Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-07-21 10:37:28 Татарлар бостандық сұрап, референдумға петиция жасап жатыр!

freetatarstan.com деген сайтта толығырақ жазылған бәрі.

Сеніп қалдыңыз ба? Иә, басында мен де сеніп қалғам. Бірақ петицияның арнайы сілтеме емес, pdf файл екеніне біртүрлі болып қалғам. Кейін доменді тексерсем, Украинада тіркелгені анық жазылып тұр.

Сонда қалай болғаны? Бұны украиндер өздері істеп, өздері таратып отыр. Бұл да ақпараттық соғыс. Татарлар және басқа халықтар оянсын дейді. Ақпараттық бомбаның бір түрі.

Меніңше татарлар еркіндік алуға асыға қоймайтын сияқты. Ресейде 5 ұлттың біріккен Еділ-Орал деген қозғалысы бар. Бұл ұйымға Татарстан кірмейді. Еділ-Орал әзірше ақпараттық ортада ғана белсенді. Сайттары бірнеше тілде. Қазақша бөлімінде бірақ тек 2 жаңалық бар. https://idel-ural.org/

Алдағы жылдары Ресей ыдырайтын болса, алғаш болып осылар бастауы мүмкін. Бейбіт жолмен деп ойлаймын. Ал Кавказда қайтадан соғыс басталуы мүмкін. Ичкерия жігіттері Қадыровқа қарсы әрекет бастап жатыр. Сол жақ бірінші болып көтерілуі әбден ықтимал.
210 viewsedited  07:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 15:54:07 Психологиялық тест: Назар соқырлығы немесе қаншалықты аңғарымпазсыз?

Жазбаны оқымастан бұрын видеоны мұқият қарап шығыңыз. Ақ киімдегі қыздар бір біріне қанша пас беретінін (допты қанша рет лақтыратынын) санау керек.





Бұл тест біздің көз алдымыздағы нәрселерді қаншалықты байқамайтынымызды аңғартады. Адам бір нәрсеге қатты назар аударып отырған кезде айналасында болып жатқан басқа нәрселерді жіберіп алады.

Мысалы, сіз бір біріне доп лақтырып жатқан қыздардың арасына горилла кіргенін көрдіңіз бе? Көрген болсаңыз, есебіңізден жаңылып кеттіңіз. Ал байқамаған болсаңыз, демек санауды жалғастыра бердіңіз де, артқы перденің түсі өзгергенін және қара киімді қыздардың біреуі шығып кеткенін байқамай қалдыңыз. Бұл сіздің аңғарымпаздығыңыздың төмен екенін көрсетеді. Назар соқырлығы деп аталады екен бұл.

Мұндай нәрсе қоғамымызда жиі болып жатады. Әсіресе ақпараттық соғыс кезінде. Біз бір болмашы нәрсеге тым көңіл аударамыз да, басты, маңызды нәрселерді ұмытып кетеміз.
121 viewsedited  12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 12:58:08 "Матч алдында бәрі дұға қылады. Егер дұғаның шынымен күші бар болса, барлық матчтар тең аяқталар еді"
(с) Йохан Кройф (Аякс және Нидерланд құрамасының даңқты футболшысы)
225 viewsedited  09:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 10:55:20 #имбецилсұрақ

Клингон тілі, Пандалардың өмірі туралы деректі фильм, Шахматтан әлем чемпионатының финалы, Боб Ростың сурет сабақтары сияқты динамикасы төмен, баяу видеолар жинақталған бір сайттың қолданушыларынан бұл сайтқа не үшін кіретінін сұрасаңыздар, олар не деп жауап берер еді?
Екі сөзбен жазыңыз
59 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 10:47:24 Жаңа хиттың ремиксінен ала отырыңыздар
63 views07:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 09:34:41 Телеграмның премиумын создырмайтын болдым.
Пәлендей артықшылық көрмедім.
Алғашқы айынан кейін жазылымнан бас тартатындар көбейетін сияқты
121 views06:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 13:29:33 Қазақ тілінде тек әдемі адамдар сөйлеуі керек!
151 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 12:12:19 Бұл жыныстық сауаттылыққа арналған сайттың соңғы аптада кірген аудиториясының жас көрсеткіші.

"Мың бір сұрақ" атты жобамыз болған еді. Біраз тұрып қалды. Жақында қайтадан қосып едік. Жастар іздеу арқылы әлі тауып, кіріп жатыр екен.

Сұранысы бар маңызды тақырып. Ақпарат аз бірақ. Сондықтан материал қосқыңыз келсе, маған хабарлассаңыз болады.

Сайт адресі: https://1001surak.kz
183 views09:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:11:00
Мынау қандай тематикадағы сайттың көрсеткіштері деп ойлайсыз?
117 views08:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 09:13:09 Банк саласындағы жігіттермен кездескем. Қызық нюанстар айтты.
Мысалы несие бөліміндегілер жұрттың кішігірім қарыздарын өздері жауып тастайды екен. Тұтынушы білмей, көрмей қалатын қалдық қарыздар болады ғой? Соларды өзара ақша жинап, жаба салады екен. Өйткені оларға жабылғаны керек. Сонда бонус, сыйақылар алады.
Ал бір банк несиемді баяғыда жапсам да, ашылған картасы үшін 66 тг қарызым қалғанын ескертпепті. Ол 2 жыл бойы пенясымен 175 теңгеге жетіпті. Осылайша мен қара тізімде екенмін. Несие бермейді енді маған ешкім.
Сондай пидораздар да бар
182 views06:13
Ашу / Түсініктеме