Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-14 15:06:17
Рашистер бүгінгі қырғынды қалай ақтайды екен деп отыр едім.
Себебі табылыпты. Офицерлер Үйін бомбалаған екен-мыс.
Алдағы осындай бейбіт тұрғындар өлетін жағдайлардың бәріне осындай шаблон қолданып отыра бермек.

Келесі жылы талайы сотталады, біразы өздерін өлтіреді, кейбіреулері қашып үлгереді деп ойлаймын
139 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 12:32:34 Бұдан кейін ешқашан караокемен ән айтпайтынымды түсіндім
196 views09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 09:49:48 Ерекше сценарийі бар фильмдер ұнайды.
Сондайдың бірі - Парсы сабақтары (Persian lessons / Уроки фарси) фильмі.
1942 жылы неміс лагеріне түскен бельгиялық еврей жігіт өзін парсымын дейді де, бір неміс офицеріне парсы тілінен сабақ береді. Өзі білмейтін тілді өзі ойлап табады.
Сабақтары қалай жүретінін, тілді қалай ойлап табатынын енді көру керек.
#күштікино
226 views06:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 15:42:15
Мындай кола шығыпты. Алмаңдар. Онша емес дәмі. Вискиге қосылмаса, ішілмейді екен
218 views12:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 13:26:06
"Московский комсомолец" газетінің 12-14 ақпан 2022-де жүргізген сауалнамасы
https://www.mk.ru/polls/budet-li-voyna-na-ukraine.html
237 views10:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 10:39:29 Миға "жабысып" қалған әннен құтылудың жолдары

— Басқа бір әнді айтып көріңіз ішіңізден немесе басқа бір әуенді музыкалық аспап болмаса саусақтарыңызбен үстелді тарсылдатып;
— Сана мен денеңізді басқа арнаға бұрып көріңіз. Мысалы, жүгіру немесе бір жаттығулар жасау;
— Жаңағы әнді басынан соңына дейін мұқият тыңдап шығыңыз. Бәлкім әннің бір сөздері «тұрып» қалған шығар еске түспей қалып?
— Радио немесе басқа ән қосыңыз;
— Жабысқақ әнді басқа біреуге тыңдатып көріңіз. Эстафета эффекті де көмектесуі мүмкін;
— Қатты бір нәрсені тістеп, шайнап көріңіз.

Егер бұл әдістер көмектеспесе немесе жиі қайталанатын болса, психологқа барған жөн. Мұндай нәрсе әйелдерде және психологиялық обсессивтілігі бар адамдарда көбірек байқалады екен.

Айтпақшы, бүгін қай ән сізге жабысып қалды?
262 viewsedited  07:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 10:37:29 Кейде бір ән басымыздың ішінде айналып тұра береді, кетпей қояды. Жаман ән де емес, бірақ жұмыс істеуге, басқа іске толық зейін қоюға кедергі келтіреді. Қалай құтыларымызды білмей дал боламыз.

Алғашқылардың бірі болып бұл феноменді Джеймс Джей Келарис атты Цинциннати университетіндегі бір ғалым зерттеген екен. Оның айтуынша түрлі дыбыс, музыкаларды тыңдаумен айналысатын мида бір есту аймағы бар. Музыка қосылған кезде бұл аймақтың қабығы қозғалып, дыбысты қабылдай бастайды. Кейін миға бір ән естілгендей болып, жалған сигналдар түскен кезде осы қабық қайтадан қозғалып кетеді де, соңғы тыңдалған әнді қайтадан "қосады".

Дартмут колледжінде қызық эксперимент жасалыпты. Адамдарға өздеріне таныс әнді тыңдатып, кейін ортасынан тарс үзе салған кезде мидағы есту аймағы тыныштық орнаған кезде өзінен өзі қосылып, әнді мидың ішінде өзі әрі қарай "қоса" берген. Ал, таныс емес әнді қосып, кейін тоқтатқан кезде МРТ-сканер ондай толқындарды байқамаған.

Айра Хайман атты ғалымның айтуынша адамның миындағы бұл «плеерде» сүйікті әндер плейлисті болады екен. Ми қабығы яғни бостан босқа кез-келген әнді қоса бермейді, тек адамның өзіне шынымен ұнайтын әндер ғана қосылады.
401 viewsedited  07:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 10:23:27 "Қош бол деп айттын, тағы да бірдеме дедын..."
Бүгін барлық жерде мына ән жүр. Вирус болып кеткені сонша, тіліме жабысып қалды
Ақшаң болса, Тойдуманға шығара беруге болады екен ғой. Ставкадан ақша көтеріп, жинаймын да, қазақша-түрікше рэп шығарам!
260 views07:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 23:42:11 "Той думан" мына әнге неге пікір жазғызбайды? А?


43 views20:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 19:30:53 ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС

Балғын тәте туған екен екі мыңның басында,
Әр трендті үлгі етеді, қыз бойжеткен жасында.
Ақ-қараны айырмады, пропаганда құрбаны,
Тәрбиелеген ата-ана емес, ғаламтор ед(і) расында.

Санады өзін елден ерек жаңа заман ұрпағы,
"Социумда әйел қауым құл боп жүр" деп қыртады.
Насихатқа басы айналған өзі іспеттес әйелдер
Феминистік намыстарын алаңдарда жыртады.

Уақыт өте айналған ед(і) бір жыныстық нормаға,
Заманауи киноны ашса көрсетері сол ғана.
Қарсы шыққан адамдарды ит етінше жақтырмай,
Айыптады "гомофоб" деп: басы айналған догмаға.

Қарапайым сөз қолданбай сөйлейтін боп сленгпен,
Ағымменен өмір сүрді қалмау үшін трендтен.
Есейгенде еркектерді өз-өзіне жау көріп,
Туып алды, бір баланы "өзім үшін" тілекпен.

"Балғынұлы" анасының көзқарасын сіңіріп,
Ер жетеді, "заманауи трендтерге" үңіліп.
"Мама, мына Марат жігіт енді сенің келінің",-
Деп келгенде, Балғын кетті бұл өмірден түңіліп...
136 views16:30
Ашу / Түсініктеме