерназаров Бақдәулет,
Абдуали Гүлдана.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтады.

«Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын, мұғалімдері мен жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймын! Құрметті оқушылар! Бұл – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Сіздер әлемнің жүзден астам еліндегі құрдастарыңызбен зияткерлік сайыста жарысып, еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыздар. Болашақта биік белестерді бағындыруды тілеймін! Біз өз тарапымыздан қазақстандық оқушылар өздерін күллі әлемге таныта отырып, халықаралық байқауларда бұдан да үздік нәтижелер көрсетуі үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылдың басынан бері қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 200-ден астам медаль жеңіп алғанын атап өтті.

@bilim_jane_gylym
585 viewsedited  05:56
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 08:56:26
421 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 13:13:34
«БҒМ LIVE»

23 июля 2021 года, в 16:30 часов
в прямой эфир на официальной странице ведомства в Instagram выйдет директор департамента высшего и послевузовского образования МОН РК Адлет Тойбаев.

Спикер ответит на актуальные вопросы касательно приёма документов для участия в конкурсе по присуждению государственного образовательного гранта.

Свои вопросы можете оставить по указанной ссылке под постом в Instagram на официальной странице Министерства.

@bilim_jane_gylym
1.2K views10:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 13:11:47
«БҒМ LIVE»

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Instagram парақшасында «БҒМ LIVE» айдары өз жұмысын жалғастырады.

2021 жылғы 23 шілде күні сағат 16:30-де ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей эфирге шығады.

Спикер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдауға қатысты өзекті сұрақтарға жауап береді.

Өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды мына сілтеме арқылы өтіп, жазсаңыздар болады.

@bilim_jane_gylym
1.1K views10:11
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 11:22:45ОКОЛО 100 ТЫСЯЧ ЗАЯВОК ПОДАНО ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ ПРИСУЖДЕНИЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ

В стране продолжается прием документов для участия в конкурсе присуждения образовательных грантов. На сегодня подано около 100 тысяч заявок. Напомним, прием документов стартовал 16 июля и продлится до 25 июля. Процедура осуществляется онлайн через портал электронного правительства Egov. В вузах работают виртуальные приемные комиссии, которые консультируют абитуриентов посредством видеосвязи.

Для участия в конкурсе по присуждению государственного образовательного гранта и электронной подачи документов абитуриентам необходимо иметь:
удостоверение личности;
электронное цифровое фото 3х4;
копию аттестата о среднем образовании;
копию диплома для выпускников организаций ТиПО;
документы, подтверждающие стаж работы для выпускников организаций ТиПО;
подтверждающие документы для участия в конкурсе по льготным категориям, а именно:
граждане из числа инвалидов I, II групп, инвалидов с детства, детей-инвалидов;
лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
граждане из числа сельской молодежи на специальности, определяющие социально-экономическое развитие сел;
лица казахской национальности, не являющиеся гражданами Республики Казахстан;
дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, а также граждане из числа молодежи, потерявшие или оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия;
сельская молодежь, участвующая в проекте «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін»);
дети из семей, в которых воспитывают 4 и более несовершеннолетних детей;
дети из числа неполных семей, имеющих данный статус не менее трех лет;
дети из семей, воспитывающих детей-инвалидов с детства, инвалидов первой и второй групп.

Если абитуриент является обладателем «Алтын белгі» или награжден знаком отличия за проявленный патриотизм и активную гражданскую позицию, то он обладает преимущественным правом при равенстве баллов. Аналогичное преимущество есть и у победителей олимпиад и спортивных соревнований. Для того, чтобы такие достижения были учтены, при подаче документов необходимо прикрепить копии подтверждающих документов.

При наличии международного сертификата, подтверждающего владение иностранным языком, заявитель указывает наименование международного языкового сертификата, балл и прикрепляет электронный сертификат.

Напомним, что при подаче документов для участия в конкурсе присуждения грантов медицинская справка не требуется. Медицинская справка необходима только непосредственно при зачислении в вуз, которое начнется в августе.

@bilim_jane_gylym
1.3K views08:22
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 11:14:55БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІШ БЕРІЛДІ

Елімізде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 100 мыңға жуық өтініш берілді. Құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталып, 25 шілдеге дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік. Құжаттарды рәсімдеу Egov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олар талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды электронды түрде тапсыру үшін талапкерлерге келесі құжаттар қажет:
жеке куәлік;
3х4 көлеміндегі электрондық цифрлық фото;
орта білім туралы аттестаттың көшірмесі;
техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін дипломның көшірмесі;
ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін жұмыс өтілін растайтын құжаттар;
жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар, атап айтқанда:
I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдар;
ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтар;
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасына қатысып жатқан ауыл жастары («Серпін»);
4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балалар;
бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.

Егер талапкер «Алтын белгі» иегері болса немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталса, онда ол басқа талапкерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары да басым құқыққа ие. Өтініш берушінің мұндай жетістіктері ескерілуі үшін растайтын құжаттардың көшірмелерін де жүктеу қажет.

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші халықаралық тіл сертификатының атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде медициналық анықтама талап етілмейді. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет.

@bilim_jane_gylym
1.6K views08:14
Ашу / Түсініктеме