Get Mystery Box with random crypto!

Channel

Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel C
Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel
Арна мекенжайы: @bilim_jane_gylym
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 149
Арнадан сипаттама

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 121

2021-07-19 12:41:02ОКОЛО 40 ТЫСЯЧ ЗАЯВОК ПОДАНО ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ ПРИСУЖДЕНИЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ

Около 40 тысяч заявок подано для участия в конкурсе присуждения образовательных грантов. Напомним, прием документов стартовал 16 июля и продлится до 25 июля. Процедура осуществляется онлайн через портал электронного правительства Egov.

Для участия в конкурсе по присуждению государственного образовательного гранта абитуриентам необходимо иметь:
удостоверение личности;
электронное цифровое фото 3х4;
копию аттестата о среднем образовании;
копию диплома для выпускников организаций ТиПО;
документы, подтверждающие стаж работы для выпускников организаций ТиПО;
подтверждающие документы для участия в конкурсе по льготным категориям, а именно:
граждане из числа инвалидов I, II групп, инвалидов с детства, детей-инвалидов;
лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
граждане из числа сельской молодежи на специальности, определяющие социально-экономическое развитие сел;
лица казахской национальности, не являющиеся гражданами Республики Казахстан;
дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, а также граждане из числа молодежи, потерявшие или оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия;
сельская молодежь, участвующая в проекте «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін»);
дети из семей, в которых воспитывают 4 и более несовершеннолетних детей;
дети из числа неполных семей, имеющих данный статус не менее трех лет;
дети из семей, воспитывающих детей-инвалидов с детства, инвалидов первой и второй групп.

Если абитуриент является обладателем «Алтын белгі» или награжден знаком отличия за проявленный патриотизм и активную гражданскую позицию, то он обладает преимущественным правом при равенстве баллов. Аналогичное преимущество есть и у победителей олимпиад и спортивных соревнований. Для того, чтобы такие достижения были учтены, при подаче документов необходимо прикрепить копии подтверждающих документов.

При наличии международного сертификата, подтверждающего владение иностранным языком, заявитель указывает наименование международного языкового сертификата, балл и прикрепляет электронный сертификат.

Напомним, что при подаче документов для участия в конкурсе присуждения грантов медицинская справка не требуется. Медицинская справка необходима только непосредственно при зачислении в вуз, которое начнется в августе.

@bilim_jane_gylym
1.8K views09:41
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 12:35:34БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІШ БЕРІЛДІ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 40 мыңға жуық өтініш берілді. Құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталып, 25 шілдеге дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік. Құжаттарды рәсімдеу Egov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерге келесі құжаттар қажет:
жеке куәлік;
3х4 көлеміндегі электрондық цифрлық фото;
орта білім туралы аттестаттың көшірмесі;
техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін дипломның көшірмесі;
ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін жұмыс өтілін растайтын құжаттар;
жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар, атап айтқанда:
I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдар;
ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтар;
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасына қатысып жатқан ауыл жастары («Серпін»);
4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балалар;
бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.

Егер талапкер «Алтын белгі» иегері болса немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталса, онда ол басқа талапкерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары да басым құқыққа ие. Өтініш берушінің мұндай жетістіктері ескерілуі үшін растайтын құжаттардың көшірмелерін де жүктеу қажет.

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші халықаралық тіл сертификатының атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде медициналық анықтама талап етілмейді. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет.

@bilim_jane_gylym
1.5K views09:35
Ашу / Түсініктеме
2021-07-17 09:17:40 Инструкция для подачи заявки на присуждение образовательных грантов

https



@bilim_jane_gylym
1.5K views06:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-17 09:16:16 Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш беру бойынша нұсқаулық

https



@bilim_jane_gylym
1.5K viewsedited  06:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 09:30:23БЕСПЛАТНЫЕ ЦИФРОВЫЕ КУРСЫ ДЛЯ ПЕДАГОГОВ РАЗРАБОТАЛИ В МОН РК

Бесплатные цифровые курсы для педагогов разработали в Министерстве образования и науки РК. Они стартуют 2 августа и продлятся до 31 октября. Пройти онлайн-обучение смогут и студенты педагогических вузов.

