Get Mystery Box with random crypto!

Миға 'жабысып' қалған әннен құтылудың жолдары — Басқа бір ән | ArshatGo

Миға "жабысып" қалған әннен құтылудың жолдары

— Басқа бір әнді айтып көріңіз ішіңізден немесе басқа бір әуенді музыкалық аспап болмаса саусақтарыңызбен үстелді тарсылдатып;
— Сана мен денеңізді басқа арнаға бұрып көріңіз. Мысалы, жүгіру немесе бір жаттығулар жасау;
— Жаңағы әнді басынан соңына дейін мұқият тыңдап шығыңыз. Бәлкім әннің бір сөздері «тұрып» қалған шығар еске түспей қалып?
— Радио немесе басқа ән қосыңыз;
— Жабысқақ әнді басқа біреуге тыңдатып көріңіз. Эстафета эффекті де көмектесуі мүмкін;
— Қатты бір нәрсені тістеп, шайнап көріңіз.

Егер бұл әдістер көмектеспесе немесе жиі қайталанатын болса, психологқа барған жөн. Мұндай нәрсе әйелдерде және психологиялық обсессивтілігі бар адамдарда көбірек байқалады екен.

Айтпақшы, бүгін қай ән сізге жабысып қалды?