Get Mystery Box with random crypto!

Ағамның баласы мектеп табалдырығын биыл жаңадан аттағандар қат | batyrbloger

Ағамның баласы мектеп табалдырығын биыл жаңадан аттағандар қатарында. Жеңшем болса қызына жаны ашып, сабақтан келсе “шаршадың ба құлыным?”, деп еркелете жөнеледі.
 
“Қойыңызшы, қазіргі оқушыларға жеңше комфорт жағдай жасалған!” -, деп мен үнемі айтамын ғой деймін.
 
Расында, қазір салынып жатқан су жаңа мектептерде барлық жағдай жасалған. Әдемі сыныптар, жоғары білімді мамандар, керек десеңіз еш жерге шықпай-ақ түрлі үйірмеге мектеп қабырғасында қатыса алады. Ол азба?! Үй жұмысын да сол жерде орындап келеді ғой, шіркін!
 
Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жеткен жетістігіміз дәл осы білім саласында болып отыр.
 
Бүгінде үшінші мегаполистің өзінде кәсіпкерлер мектептің құрылысына қаржы сала бастады. Қазір Шымқала жекеменшік инвесторлардың есебінен салынып жатқан мектеп құрылысы бойынша елімізде бірінші орында тұр!
 
Иә, шаһарда мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Биылғы жаңа оқу жылының өзінде қалада 20 жаңа мектеп ашылды.
 
Тәуелсіздік жылдарында шаһарымыз білім саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Егемендіктің 30 жылдығына тарту ретінде ашылған жеке меншік мектебі де күн санап артуда. Мәселен осыдан отыз жыл бұрын үшінші мегаполисте 69 мың оқушысы бар 72 білім ошағы болса, қазір 233 мыңнан аса тәлімгер оқитын 203 мектеп болып отыр. Тіпті бұл сан тағы артары сөзсіз ғой. Себебі 2025 жылға дейін тағы 72 мектеп салу жоспарланғанын оқып қалдым.
 
Еліміздегі мақтанып айтатын жетістік осы емеспе? Сондықтан, апама қызыңыз сол жетістікті көріп, керемет жағдайда білім алуда деймін ғой) Расымен де, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім ошақтарында видео бақылау жүйесі, арнайы турникеттер, дабыл батырмасыла орнатылды! Білім ордасының материалдық-техникалық базасы нығайғаны тағы бар. Сонымен қатар жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылып, жаңа кабинеттер ашылды.  Осылайша жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі отыз үш пайызға артып отыр.
 
Қарындасым да биылғы жаңа оқу жылын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бастап отыр. Дәл осындай дамыған, білім саласында жетістікке қол жеткізген уақытта оқып жүргеніне шүкір.