«Пандемия по-новому высветила роль и работу учителей. В век развития цифровых технологий нам необходимо усилять цифровые навыки педагогов. Разработанные курсы направлены именно на это. Каждый модуль сопровождается видеоуроками, лекциями, презентациями, а также интерактивными заданиями и тестами для закрепления изученного материала. Курсы разработаны совместно с Европейским Фондом образования. Представители ЕФО обучат учителей цифровой педагогике и расскажут о методиках создания видеоматериалов для того, чтобы детям было легче усваивать информацию. Курсы будут размещены на платформе министерства образования и науки www.edu.kz. Также в рамках обучения Microsoft Kazakhstan, Bilim Media Group и Kundelik разработали видеолекции для педагогов», – сообщила председатель Правления Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» МОН РК Асель Мухаметжанова.

Казахстанские педагоги изучат опыт Финляндии и Южной Кореи по внедрению инновационных технологий в образовательный процесс. Педагогов обучат методикам проектирования урока с использованием цифровых образовательных технологий, навыкам пользования ресурсами Национальной образовательной базы данных и работе с такими цифровыми программами как ActivStudio, Pictochart, Jamboard, Prezi, Flippity.

МОН РК также организовал бесплатные курсы для педагогов дополнительного образования. Повышение квалификации на сегодня прошли около 2000 педагогов. Для них были организованы специальные мастер-классы от ведущих ученых, преподавателей и педагогов-практиков.

«Каждый участник курса получил возможность сравнить свой опыт с результатами других, услышать компетентную оценку собственных наработок, взять на вооружение советы и рекомендации коллег, ученых, методистов-практиков. Курсы повышения квалификации помогают педагогам совершенствоваться и расширяют сферу их профессионального общения», – отметила директор Республиканского учебно-методического центра дополнительного образования МОН РК Раиса Шер.

@bilim_jane_gylym
249 views06:30
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 09:21:39ҚР БҒМ-ДЕ ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕГІН ЦИФРЛЫҚ КУРСТАР ӘЗІРЛЕНДІ

Білім және ғылым министрлігінде мектеп педагогтері үшін тегін цифрлық курстар әзірленді. Онлайн-курстар 2 тамызда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады. Оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады.

«Пандемия жағдайында мұғалімдердің рөлі, қоғамдағы орны мен еңбегі одан әрі айқындала түсті. Цифрландыру заманында мұғалімдердің ІТ құзіреттіліктерін арттыру қажет. Курс педагогтердің цифрлық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Курс бағдарламасы Еуропалық білім қорымен бірлесіп әзірленді. ЕБҚ сарапшысы бейнепедагогика негіздері бойынша сессия өткізіп, бейнематериалдар жасау бойынша өз әдістемесімен бөліседі. Курс білім және ғылым министрлігінің www.edu.kz платформасында орналастырылады. Сондай-ақ Microsoft Kazakhstan, Bilim Media Group және Kundelik оқыту курсы аясында педагогтерге арналған бейнедәрістер әзірледі», – деді ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы Әсел Мұхаметжанова.

Қазақстандық мұғалімдер Финляндия мен Оңтүстік Кореяның білім беру процесіне инновациялық технологияларды интеграциялау тәжірибесімен танысады. Курстарда цифрлық білім беру технологияларын пайдалана отырып, педагогтерді сабақты жобалау әдістемелеріне үйретеді. Сондай-ақ педагогтер ActivStudio, Pictochart, Jamboard, Prezi, Flippity сандық бағдарламаларын кәсіби түрде меңгеріп, ұлттық білім беру дерекқорының ресурстарын пайдалануды үйренеді.

ҚР БҒМ қосымша білім беру педагогтері үшін де курстар ұйымдастырып, қазіргі таңда 2000-ға жуық педагог біліктілігін арттырды. Олар үшін жетекші ғалымдардың, оқытушылардың және практик-педагогтердің арнайы мастер-кластары ұйымдастырылды.

«Курстың әрбір қатысушысы өз тәжірибесін басқалардың нәтижелерімен салыстыруға, өзінің атқарған жұмысының бағасын білуге, сондай-ақ әріптестерінің, ғалымдардың, әдіскер-практиктердің кеңестері мен ұсынымдарын тыңдауға мүмкіндік алды. Біліктілікті арттыру курстары педагогтерді жетілдіруге көмектесіп, олардың кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейтеді», – деп атап өтті ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

@bilim_jane_gylym
279 viewsedited  06:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 09:51:16БОЛЕЕ 600 НОВЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПРОГРАММ ВНЕДРИЛИ НАЦИОНАЛЬНЫЕ И ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ВУЗЫ ЗА ПОСЛЕДНИЕ ДВА ГОДА

Более 600 новых и около 100 инновационных образовательных программ внедрили государственные и национальные вузы, подведомственные МОН РК, за минувшие два года.

Наибольшее количество новых образовательных программ открыты по таким направлениям как «Педагогические науки» (20%), «Бизнес, управление и право» (18%) и «Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли» (16%). Такая тенденция связана с повышением статуса педагогов и со спросом на развитие обрабатывающей и строительной отраслей экономики страны.

«Все новые и инновационные программы национальных и государственных вузов, подведомственных МОН, включены в Реестр образовательных программ высшего и послевузовского образования. Это подтверждает их соответствие квалификационным требованиям, которые предъявляются к образовательной деятельности вузов. Сейчас мы усиляем спрос на качество образования. Важным преимуществом является то, что внедряемые программы разработаны совместно с работодателями, с учетом их запросов и требований к специалистам», - отметил директор департамента высшего и послевузовского образования МОН РК Адлет Тойбаев.

К примеру, в Карагандинском техническом университете с 2019 года ведется подготовка специалистов для цифрового производства по 7 новым образовательным программам. Это «Цифровые технологии в машиностроении», «Встроенные цифровые системы управления», «Строительство горных предприятий и подземных сооружений», «Цифровая аэрофотосъемка», «Пищевая биоиндустрия», «IT-медицина» и «Дистанционное зондирование Земли».

Национальные и государственные вузы также готовят специалистов по таким инновационным образовательным программам как «Киберпедагогика», «Проектирование цифровых аналитических образовательных систем», «Технологии искусственного интеллекта», «Динамика полета и управление движением летательных аппаратов», «Медицинский инжиниринг» и другие.

В Торайгыров Университете (ранее «Павлодарский государственный университет имени С.Торайгырова») создан новый инновационный факультет Computer Science. Студенты вуза будут обучаться кибербезопасности, программной инженерии, веб-разработке, DevOps-инженерии, графике, дополненной и виртуальной реальности. Преподавать им будут практикующие специалисты IT-отрасли.

Также за минувшие два года в вузах обновлены такие образовательные программы как «Цифровая педагогика», «STEM-образование», «Информационная безопасность», «Управление человеческими ресурсами» и другие.

Вузы проводят работу по совершенствованию и актуализации содержания и других образовательных программ. На сегодня они обновили более 40% действующих программ. В них включены новые дисциплины и практико-ориентированные курсы.

@bilim_jane_gylym
224 viewsedited  06:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 09:35:48ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА 600-ДЕН АСТАМ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗДІ

ҚР БҒМ ведомстволық бағынышты мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары өткен екі жылда 600-ден астам жаңа және 100-ге жуық инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізді.

Жаңа білім беру бағдарламаларының басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар» (20%), «Бизнес, басқару және құқық» (18%), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16%) бағыттары бойынша ашылды. Мұндай үрдіс педагогтердің мәртебесін арттырумен, сонымен бірге ел экономикасындағы өңдеуші және құрылыс салаларын дамытуға деген сұраныспен байланысты.

«БҒМ-ге ведомстволық бағынышты ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының барлық жаңа және инновациялық бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген. Бұл олардың жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайды. Қазір біз білім беру сапасына деген сұранысты күшейтіп жатырмыз. Енгізіліп жатқан бағдарламалар жұмыс берушілермен бірлесіп, олардың мамандарға қоятын талаптары мен сұраныстарын ескере отырып әзірленген», — деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Мәселен, Қарағанды техникалық университетінде 2019 жылдан бастап 7 жаңа білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлау жүргізіліп келеді. Бұл «Машина жасау саласындағы цифрлық технологиялар», «Басқарудың кіріктірілген цифрлық жүйелері», «Тау-кен кәсіпорындары мен жерасты құрылыстарын салу», «Цифрлық аэрофототүсірілім», «Тамақ биоиндустриясы», «IT-медицина» және «Жерді қашықтықтан алдын ала тексеру».

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сондай-ақ «Киберпедагогика», «Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау», «Жасанды интеллект технологиялары», «Ұшатын аппараттардың ұшу динамикасы және қозғалысын басқару», «Медициналық инжиниринг» және басқа да инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.

Торайғыров университетінде (бұрынғы «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті») Computer Science инновациялық жаңа факультеті құрылды. Университет студенттері киберқауіпсіздік, бағдарламалық инженерия, веб-әзірлеу, DevOps-инженерия, графика жасауды үйренеді. Оларға IT саласының тәжірибелі мамандары сабақ береді.

Сондай-ақ өткен екі жылдың ішінде жоғары оқу орындарында «Цифрлық педагогика», «STEM-білім беру», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Адам ресурстарын басқару» және басқа да білім беру бағдарламалары жаңартылды.

Жоғары оқу орындары басқа да білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіру әрі өзектендіру бойынша жұмыс жүргізеді. Бүгінде қолданыстағы бағдарламалардың 40%-дан астамы жаңартылды. Бағдарламаларға жаңа пәндер мен тәжірибеге бағытталған курстар енгізілген.

@bilim_jane_gylym
288 views06:35
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 14:49:29
Уважаемые абитуриенты!

Прием документов для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов начнется с 16 июля и продлится до 25 июля.

Информация о грантах, размещенных в вузах, опубликована на сайте Национального центра тестирования testcenter.kz http://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=4411

Со списком Call-центров вузов, а также виртуальных приемных комиссий можно ознакомиться также на сайте НЦТ http://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=4411

Также представляем Вашему вниманию информацию о пороговых баллах вузов для участия в конкурсе на присуждение государственного образовательного заказа на 2021-2022 учебный год. Прямая ссылка для скачивания: http://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=4412

Дополнительную информацию можно получить в Call-центрах НЦТ по номеру 87172-69-50-69 и вузов.

@bilim_jane_gylym
2.1K viewsedited  11:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 14:29:33
Құрметті талапкер!

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілде күні басталып, 25 шілдеге дейін жалғасады.

Жоғары оқу орындарында орналастырылған гранттар туралы ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында жарияланды http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=4410

Жоо-лардың Сall-орталықтары және виртуалдық қабылдау комиссияларының тізімі http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=4410

Сондай-ақ назарларыңызға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындарының шекті балдары туралы ақпаратты ұсынамыз http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=4413&clear_cache=Y

Қосымша ақпаратты 87172-69-50-69 телефоны бойынша Ұлттық тестілеу орталығының Сall-орталығы және жоғары оқу орындарының телефондары арқылы алуға болады.

@bilim_jane_gylym
2.1K views11:29
Ашу / Түсініктеме